Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу

Журналдың тарихы

«ҚР ҰЯО жаршысы» мерзімді ғылыми-техникалық журналы 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы ғалымдарының бастамасы бойынша Қазақстанда атом энергетикасын дамыту, радиациялық экология, бұрынғы ядролық полигондардың инфрақұрылымын конверсиялау, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерін кеңінен жария ету мақсатында құрылды. Журнал шығарылғаннан бастап келесі тақырыптық бағыттар анықталды:

  1. Атом энергетикасы және АЭС қауіпсіздігі;
  2. Геофизика және таратпау мәселесі;
  3. Радиоэкология. Қоршаған ортаны қорғау;
  4. Ядролық физика және радиациялық материалтану.

Аз уақыт ішінде журнал қазақстандық және халықаралық ғылыми қауымдастық арасында танымалдыққа ие болды. Кейін журналдың тұжырымдамасы өзгерді, соның ішінде мұқабасы өзгерді, таралымы көбейтілді. 2006 жылдан бастап журнал pdf электронды форматында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының web-сайтында шыға бастады.