- » Мақсаттар мен міндеттер
- » Журнал бөлімдері
- » Мерзімділік
- » Еркін қолжетімділік саясаты
- » Рецензиялау
- » Ғылыми жарияланымдардың этикасы
- » Құрылтайшылар
- » Жариялау үшін төлем
- » Жария ету саясаты және мүдделер қақтығысы
- » Қайталау және плагиат
- » Препринттер мен постпринттерді орналастыру саясаты
- » Мақалаларды қайтарып алу және түзету, түзетулерді, кешірім жасауды, теріске шығаруды жариялау
Мақсаттар мен міндеттер
Журналдың мақсаты – қазақстандық және халықаралық ғылыми қоғамдастыққа физика, экология, ядролық қару мен материалдарды таратпау, атом энергетикасы, басқарылатын термоядролық синтез және ғылымды қажетсінетін технологиялар бойынша зерттеулердің өзекті нәтижесі туралы ақпарат беру.
Журнал озық ғылыми-техникалық білімді жинақтауға және ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін тиімді әрі қолжетімді ақпараттық ресурс ретінде қызмет етуге, біліммен, идеялармен және зерттеу нәтижесімен алмасу үшін әртүрлі саладағы ғалымдар мен мамандардың кең ауқымын біріктіруге ұмтылады.
Журналдың міндеттері:
- жаратылыстану, физика-математика және техникалық ғылымдар саласындағы ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және инновациялық қызметінің нәтижесін жариялау;
- журналда жарияланған ғылыми мақалаларға екі жақты жасырын рецензиялау арқылы бейтарап және тәуелсіз баға беруді қамтамасыз ету;
- пайдаланушыларға журнал мазмұнына еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы ғылымның тиісті салаларындағы ғылыми проблематиканы көрсету кезінде толық жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету;
- жариялау процесіне қатысушылардың барлығының ғылыми этика нормалары мен қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету.
Журналда жарияланатын ғылыми зерттеу салаларына төмендегілер жатады:
- Атом энергетикасы, ядролық технологиялар және атом энергиясын пайдалану.
- Басқарылатын термоядролық синтез технологиялары.
- Сутегі энергетикасы және технологиялары.
- Қоршаған ортаның ластануы, экология.
- Бұрынғы ядролық полигондар мен басқа да «ядролық мұра» объектілерінің мәселелері.
- Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Атом энергетикасы мен «ядролық мұра» объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы геологиялық-геофизикалық зерттеулер.
- Ядролық қару мен материалдарды таратпау режимін нығайту, ядролық және ядролық физикалық қауіпсіздікті арттыру.
- Ядролық физика.
- Материалтану, атом энергетикасындағы жаңа және функционалдық материалдар.
- Энергетика саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық жүйелер мен технологиялар.
- Радиациялық және ғылымды қажет ететін басқа да технологиялар.
- Ядролық медицина.
Журналдың атом энергетикасының қауіпсіздігін қолдауға арналған, реакторлық және реактордан тыс қондырғыларды пайдалану арқылы орындалатын эксперименттік зерттеулер, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы радиоэкологиялық зерттеулер, ядролық сынақтардың инфрақұрылымы мен салдарын жою және т. б. сияқты ғылыми қызметтің бірегей аспектілері бойынша маңызды ғылыми нәтижелерді жариялауда көп жылдық тәжірибесі бар.
Журнал бөлімдері
статьи не требуют рецензирования
Редакторлар- Loader Loader
![]() |
![]() |
![]() |
Мерзімділік
Жылына 4 рет (тоқсанына бір рет)
Еркін қолжетімділік саясаты
Журнал келесі принципке негізделген оның мазмұнына Платина/Алмас ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді: зерттеу нәтижелеріне еркін қолжетімділік білімнің жаһандық алмасуының артуына ықпал етеді.
Рецензиялау
«ҚР ҰЯО жаршысы» журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде екі жақты рецензиялаудан өтеді (рецензент қолжазба авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді). Қолжазбалар бағалау үшін екі рецензентке жіберіледі.
Ғылыми жарияланымдардың этикасы
Авторлар, рецензенттер, редакция алқасы, журналдың бас редакторы жарияланымды дайындауға және ғылыми зерттеу нәтижелерін таратуға байланысты тиісті этикалық міндеттемелерді атқарады. Редакция өз жұмысында жалпы қабылданған этикалық нормаларды басшылыққа алады және Committee on Publication Ethics (COPE) әзірлеген ғылыми жарияланымдардың қағидаттарын (https://publicationethics.org/) ұстанады, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=1005798), «Қазақстан Республикасының ғылым туралы» Заңына» (https://online.zakon.kz/document/?doc_id=30938581) сүйенеді.
Редакция алқасының жариялау этикасының қағидаттары
Редакция алқасы, бас редактор өз қызметінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
- Журналдың редакциялық саясатына сәйкес редакция алқасының, рецензенттер мен авторлардың этикалық қағидаттарды орындауына жағдай жасайды.
- Авторлықтың, рецензиялаудың және ғылыми жарияланымдарды басып шығару этикасының сақталуына кепілдік береді.
- Жариялау процесі барысында туындайтын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
- Ғылымилық, объективтілік және ашықтық қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ мақалаларды рецензиялау нәтижелері негізінде журналға жарияланымдарды орналастыруға кепілдік береді.
- Автордың жосықсыз әрекеттері туралы шағымдар мен айыптаулар алған кезде редакция COPE ұсынымдарын басшылыққа ала отырып шаралар қабылдайды
Ғылыми мақалалар авторларының жариялау этикасының қағидаттары
- Редакцияға ұсынылған мақалалардың түпнұсқа екендігіне кепілдік береді. Плагиат қабылданбайды. Көрінеу жалған және дәйексіз мәліметтерге жол берілмейді.
- Авторлық құқықты қорғау туралы заңнаманың нормаларын сақтайды, сондай-ақ зерттеулердің шынайы нәтижелерін ұсынады.
- Барлық тең авторлардың оның түпкілікті нұсқасымен және оны журналда жариялауға ұсынумен келісуін қамтамасыз етеді.
Рецензенттердің жариялау этикасының қағидаттары
- Авторлық материалдардың ғылыми сараптамасын жүзеге асырады және оның әрекеттері әділ сипатта болуы тиіс.
- Рецензиялау барысында алынған ақпаратты өз пайдасы үшін не басқа адамдардың немесе ұйымдардың беделін түсіру үшін пайдалануға құқығы жоқ.
- Рецензиялауға алынған кез келген ғылыми мақала құпия құжат болып табылады.
- Ғылыми журналдардағы жарияланымдардың этикалық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Редакция алқасы кез келген әдепке жат мінез-құлықты (өз бетінше өз мақалаларына рецензия беру, шарттық және жалған цензура, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау жөніндегі агенттік қызметтерге жүгіну, авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, мақала мәтіндерін авторлармен келіспей басқа журналдарға беру, авторлар материалдарын үшінші адамға беру, авторлық құқықтарды және редакциялық процестердің құпиялылық қағидатын бұзу, дәйексөз алумен, плагиатпен, бұрмалаумен және өтірік айла-шарғы жасау) мақұлдамайды және мұндай қателіктерге жол бермеу үшін бар күшін салады.
Егер редакция алқасына журналда жарияланған мақалаға қатысты кез келген заңсыз іс-әрекеттер туралы белгілі болса, редакция алқасы СОРЕ ұсынымдарын қолданатын болады.
Құрылтайшылар
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Жариялау үшін төлем
Авторлар үшін журналда жариялау тегін.
Редакция авторлардан материалдарды дайындау, орналастыру және басып шығару үшін ақы алмайды.
Жария ету саясаты және мүдделер қақтығысы
Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды.
Рецензиялау барысында алынған және ықтимал артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмауы тиіс.
Рецензенттер ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген автормен, компаниялармен немесе басқа да ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс.
Қайталау және плагиат
«ҚР ҰЯО жаршысы» журналының редакциялық алқасы мақаланы қарау кезінде материалды Антиплагиат жүйесінің көмегімен тексере алады. Көптеген қайталау анықталған жағдайда редакция COPE ережелеріне сәйкес әрекет етеді.
Препринттер мен постпринттерді орналастыру саясаты
Мақаланы ұсыну барысында автор мақаланың жарияланбағанын немесе басқа ғылыми журналда жариялауға қабылданбағанын растауы тиіс. «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған кезде баспа журналдың ресми сайтына сілтеме (материалдың толық URL) орналастыруды сұрайды.
Авторлар бұрын басқа баспаларға жатпайтын жеке немесе жария сайттарда орналастырған мақалаларды қарауға рұқсат етіледі.
Мақалаларды қайтарып алу және түзету, түзетулерді, кешірім жасауды, теріске шығаруды жариялау
Редакциялық алқа мүшелері әдепсіз іс-әрекет, плагиат, өзін-өзі плагиаттау, авторлардың өзін-өзі артық бағалауы, мүдделер қақтығысының мәлім белгілері бар мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады.
Автор немесе басқа да мүдделі адам жарияланған мақалада жариялау этикасының бұзылу фактілерін тауып, журнал редакциясының назарына жеткізе алады. Бұл ретте растаушы ақпараттың жеткілікті мөлшерін ұсыну қажет. Егер автор (авторлар) мақала жазу кезінде жариялау немесе ғылыми этика қағидаттарын бұзса, журнал редакциясы істі қарауды жүргізеді.
Мақаланың тек азғана бөлігі (мысалы, бірнеше сөйлем) жариялау немесе ғылыми этика қағидаларын бұзу белгілері бар материалдарды қамтыған жағдайда (мысалы, плагиат болып табылады) редакция авторларға анықталған бұзушылықтарды жою үшін түзетулер енгізуді ұсынуы мүмкін.
Басқа жағдайларда редакция редакциялық алқа шешімінің негізінде келесі себептер болған жағдайда жарияланымның ретракциясын (жойылуын) жүргізе алады:
- автордың (авторлардың) саналы іс-әрекеттері нәтижесінде жарияланатын ақпараттың анық еместігінің дәлелі (мысалы, деректерді бұрмалау, ойдан шығару);
- басқа автордың мәтінін рұқсатсыз пайдалану (плагиат);
- қайталанатын жарияланымдар жағдайы;
- нәтижелерде және оларды түсіндіруде елеулі қателіктер жіберу (мысалы, эксперименттердегі, есептеулердегі және т. б. қателер);
- авторлар құрамының дұрыс көрсетілмеуі;
- мүдделердің жасырын қақтығысы (және жариялау этикасының басқа да бұзылуы).
Мақалаларды автор (авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтарып алуы мүмкін. Редакция жариялау немесе ғылыми этика бұзылған жағдайда СОРЕ ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланған мақалаларды алып қоюды жүзеге асырады.
Ретракцияның негізгі мақсаты – бұзушылық жасаған авторларды жазалау емес, жарияланған ақпаратты түзету және оның тұтастығын қамтамасыз ету.
Егер редакция мақаланы кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаса, онда мақаланың өзі тиісті шығарылымда журналдың сайтында қалады, бірақ хабарлама ресімделеді, онда кері қайтарып алынған мақаланың атауы, авторлардың аты-жөні, кері қайтарып алу себебі мен ретракция күні көрсетіледі, сондай-ақ мақаланы кері қайтарып алатын адамдар көрсетіледі. Хабарламалар журналдың электрондық және баспа нұсқаларында жарияланады. Шығарылымның мазмұнында «кері қайтарып алынды /retracted» деген белгі қойылады. Редакция мақаланы қайтарып алу себептерін көрсете отырып, өзінің шешімі туралы авторлық ұжымға хабарлайды. Мақаланы кері қайтарып алу туралы ақпарат журнал индекстелетін деректер базасына жіберіледі.
Авторлар қателерді анықтаған немесе жарияланған мақалаға түзетулер (өзгерістер) енгізген жағдайда редакция қате немесе түзету туралы хабарлама орналастырады (Эратум/Erratum). Эратум орыс және ағылшын тілдерінде журналдың жеке бетінде «Түзетулер/Эратум» бөлімінде орналастырылады және DOI жазбалары беріледі. Эратум ашық пайдалану үшін жарияланады. Қате/түзету туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:
- мақаланың атрибуттары (бірінші авторы және т. б., мақала атауы);
- жарияланған мақаланың бастапқы нұсқасына сілтеме, DOI және жарияланған күні;
- түзетулердің сипаттамасы және енгізілген күні;
- бастапқы мәтін және түзетуден кейінгі мәтін;
- түзету енгізу авторлар жасаған тұжырымдарға әсер етпегенін көрсету;
- журналдың онлайн нұсқасына түзету енгізілгенін көрсету.