Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Солтүстік Курилдер және Камчатка аудандарында сейсмикалылықтың жаңа сақиналы құрылымдары

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение

PDF жүктеу

Солтүстік Курилдер мен Камчатканың үш аймақтарында сейсмикалылықтың кеңістік-уақыттық сипаттамалары қарастырылуда. Бұрын бұл аймақтарда, тереңдіктің екі ауқымында – 0–33 және 34–70 км., 1973 ж. 01.01 – 2009 ж. 01.01 кезеңінде қалыптастырылған сейсмикалылықтың сақиналы құрылымдары айқындалған. Соңғы 4.5 жыл ішінде сейсмикалылықтың кейбір құрылымдары, бірінші кезегінде N 52° және 53° арасындағы аймағында, едәуір өзгерілгені көрсетілген. Тәрізді өзгерістер кейбір қатты және өте қатты жерсілкінулер алдында субдукцияның басқа зоналарында байқалған. Бұл, қарастырылудағы аймақтарда, қатты жерсілкінулер дайындалуда болуын жорамалдауына негізін береді.

Онтүстік Азиядағы екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында S-толқындар жұтылу өрісінің сипаттамалары және олардың сейсмикалылықпен байланысы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, литосфера, афтершок

PDF жүктеу
Онтүстік Азиядағы (Кашмир, 2005 ж. 01-08-і, Mw=7.6 және Бхудж, 2001 ж. 01.26-сы, Mw=7.7) екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында қысқапериодты толқындар жұтылу өрістері мен сейсмикалылықтардың сипаттамалары зерттеледі. AAK (Кырғызстан) және NIL (Пакистан) станциялардың жазбалары бойынша Sn және Pn толқындардың амплитудаларының қатынасын талдауында негізделген әдісі қолданылған. Кашмирдің тақта арасындағы және Бхудждің тақта ішіндегі жерсілкінулердің ошақ зоналарында литосферада S-толқындар тиісті қатты және әлсіз жұтылуы көрсетілген. Қашмир жерсілкінуі алдында (Бхудж жерсілкінуі айырмашылығына) сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылған. Одан басқа, Кашмир жерсілкінуінен кейін, Бхудждағыдан кейін болғандарына қарағанда, М≥5.0 афтершоктар бір неше рет көп болғаны тіркелген. Жұтылу өрісі мен сеймикалылықтың үлкен вариациялары, зерттелудегі екі ошақ зоналардың литосферасында тереңдегі флюидтердің мөлшерінде үлкен айырмашылығына байланысты болуы жорамалдануда.

Рақ оқшаулауына әлеуетті жарамды Ақбота учаскесі үшін сынамалы геоақпараттық жүйесін жасау

Авторы: Гаджимагомедова Маргарита Геннадьевна, Яковенко Алексей Михайлович

Ключевые слова: геоинформационные системы (ГИС), радиоактивные отходы (РАО)

PDF жүктеу
Жиналған деретері негізігде Ақбота-Батыс учаскесі үшін жасалған ГАЖ сынамалы нұсқасы сипатталады. ГАЖ құрылымын әзірлеуінде, қабаттарын толтыруында және тестілеуінде, бір неше жылдардың зерттеулерін жүйеге келтіруіне, қолдағы деректерді пайдаланудың жеделдігін жоғарылатуына және әр түрлі әдістерді – статистикалық өңдеу, сүзу ж.б. – қолдану арқасында далалық өлшеулердің нәтижелерін одан толық пайымдауына мүмкіншілік берген сынамалы нұсқаның жұмыс қабілеттілігі мен пайдасы расталған.

Ядролық мониторингтің инфрадыбыстық станцияларындағы Шұбар Көл метеориттің жазбаларын талдау

Авторы: Дубровин Виталий Игоревич, Смирнов Александр Александрович

Ключевые слова: метеорит, взрыв

PDF жүктеу
2013 жылғы 15 ақпанда Қазақстанның сейсмикалық және инфрадыбыстық станциялар желісі Челябинск қ. ауданында болид жарылысынан сигналдарын жазып алған. Инфрадыбыстық станциялардың жазбалары бойынша болид жарылысынан сигналдары айқындалған және зерттелген, қөзге көрінетін жылдамдықтары, жиіліктік жолағы, сигнал түсу азимуты анықталған. Сейсмикалық станциялары бойынша дыбыстық толқыны Жерге соғылу уақыты мен орны, сейсмикалық оқиғаның магнитудасы белгіленген. Бұл оқиға 1908 ж. Тунгус метеориті құлаудан кейін құлау күші бойынша екіншісі болып табылатыны көрсетілген.

Георадиолокация: ССП учаскелерінде және инженерлік-геологиялық зерттеулерінде қолдану тәжірибесі

Авторы: Лисаевич Александр Викторович, Фролов Замир Насикович

Ключевые слова: электроразведка, георадиолокация

PDF жүктеу
ССП-дағы Балапан, Тәжірибелік алаңы, Дегелең учаскелердің жағдайларын инженерлік-геологиялық және геоэкологиялық зерделеу және электрбарлаудың осы әдісінің ақпарттылық мүмкіншіліктерін бағалау үшін георадиолокацияны қолданудың әдістемелері мен нәтижелері сипатталған.

Кемин апатына 100 жыл: ошағы туралы жаңа деректері

Авторы: Мукамбаев Айдын Серикович, Михайлова Наталья Николаевна

Ключевые слова: землетрясение

PDF жүктеу
1911 жылғы Кемин апатты жерсілкінудің ошағы параметрлеріне қатысты жаңа деректері жтналып қорытылған, соның ішінде жаңалары. Қазақстан жерсілкінулері каталогтарында осы оқиғаның магнитудасы арттырылып жазылғаны анықталған. Глобаль және аймақтық каталогтарда эпиорталығы орналасуында айырмашылықтары айқындалған. Осы жерсілкінуді зерделеу нәтижелерін сейсмикалық аудандау және маңызды объетілерге сейсмикалық әсерлерін болжамдау жұмыстарында есепке алу тиіс.

Қазақстан Республикасындағы ядролық материалдарды есепке алу және бақылау саласындағы құқықтық реттеу

Авторы: Умархалинова А.Ж., Тулегенов М.Ш., Нуртазина Э.Р., Бейсебаев А.О.

Ключевые слова: МАГАТЭ, учет и контроль ядерных материалов, правовая основа, регулирующий орган, Республика Казахстан

PDF жүктеу

Бұл жұмыста Қазақстан Республикасындағы ядролық материалдарды есепке алу және бақылау саласындағы құқықтық реттеуі қарастырылған. Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы заңдары мен нормативтік актілері талданады. Республикада атом энергиясын пайдалануға арналған қолданыстағы ядролық қондырғылар мен объектілердің тізімі келтірілген.

Ықтимал қауіптілігіне байланысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық негізге, сондай-ақ бейбіт мақсат- тарда ғана қолдануға болатын қосарлы мақсаттағы материалдар мен технологиялардың болуына ерекше назар аударылды.

1995 жылы 11 тамызда күшіне енген ядролық қаруды таратпау туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы келісімге байланысты халықаралық кепілдік- терді қолдану қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің бөлімі ретінде атом энергетикасы және электр энергети- касы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметі талданады.

Қазақстандағы көмір құрамында кездесетін минералдарды мессбауэрлық зерттеу

Авторы: Верещак М.Ф., Манакова И.А., Шоканов А.К.

Ключевые слова: ядерная гамма-резонансная спектроскопия, рентгеновский дифракционный анализ, рентгенофлуоресцентный анализ, уголь

PDF жүктеу

Ядролық гамма-резонанстық спектроскопия (МС), рентгендік дифракция (РДА) және рентгенфлуоресценттік талдау (РФТ) әдістері арқылы Қазақстанның Екібастұз, Шұбаркөл және Қаражыра кен орындарындағы көмірді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Көмірдегі темір екі- және үшвалентті күйлерде болатындығы анықталды. Еківалентті темір сидерит минералын FeCO3, ал үшвалентті темір – пирит минералын FeS2 қалыптастырады. Көмірді жаққан кезде, ~500 °С температурада пирит те, сидерит те Fe, күкірт тотығына SO2 және көміртектің қостотығына CO2 ыдырайды. Көмірді жағу процесі жоғары температуралар жағдайында жүргізіледі, сондай-ақ бұл процесс барысында ферро- және ценосфералар құрамында жаңадан түзілген – магнетит Fe3O4, гематит α- Fe2O3, муллит Al6Si2O3, герценит FeAl2O4 минералдары бар күл түзіледі.

12Х18Н10Т, AISI 316 және AISI 304 аустениттік тоттанбайтын болаттардағы ионды-индукцияланған құрылымдық-фазалық түрленулер

Авторы: Верещак М.Ф., Манакова И.А., Бедельбекова К.А., Озерной А.Н., Бедельбекова К.А., Дегтярева А.С.

Ключевые слова: ионная имплантация, спектроскопия, рентгеновский дифракционный анализ, радиационные повреждения

PDF жүктеу

Осы жұмыста конверсиялық электрондар мессбауэрлік спектроскопия, рентгенография және сканерлеуші микроскопия әдістерін қолдана отырып, 12Х18Н10Т, AISI 316 және AISI 304 аустениттік тоттанбайтын болаттардағы ионды-индукцияланған құрылымдық-фазалық түрленулерге зертттеулер жүргізілді. AISI 304 және AISI 316 тоттанбайтын болаттардағы мессбауэрлік атомдардың электрондық құрылымының айырмашылығы жоқ екені анықталды. Демек, AISI 316 болаттағы 57Fe жақын ретіне молибден ықпал етпейді. AISI 316 болатқа (57Fe) меншікті атомдарын енгізу AISI 304 және 12Х18Н10Т болатпен болған жағдайдағы сияқты мартенситтік түрлендірулерге алып келеді. Осы үш болаттың ішінде ионды-индукцияланған құрылымдық-фазалық түрленулерге ең тұрақты AISI 316 болат болып шықты.

Кадмий экраны бар сәулелендіру құрылғысында нейтрондар ағынының тығыздығын биіктігі бойынша таралуын зерттеу

Авторы: Айткулов М., Дюсамбаев Д., Гизатулин Ш., Кенжин Е., Романова Н., Шаймерденов А., Каназава Х., Кавамура Х., Ота А.

Ключевые слова: реактор ВВР-К, кремний, облучательное устройство

PDF жүктеу
Зерттеу реакторларының белсенді аймағы мен сәулелендіру каналдарындағы нейтрондар өрісі таралуының әркелкілігі (биіктігі бойынша және радиалдық) жартылай өткізгіштерді нейтрондық-трансмутациялық қоспалау кезінде шешілуі қажетті маңызды міндеттердің бірі болып табылады. 2017 жылдан бастап ҚР Алматы қаласы Ядролық Физика Институтының сындық стендінде Chiyoda Technol Corporation (Жапония) бірлесе отырып биіктіктегі әркелкілікті максималды түрде түзетуге мүмкіндік тудыратын сәулелендіру құрылғысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда әзірленген құрылғы биіктіктегі әркелкілікті 18%-дан 4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы жұмыста нейтрондар өрісі тығыздығының биіктік бойынша таралуын өлшеу және сындық стендте қойылған эксперименттердің нәтижелері ұсынылған. Жылулық нейтрондарды жұту үшін кадмий пайдаланылды. Сәулелендіру құрылғысы қалыңдығы 0,5 мм және биіктігі 3 мм-ден 5 мм-ке дейін жететін кадмий жолақтарынан құралған кадмий экранынан тұрады. Кілт сөздер: ССР-Қ реакторы, кремний, сәулелендіру құрылғысы.