Іздеу параметрлерін таңдаңыз


«ИВГ.1М зерттеу реакторының конверсиясы аясында төмен байытылған отыны бар сумен салқындатылатын технологиялық каналдардың реакторлық сынақтары» мақаласына

Авторы: Скаков М.К., Вурим А.Д., Гныря В.С., Азимханов А.С., Колбаенков А.Н., Дербышев И.К., Нуржанов Е.Б.

Ключевые слова: ИВГ 1.M, исследовательские реакторы, низкообогащенное топливо

PDF жүктеу
Каналдарға қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және штаттық каналдардың партиясын жасау туралы және сынақтар мен зерттеулердің нәтижелері бойынша реактордың активтік аумағын жинақтау туралы шешім қабылдау үшін қажетті эксперименттік мәліметтерді алу мақсатында ИВГ.1М зерттеу реакторында төмен байытылған уран отыны бар эксперименттік сумен салқындатылатын технологиялық каналдарды реакторлық сынау жүргізілуде. Осы мақалада төмен байытылған уран отыны бар эксперименттік сумен салқындатылатын технологиялық каналдарды реакторлық сынауды жүргізген уақытындағы технологиялық параметрлердің (шығыны, қысымы, температурасы) салыстырмалы бағасының нәтижелері және ИВГ.1М зерттеу реакторының жүзеге асырылған іске қосулары бойынша төмен байытылған уран отыны бар эксперименттік сумен салқындатылатын технологиялық каналдарда U235 жанып біту есебінің нәтижелері келтірілген.