Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Төмен температурада (80°С) бүлдіретін 5 сна дозаға дейін ВВР-К реакторында сәулелендірілген, 12Х18Н10Т болатының босату кезіндегі микроқұрылымының, қаттылығының және магниттік қасиеттерінің өзгеруі

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Цай Кира Викторовна

Ключевые слова: сталь, облучение, петли Франка

PDF жүктеу

450–950°С температуралар аралығында пост-радиациялық изохронды босатуға (1 сағат) ұшыратылған және 80°С кезінде 5 снаға дейін сәулелендірілген (ВВР-К реакторының белсенді зонасының автоматты реттеу өзегінің жадығаты) аустенитті тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының микроқаттылығы мен магниттелгендігін өлшеу арқылы жарықтүсіруші электронды микроскопия әдістерімен зерттеді. Термиялық әсердің негізінде пайда болған сәулелендірілген болаттың (black dots негізіндегі ұсақ ақаулардың және Франк ілмектерінің
ансамблі) жіңішке құрылым эволюциясының ерекшеліктері айқындалды, оларды өз кезегінде жадығаттың магниттелгендігінің шамасының өзгеруімен салыстырды. Салыстырмалы төмен температуралар (≤300°С) мен дозаларда (<20 сна) сәулелендіру кезіндегі ε→α-фазалық түрлену жүрісі үрдісінде ферромагнитті α-фазаның туындауы мүмкін, белгілі бір мөлшердегі Франк ілмектері (15–20 нм) аустенитті болаттың сәулелендіру және босатудан туындаған магнетизм индукциясының таратушысы болып табылады деген болжам жасалды.

Ұзын-көздерінің белсенділігін өлшеу және есептеу

Авторы: Котов Владимир Михайлович, Бакланова Юлия Юрьевна, Ерыгина Людмила Александровна, Супрунов Владислав Иванович

Ключевые слова: активность, распределение, излучение

PDF жүктеу

Жұмыс бұзбайтын әдіспен желілік көздерде гамма-сәулеленуші радионуклидтердің белсенділігін анықтауға арналған. Әртүрлі учаскелердің сәулелену үлесі қарапайым геометрияның көздері үшін аналитикалық есептелген. Гамма-сәулелену көзі ретінде, оның ішкі қабырғаларында радионуклидтерді бөлумен хлоратор корпусы пайдаланылды.
Үлес коэффициенттерінің есептік мағыналары, хлоратор учаскесі бойынша белсенділіктің таралуы және бөлінудің жиынтықты белсенділігінің абсолютті мағынасы алынған болатын.

Иондық және электрондық шоктармен өңдеу кезіндегі 67КН5Б қорытпасының құрылымдық-фазалық күйлерінің және микроқаттылығының өзгеруі

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович

Ключевые слова: ионная имплантация, электронно-лучевая обработка, микротвердость, сплав

PDF жүктеу

Мақалада азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің 67КН5Б қорытпаның құрылымдық-фазалық күйлеріне және микроқаттылығына әсері көрсетілген. 67КН5Б қорытпасының бетін электронды және ионды шоқтармен өндеу кезінде оның морфологиялық және элементтік құрамы озгеретіні
анықталды. Азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің нәтижесінде ниобидің беттік сегрегациясы әсерінен 67КН5Б қортпасының бетінде ұсақдисперсиялық қосылыстар түзілетіні анықталды. Иондық ендіру кезінде сәуле түсірудің дозасына байланысты микроқаттылықтың 10–50 пайызға өсуі көрсетілген. Электронды сәуледен кейін 67КН5Б қорытпа бетінің микроқаттылығы 2 есеге артқаны анықталды.

Электролитті плазма әсерімен өңделген Р6М5 болатының құрылымы мен беттік морфологиясы

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич

Ключевые слова: сталь, азотирование

PDF жүктеу

Мақалада электролитті плазмалық әсермен азоттаудың Р6М5 жылдам кескіш болатының құрылымы мен морфологиясына әсері зерттелген. Электролиттік плазмалық әсермен азоттаудан кейін Р6М5 болатының бетінде ұсақ тесіктер, микроақаулар және ұсақ дисперсті қосылыстар түзілетіндігі корсетілген. 550°С
температурада электролиттік плазмалық әсермен азоттаудан кейін Р6М5 болатының бетінде Fe4N (γ’-фаза) монофазалық нитриді бар беріктендірілген диффузиялық кабат түзілетіндігі экспериментті түрде анықталды. Азоттаудан кейін құрылымдардағы азоттың үлесі анықталған. Турлендірілген бет беттік микротегісеместікпен ерекшеленетіні анықталған.

3Hе энергиясы 50,5 МэВ кезінде 59Co ядросындағы (3Hе,xd), (3Hе,xt) және (3Hе,xα) реакциялардың қос-дифференциалдық және интегралдық қималары

Авторы: Дуйсебаев Альнур Дуйсебаевич, Дуйсебаев Бек Альнурович, Жолдыбаев Тимур Кадыржанович, Садыков Бахтияр Маденович, Исмаилов Кайрат Муратович, Мереке Алмаз

Ключевые слова: сечение реакции, спектр реакции

PDF жүктеу

Жұмыс ядролық-энергетикалық қондырғыларда жобаланатын құралымдық элементтердiң ядролар-кандидаттарында 3Hе иондарымен ынталандырылған реакциялардың инклюзивті қималарын зерттеу циклінің жалғасы болып табылады.
Энергиясы 50,5 МэВ 3Не иондарының 59Co ядросымен әрекеттесуi кезінде пайда болған (3Не,хd), (3Не,хt) және (3Не,хα) реакцияларының қос-дифференциалдық қималары алынды. Бұрыш бойынша интегралдаудан кейiн көрcетiлген реакциялардың интегралдық және парциалдық қималары анықталды. Ядролар ыдырауының экситондық моделі негiзінде эксперименттік нәтижелерді талдау, қоздырылған жүйенiң тепе-теңдiк күйге ауысуын суреттейтiн PRECO-2006 есептеу коды шеңберінде атқарылды. Тепе-теңдік алдымен бірге, құрамдық және тікелей механизмдердiң интегралдық қималарының түзілуiн қалыптастырудағы үлесі де есептелiнді. Ядролық физиканың iргелi сұрақтары үшiн де, әртүрлi қолданбалы салалар үшiн де қойылған мәселені шешудің үлкен маңызы бар, мысалы, ұзақ ғұмырлы радиоактивтi қалдықтардың ядролық трансмутациясы.

Суықтай деформацияланған тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питинглік коррозиясы

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Цай Кира Викторовна, Яровчук Алевтина Васильевна, Рубан Сергей Владимирович

Ключевые слова: сталь, коррозия, деформация, мартенсит

PDF жүктеу

Бөлме және төмендетілген (−20 және −60°С) температураларда статикалық созу арқылы деформациядан кейінгі аустениттендірілген тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питингілік коррозияға бейімділігінің зеррттеу нәтижелері келтірілген. Суықтай деформацияланған тотықпайтын болаттың жергілікті коррозияға қарсыласуы жадығаттың құрылымдық-фазалық күйін айқындайтын температура мен деформация дәрежесіне тәуелді екендігі анықталды. Деформацияның кішкене дәрежелері кезінде болаттың күйіне тұрақтандырушы ықпал жасайтын ұяшық тектес квазибиртекті дислокациялық субқұрылымның туындауы нәтижесінде коррозияның қарсыласуы жоғарылайтыны көрсетілді. Пластикалық деформацияның үлкен дәрежелері (30%-дан аса) жоғары ферромагнитті біртексіз құрылым түзілу үрдісімен қатар 12Х18Н10Т болатындағы жадығаттың коррозиялық беріктігіне теріс әсер етуші α΄-мартенсит туындайтын γ→α΄ фазалық түрленуіне басшылық етеді.

Сәулелендірілген аустенитті тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының пластикалық деформациясының шектелуі туралы

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Такиева Айжан Мусагалиевна

Ключевые слова: сталь, облучение, деформация, мартенсит

PDF жүктеу

Сәулелендірілмеген және нейтрондармен сәулелендірілген 12Х18Н10Т болат үлгілеріндегі шектелген пластикалық ағымдардың ерекшеліктері деформациялық микрокалориметрия және механикалық сынаулар әдістерін қолдану арқылы зерттелді. Мартенситті γ→α-түрленуінің өтуімен байланысты, мойын эволюциясының механизмдері айқындалды.

12C+16O реакциясын кең диапазонды энергияда зерттеу

Авторы: Буртебаев Н., Мади Г.А., Еденбаев А.Н., Кенжебеков А.С.

Ключевые слова: рассеяние, модель, материя, кластер, оптический потенциал

PDF жүктеу

Осы жұмыста 12C+16O жүйесінің серпімді шашырауының тәжірибелік деректерін екі әдіспен: қабықшасы l-тәуелді оптикалық модель бойынша және құрама әдіспен түсіндіріледі. Ұсынылған әдіс негізіндегі есептермен тәжірибелік деректер жақсы келісетіндігі айқындалды. Тәжірибелік деректерді саралаудан кең интервал
энергияда серпімді шашырау бойынша әсерлесудің оптикалық потенциалының глобальды параметрлері табылды.
Жұмыстың мақсаты 12C+16O жүйенің Еlab=15, 18, 21, 42.86, 49.28, 53.14, 56.57, 72.85, 85.71, 98.57, 111.4 МэВ энергиялардағы серпімді шашырауы бойынша тәжірибелік деректерін анығырақ түсіндіру болып табылады. Артқы бұрыштарда әсерлесудің алмасу рөлі зерттеледі. Алынған ядролық материялардың сығымдылық коэффициенті аса зор монополиялы резонанс бойынша алынған деректер шамасымен үйлеседі. Артқы жартылай сферадағы қималарды жаңғырту үшін α-кластердің берілуі ескерілді.

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігінің есептеріне арналған бағдарламалық құралдарды пайдалану

Авторы: Борисенко Александр Николаевич, Зверев Владимир Викторович, Кукушкин Сергей Михайлович, Цынгаев Виктор Максимович

Ключевые слова: проектирование, расчет, пожар

PDF жүктеу

Бұл мақалада жобалық жұмыстар жүргізу кезінде адамдарды ықтимал өрт жағдайында жобаланып жатқан ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз эвакуациялау мүмкіндігін бағалай алатын әдіс-тәсілдер келтірілген.
Эвакуациялау жолдарын бұғаттау уақытын есептеуге арналған озық құралдардың бірі болып табылатын, күрделі көпқабатты ғимараттар мен құрылыстардағы қауіпті факторлардың термогаздинамикалық параметрлерін өзгертуді бағалауға мүмкіндік беретін CFAST бағдарламалық кешені қарастырылды. «Бурабай»
геофизикалық обсерваториясының №2 әкімшілік-тұрмыстық корпусындағы осы объектінің құрылысы үшін таңдалып алынған өртке қарсы жобалық шешімдердің дұрыстығын растайтын ықтимал өртті есептеу нәтижелері көрсетілген.

Алтайдың литосферасында қысқапериодты S-толқындар жұтылу өрісінің біртекті есеместіктері және олардың сейсмикалылықпен байланысы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Кунакова Ольга Константиновна, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, литосфера

PDF жүктеу

Алтай мен Монголия және Онтүстік Сібірдің жанасқан аумақтарының литосферасында қысқапериодты S-толқындар жұтылу өрісін карталауы жүргізілген. Sn және Pn толқындардың максималь амплитудаларының
қатынасын талдауында негізделген әдісі қолданылған. Мақаншы және Ұлан-Батор станцияларымен ~300–1900 км. қашықтықтарында алынған 500 жерсілкінулердің жазбалары өңделген. Тұтасында, ауданның батыс жағында көлденең толқындардың жұтылуы шығыстағымен салыстырғанда едәуір жоғары болуы көрсетілген. Ауданның батыс жағында мантияның жоғарында қатты жұтылудың V-тәрізді жолағы көрсетілген, оған Зайсандағы 1990 жылғы (М=6.9) және Шудағы 2003 жылғы (М=7.3) жерсілкінулердің ошақтары тұсталады. Сонымен қатар, 1970 жылға дейін болған М≥7.0 қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарына көлденең толқындар шамалы жұтылуы үйлесіп келеді. Алтай ауданында, Орта Азияның басқа аудандарындағыдай, қатты жерсілкінулер алдында литосферада флюидтердің жоғары мөлшері бар зоналар қалыптастырылу туралы қорытындысы жасалған. Қатты сейсмикалық оқиғалардан кейін флюидтер бір неше десте жылдар ағымында мантияның жоғары жағынан жер қыртысына көтеріледі, бұл, Sn толқындар жұтылуын төмендетуіне келтіреді.