Рахадилов Бауыржан Корабаевич


Ғылыми дәрежесі: степень не известна

Лауазымы: начальник группы

Телефон номері: телефон номері белгісіз

Email: rakhadilov@nnc.kz

Мақалалар саны: 2

Автордың мақалалары:


Иондық және электрондық шоктармен өңдеу кезіндегі 67КН5Б қорытпасының құрылымдық-фазалық күйлерінің және микроқаттылығының өзгеруі

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович

Ключевые слова: ионная имплантация, электронно-лучевая обработка, микротвердость, сплав

Мақала жазылған ұйым: РГП «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»

PDF жүктеу

Мақалада азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің 67КН5Б қорытпаның құрылымдық-фазалық күйлеріне және микроқаттылығына әсері көрсетілген. 67КН5Б қорытпасының бетін электронды және ионды шоқтармен өндеу кезінде оның морфологиялық және элементтік құрамы озгеретіні
анықталды. Азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің нәтижесінде ниобидің беттік сегрегациясы әсерінен 67КН5Б қортпасының бетінде ұсақдисперсиялық қосылыстар түзілетіні анықталды. Иондық ендіру кезінде сәуле түсірудің дозасына байланысты микроқаттылықтың 10–50 пайызға өсуі көрсетілген. Электронды сәуледен кейін 67КН5Б қорытпа бетінің микроқаттылығы 2 есеге артқаны анықталды.

Электролитті плазма әсерімен өңделген Р6М5 болатының құрылымы мен беттік морфологиясы

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич

Ключевые слова: сталь, азотирование

Мақала жазылған ұйым: Восточно-Казахстанский государственный технический университет им. Д. Серикбаева

PDF жүктеу

Мақалада электролитті плазмалық әсермен азоттаудың Р6М5 жылдам кескіш болатының құрылымы мен морфологиясына әсері зерттелген. Электролиттік плазмалық әсермен азоттаудан кейін Р6М5 болатының бетінде ұсақ тесіктер, микроақаулар және ұсақ дисперсті қосылыстар түзілетіндігі корсетілген. 550°С
температурада электролиттік плазмалық әсермен азоттаудан кейін Р6М5 болатының бетінде Fe4N (γ’-фаза) монофазалық нитриді бар беріктендірілген диффузиялық кабат түзілетіндігі экспериментті түрде анықталды. Азоттаудан кейін құрылымдардағы азоттың үлесі анықталған. Турлендірілген бет беттік микротегісеместікпен ерекшеленетіні анықталған.