ИГР РЕАКТОРЫНДАҒЫ ЭНЕРГИЯ БӨЛІНУІНІҢ ҚҰРАУШЫ КОМПОНЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-3-142-150
Аңдатпа
Мақалада ИГР импульстік зерттеу реакторының активті аймағындағы энергия бөлінудің лездік және кешігетін құрамдастары арасындағы байланысты зерттеу нәтижелері келтірілген. MCNP6 бағдарламалық кодын пайдаланып, лездік және кешігетін энергия бөлінудің жоғары статистикалық дәлдіктегі есептеулер сериясы орындалды. Активті аймақ пен рефлектордың барлық колонналары мен блоктары бойынша энергия бөлінудің кеңістіктік таралуы туралы егжей-тегжей деректер алынды. Құрамдастар арасындағы байланысты сандық бағалау үшін Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті қолданылды. Оның мәні зерттелген барлық колонналар үшін 0,98-ден асып, құрамдастар арасында монотонды статистикалық байланыстың бар екенін көрсетті. Логарифмдік масштабта ең кіші квадраттар әдісімен сегіз колонна типі үшін дәрежелік аппроксимациялық тәуелділіктің параметрлері анықталды; детерминация коэффициенті R² 0,97-ден жоғары болуы модельдердің дұрыстығын растайды. Анықталған корреляциялық байланыс себеп-салдарлық тәуелділіктің дәлелі емес, ол екі құрамдастың да қалыптасуына ортақ нейтрондық өрістің бірлескен әсерін көрсететіні атап өтіледі. Кешігетін құрамдасты тікелей есептеуді талап ететін дәстүрлі тәсілден айырмашылығы, әзірленген реконструктивті тәсіл ұсынылған аппроксимациялық тәуелділіктерді пайдалана отырып, кешігетін энергия бөлінуді лездік құрамдас бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер эксперименттік конфигурацияларды көпнұсқалы талдау кезінде нейтрондық-физикалық есептеулерді жеделдету үшін, сондай-ақ реакторлық зерттеулерге арналған байланыстырылған модельдеу әдістемелерін әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін.
Авторлар туралы
Д. Т. ЖеңісҚазақстан
Дана Тоқтасынқызы Жеңіс
Курчатов
О. М. Жанболатов
Қазақстан
Курчатов
Н. Е. Мухамедов
Қазақстан
Курчатов
Р. А. Иркимбеков
Қазақстан
Курчатов
Г. А. Витюк
Қазақстан
Курчатов
Әдебиет тізімі
1. Жанболатов О.М., Иркимбеков Р.А. Особенности расчета мощности элементов экспериментального устройства для реакторных испытаний на игр. Вестник НЯЦ РК. 2020;(2):55-60. https://doi.org/10.52676/17297885-2020-2-55-60
2. Ruslan A. Irkimbekov, Vladimir A. Vityuk, Galina A. Vityuk, Olzhas M. Zhanbolatov, Artur S. Surayev, Yuri A. Popov, Andrey N. Kotlyar Development of a new computational support tool for experiments in the impulse graphite reactor // Nuclear Engineering and Design 2025, 443, 114278, https://doi.org/10.1016/j.nucengdes.2025.114278.
3. Vurim A.D., et al. The IGR reactor research capabilities // Annals of Nuclear Energy.– 2018.– Vol. 113.– P. 126–132.
4. MCNP-6.1 Monte-Carlo N-Particle Transport Code: Los Alamos National Laboratory.
5. Chadwick M.B. et al. ENDF/B-VII.1 Nuclear Data for Science and Technology: Cross Sections, Covariances, Fission Product Yields and Decay Data. Nuclear Data Sheets. 2011. Vol. 112, No. 12. P. 2887–2996. DOI:10.1016/j.nds.2011.11.002.
6. Спирмен Ч. Доказательство и измерение связи между двумя вещами // Американский журнал психологии. – 1904. – Т. 15, № 1. – С. 72–101. DOI: 10.2307/1412159.
7. Дрейпер Н., Смит Г. Прикладной регрессионный анализ. – М.: Вильямс, 2016. – 912 с.
8. Кобзарь А.И. Прикладная математическая статистика. – М.: Физматлит, 2006. – 816 с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жеңіс Д.Т., Жанболатов О.М., Мухамедов Н.Е., Иркимбеков Р.А., Витюк Г.А. ИГР РЕАКТОРЫНДАҒЫ ЭНЕРГИЯ БӨЛІНУІНІҢ ҚҰРАУШЫ КОМПОНЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ. ҚР ҰЯО жаршысы. 2026;(3):142-150. https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-3-142-150
For citation:
Zhengis D.T., Zhanbolatov O.M., Mukhamedov N.Ye., Irkimbekov R.A., Vityuk G.A. A STUDY OF THE CORRELATIONS AMONG THE COMPONENTS OF ENERGY RELEASE IN AN IGR REACTOR. NNC RK Bulletin. 2026;(3):142-150. (In Russ.) https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-3-142-150
JATS XML









