Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Ядролық мониторингтің инфрадыбыстық станцияларындағы Шұбар Көл метеориттің жазбаларын талдау

Авторы: Дубровин Виталий Игоревич, Смирнов Александр Александрович

Ключевые слова: метеорит, взрыв

PDF жүктеу
2013 жылғы 15 ақпанда Қазақстанның сейсмикалық және инфрадыбыстық станциялар желісі Челябинск қ. ауданында болид жарылысынан сигналдарын жазып алған. Инфрадыбыстық станциялардың жазбалары бойынша болид жарылысынан сигналдары айқындалған және зерттелген, қөзге көрінетін жылдамдықтары, жиіліктік жолағы, сигнал түсу азимуты анықталған. Сейсмикалық станциялары бойынша дыбыстық толқыны Жерге соғылу уақыты мен орны, сейсмикалық оқиғаның магнитудасы белгіленген. Бұл оқиға 1908 ж. Тунгус метеориті құлаудан кейін құлау күші бойынша екіншісі болып табылатыны көрсетілген.

Медеуде сел тасқынынан қорғау бөгетін жасау үшін жүргізілген жарылыстардың тарихи сейсмикалық жазбалары

Авторы: Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: взрыв, сейсмограмма

PDF жүктеу
Медеуде бөгетті салу үшін жүргізілген жарылыстардың сипаттамалары (1966 ж. 21 қазан, 1967 ж. 14 сәуір және 1973 ж. 20 қараша), Алматы қ. осы жарылыстардың макросейсмикалық көріністері туралы мәліметтер, сондайақ Орталық Азияда бөгеттің құрылысын жүргізу кезінде қуатты өнеркәсіп және зерттеу жарылыстарымен салыстырғандағы сейсмикалық әсер қарастырылды. Тарихи мұрағаттық сейсмограммалар негізінде құрылған жақын және аймақтық арақашықтағы негізгі аймақтық фазалардың годографы, сондай-ақ Алматы қ. маңындағы Солтүстік Тянь-Шань ауданы үшін жиынтық годограф суреттелді. Қырғызстанда 2009 ж. 22 желтоқсанда болған қуатты Қамбар ата жарылысының жазбалары бойынша құрылған годографпен салыстыру жүргізілді. Алынған нәтижелер сейсмикалық оқиғаларды оқшаулауды жақсарту үшін және Алматы қ. ерте ескерту жүйесін моделдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Воронеж кристалл массиві жағдайында техногенді сейсмикалық оқиғалардың энергетикалық классын бағалау

Авторы: Дубянский А.И., Ефременко М.А., Пивоваров С.П., Дубянский А.И.

Ключевые слова: взрыв, техногенное воздействие, Воронеж, кристаллический массив

PDF жүктеу
Воронеж кристалл массиві аумағындағы техногенді сейсмикалық оқиғалардың энергетикалық классының мәндері таралуын талдау нәтижелері келтірілген. Бір оқиғалардың энергетикалық классының мәндері қашықтығына байланысты өзгерілетіні анықталған. Энергетикалық классы өзгерілу ауқымы 2 ретін құрайды да негізінде көлденең толқындардың амплитудаларына тәуелді. 

Инфрадыбыстық желісі мен жел модельдерін пайдаланып мұхиттің шу аясының сипаттамасы мен модельдеуі

Авторы: Де Карло М., Ле Пишон А., Де Карло М., Ардуин А., Нэшолм С.П.

Ключевые слова: взрыв, атмосфера, инфразвуковая сеть

PDF жүктеу
Халықаралық мониторинг жүйесі (ХМЖ) атмосфералық жарылыстар мен тәрізді оқиғаларды айқындауына пайдаланылады. Зерттелудегі жиіліктер жолағында шу аясы табылған оқиғасына әсерін тигізу мүмкін, ерекшелігінде, микробаромдар ретінді белгілі болатын мұхиттің шулы аясы. Мұхиттағы толқындардың өзара әрекеттестігі акустикалық шуды тұрақты өңдіріп тұрады, бұл қызықтыратын сигналдарды жасыру мүмкін. Сондай шудың ықпалы ол таралу трассасы бойындағы атмосфералық жағдайларына байланысты. IFREMER океанографиялық институтымен (Франция) әзірленген мұхит толқындарының өзара әрекеттестігі моделін және, ECMWF (Ауаны ортамерзімдік болжау еуропалық орталығы) беріп тұратын, жаһандық атмосфералық модельдердің әсерлерін есепке ала отырып, авторлар бақылаудың әр түрлі модельдерінде микробаромдардың амплитудалары мен азимуттарын салыстырады. Бұл зерттеу атмосфера мен мұхиттің өзара әрекеттестігінің сипаттамаларын жақсартады деп күтілуде. Өз кезегінде, микробаромдар көздері туралы білімдерді арттыруы атмосфералық жарылыс оқиғаларды одан жақсы сипаттауына мүмкіншілік береді.