Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Иондық және электрондық шоктармен өңдеу кезіндегі 67КН5Б қорытпасының құрылымдық-фазалық күйлерінің және микроқаттылығының өзгеруі

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович

Ключевые слова: ионная имплантация, электронно-лучевая обработка, микротвердость, сплав

PDF жүктеу

Мақалада азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің 67КН5Б қорытпаның құрылымдық-фазалық күйлеріне және микроқаттылығына әсері көрсетілген. 67КН5Б қорытпасының бетін электронды және ионды шоқтармен өндеу кезінде оның морфологиялық және элементтік құрамы озгеретіні
анықталды. Азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің нәтижесінде ниобидің беттік сегрегациясы әсерінен 67КН5Б қортпасының бетінде ұсақдисперсиялық қосылыстар түзілетіні анықталды. Иондық ендіру кезінде сәуле түсірудің дозасына байланысты микроқаттылықтың 10–50 пайызға өсуі көрсетілген. Электронды сәуледен кейін 67КН5Б қорытпа бетінің микроқаттылығы 2 есеге артқаны анықталды.

12Х18Н10Т, AISI 316 және AISI 304 аустениттік тоттанбайтын болаттардағы ионды-индукцияланған құрылымдық-фазалық түрленулер

Авторы: Верещак М.Ф., Манакова И.А., Бедельбекова К.А., Озерной А.Н., Бедельбекова К.А., Дегтярева А.С.

Ключевые слова: ионная имплантация, спектроскопия, рентгеновский дифракционный анализ, радиационные повреждения

PDF жүктеу

Осы жұмыста конверсиялық электрондар мессбауэрлік спектроскопия, рентгенография және сканерлеуші микроскопия әдістерін қолдана отырып, 12Х18Н10Т, AISI 316 және AISI 304 аустениттік тоттанбайтын болаттардағы ионды-индукцияланған құрылымдық-фазалық түрленулерге зертттеулер жүргізілді. AISI 304 және AISI 316 тоттанбайтын болаттардағы мессбауэрлік атомдардың электрондық құрылымының айырмашылығы жоқ екені анықталды. Демек, AISI 316 болаттағы 57Fe жақын ретіне молибден ықпал етпейді. AISI 316 болатқа (57Fe) меншікті атомдарын енгізу AISI 304 және 12Х18Н10Т болатпен болған жағдайдағы сияқты мартенситтік түрлендірулерге алып келеді. Осы үш болаттың ішінде ионды-индукцияланған құрылымдық-фазалық түрленулерге ең тұрақты AISI 316 болат болып шықты.