Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу

БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ ШАҒЫН МОДУЛЬДІ РЕАКТОРЛАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ӘЛЕУЕТІ

https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-1-106-116

Толық мәтін:

Аңдатпа

Атом энергетикасын дамыту – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың орнықты дамуын қолдау бағытындағы стратегиялық міндеттердің бірі. Бұл мақсат Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқын көрсетілген.

Ресурстық базаның, ядролық отын циклі өндірісінің бар екенін және алға қойылған көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу мақсатын ескере отырып, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асыру басталды.

Қазақстанның энергетика жүйесі үш аймақтан тұрады – Солтүстік, Оңтүстік және Батыс. Оның ішінде Батыс аймағы Қазақстанның Біртұтас энергетика жүйесінен (БЭЖ) оқшау түрде жұмыс істейді. Батыс аймағының энергетикалық балансына жүргізілген талдау бұл өңірде қуаты 300 МВт-қа дейінгі энергоблоктарды қолданудың тиімді екенін көрсетеді. Бұл электрмен жабдықтаудың үздіксіздігін және энергия жүйесінің орнықты жұмысын қамтамасыз етеді.

Мақалада Батыс аймағының энергетика жүйесін мысалға ала отырып, Қазақстанда шағын модульді реакторлар (ШМР) негізінде атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану жобаларын іске асырудың негізділігі мен тиімділігі қарастырылады.

Бұл жұмыста Батыс аймағының электрмен жабдықталу жағдайына талдау жасалып, қуат және электр энергиясының баланстары, қуатты беру схемаларының нұсқалары әзірленді, электрлік есептеулер жүргізілді, релелік қорғау мен аварияға қарсы автоматика қағидаттары әзірленді, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, электр желілерін салу көлемі мен күрделі қаржы жұмсалымының шамамен алынған көлемі айқындалды.

Авторлар туралы

Т. М. Жантикин
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
Қазақстан

Астана



А. О. Сиябеков
««Қазақстандық атом станциялары»» ЖШС
Қазақстан

Астана



А. Т. Торгаев
««Қазақстандық атом станциялары»» ЖШС
Қазақстан

Астана



Н. А. Карджаубаев
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Қазақстан

Астана



М. К. Мукушева
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК
Қазақстан

Курчатов



М. Б. Солдатова
«Энергия ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» АҚ
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Указ Президента Республики Казахстан «О концепции по переходу Республики Казахстан к “зеленой экономике”» от 30 мая 2013 года № 577.

2. Приказ Министерства энергетики Республики Казахстан № 44 от 30 января 2023 года «Об утверждении Энергетического баланса Республики Казахстан до 2035 года».

3. Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 247 «Об утверждении Перспективной схемы размещения электрических мощностей до 2035 года» (с изменениями от 28.08.2024 г.)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жантикин Т.М., Сиябеков А.О., Торгаев А.Т., Карджаубаев Н.А., Мукушева М.К., Солдатова М.Б. БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ ШАҒЫН МОДУЛЬДІ РЕАКТОРЛАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ӘЛЕУЕТІ. ҚР ҰЯО жаршысы. 2026;(1):106-116. https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-1-106-116

For citation:


Zhantikin T.M., Siyabekov A.O., Torgaev A.T., Kardzhaubaev N.A., Mukusheva M.K., Soldatova M.B. THE ROLE AND POTENTIAL OF SMALL MODULAR REACTORS IN THE DEVELOPMENT OF THE WESTERN KAZAKHSTAN ENERGY SYSTEM. NNC RK Bulletin. 2026;(1):106-116. (In Russ.) https://doi.org/10.52676/1729-7885-2026-1-106-116

Қараулар: 205

JATS XML


ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)