Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу

СҰЙЫҚ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ (СРҚ) СҰЙЫҚ ЕМЕС КҮЙГЕ КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ СОРБЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-1-36-42

Толық мәтін:

Аңдатпа

1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен БН-350 реактор қондырғысын (РҚ) пайдаланудан шығару туралы шешім қабылданды. Реакторды пайдаланудан шығару тұжырымдамасы үш негізгі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде реакторды қауіпсіз күйге келтіру, екінші кезеңде ұзақтығы шамамен 50 жыл болатын сақтауды қамтамасыз ету, ал үшінші кезеңде ғимараттар мен құрылыстарды бұзу және нәтижесінде пайда болған радиоактивті қалдықтарды көму көзделген .Пайдаланудан шығару жұмыстарының бірінші кезеңінде пайдаланылған ядролық отынды ұзақ мерзімді сақтауға орналастыру, жылутасымалдағышпен, сұйық және қатты радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз сақтауға дайындау қарастырылған. Реакторды пайдалану кезеңінде жинақталған сұйық радиоактивті қалдықтар (СРҚ) қазіргі уақытта арнайы сақтау ыдыстарында орналастырылған.Аталған ыдыстардың пайдалану мерзімінің ұзақ болуына және олардың герметикалығының бұзылу тәуекеліне байланысты СРҚ-ны сұйық емес (қатты немесе гель тәріздес) күйге келтірудің тиімді әдістерін әзірлеу өзекті ғылыми-техникалық міндеттердің бірі болып табылады. Мұндай әдістер ықтимал авариялық жағдайларда да радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. СРҚ-ны сұйық емес күйге келтірудің перспективалы тәсілдерінің бірі – сұйық қалдықтарды тиімді оқшаулайтын және радионуклидтердің миграциясын шектейтін сорбциялық материалдарды қолдану болып табылады [1–4].

Осы мақалада сұйық радиоактивті қалдықтарды сұйық емес күйге келтіру мақсатында өндірушілер ұсынатын әртүрлі материалдардың сорбциялық қасиеттерін анықтау әдістемесі қарастырылған. Өнеркәсіптік және тәжірибелік үлгідегі бірқатар сорбенттердің сорбциялық сипаттамаларын зерттеу нәтижелері ұсынылып, СРҚ- ның модельдік ерітінділерімен өзара әрекеттесуі кезінде олардың тиімділігіне баға берілген.

Авторлар туралы

Ә. Д. Ноқанова
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы
Қазақстан

инженер лаб.232, магистрант

Курчатов



О. С. Букина
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы; «Шәкәрім университеті» КеАҚ
Қазақстан

Курчатов

Семей



Ю. Ю. Бакланова
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы
Қазақстан

Курчатов



Е. Т. Коянбаев
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы
Қазақстан

Курчатов



В. В. Бакланов
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы
Қазақстан

Курчатов



Әдебиет тізімі

1. Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріккен конвенция жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық баяндамасы. – Астана, 2014. – 123 б.

2. БН-350 РҚ-ның сұйық радиоактивті қалдықтарын сорбенттерді пайдалана отырып, сұйық емес күйге келтіру мүмкіндігін негіздеуді зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. – Курчатов, 2024. – 217 б.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің БН-350 реакторын пайдаланудан шығару туралы қаулысы. – Астана, 1999. (ұлттық нормативті құжат)

4. International atomic energy agency. Decommissioning of Nuclear Power Plants and Research Reactors. Safety Standards Series No. WS-G-2.1. – Vienna: IAEA, 1999. – 9 p.

5. Abdel Rahman R.O., Ibrahium H.A., Hung Y.-T. Liquid radioactive wastes treatment: A review // Water. – 2011. – Vol. 3(2). – P. 551–565.

6. Wang J., Chen C. Sorption of radionuclides by inorganic materials // Journal of Hazardous Materials. – 2012. – Vol. 209–210. – P. 119–122.

7. Zou S. [et al.] Risk analysis of high-level radioactive waste storage tank based on HAZOP // Annals of Nuclear Energy. – 2018. – Vol. 119. – P. 106–116.

8. Milyutin V. V., Nekrasova N. A., Kaptakov V. O. Modern sorption materials for cesium and strontium radionuclide extraction from liquid radioactive waste // Radioactive Waste. – 2020. – No. 4(13). – P. 80–89.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ноқанова Ә.Д., Букина О.С., Бакланова Ю.Ю., Коянбаев Е.Т., Бакланов В.В. СҰЙЫҚ РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ (СРҚ) СҰЙЫҚ ЕМЕС КҮЙГЕ КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ СОРБЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ. ҚР ҰЯО жаршысы. 2026;(1):36-42. https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-1-36-42

For citation:


Nokanova A.D., Bukina O.S., Baklanova Yu.Yu., Koyanbayev Ye.T., Baklanov V.V. DETERMINATION OF SORPTION CHARACTERISTICS OF MATERIALS FOR THE TRANSFORMATION OF LIQUID RADIOACTIVE WASTE INTO A NON-FLOWABLE STATE. NNC RK Bulletin. 2026;(1):36-42. (In Kazakh) https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-1-36-42

Қараулар: 231

JATS XML


ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)