Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу

Мақалаларды қабылдау

Мақалаларды жіберу

Сізде ҚР ҰЯО жаршысы журналына арналған логиніңіз бар ма?
Логин

Логин керек пе?
Тіркелу

Егер сіз тіркеліп, өз аккаунтыңызға кірсеңіз, Сіз мақаланы жіберу процесін бастай аласыз. Ол үшін Автор рөлін таңдау керек.

Мақаланы жіберу
 

Авторларға арналған ережелер

Авторлар журналда жариялау үшін мақалаларды журналдың веб-сайтында тіркелгеннен кейін MS WORD (.docx) форматында электронды түрде, ал редакция мақаланы жариялау туралы шешім қабылдағаннан кейін (тексеру және рецензиялау процесі аяқталғаннан кейін) – авторлардың жариялауға келісуімен және олардың қолдарымен (пошта, курьер және т.б. арқылы редакция мекенжайына) мақаланың соңғы редакциясының баспа көшірмесі түрінде жібереді.

Мәтін А4 (210 x 297 мм) пішінді парақтарда, жиектері: жоғарыдан 30 мм; төменнен 30 мм; сол жақтан 20 мм; оң жақтан 20 мм, дәлдік шегі жоғары принтерде (600-2400 dpi) басылады. Парақтардың көлденең орналасуына жол берілмейді.

Биіктігі 10 пункт Times New Roman қарпін пайдаланыңыз. Мақала атауы мен кіші бөлімдердің тақырыптары үшін кіріктірілген тақырып стильдерін (1, 2... тақырып) қолданыңыз және оларды қарапайым мәтін, кестелер және сурет астына жазатын жазулар үшін пайдаланбаңыз.

Бірінші беттің сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетілуі тиіс. Мақаланың атауы төменде бас әріптермен, бір абзацта басылады. Осыдан кейін мақала тілінде қысқаша аннотация мәтіні (100-3000 таңба тыныс белгілері мен бос орындарды қосқанда) және жеке жолда (кілт сөздер фразасынан кейін:) – кілт сөздер (5-10) басылады. Бұдан әрі, келесі абзацтан бастап – бөлімдерді қамтитын негізгі мәтін: Кіріспе, Негізгі бөлік және нәтижелер (мүмкін кіші бөлімдермен бірге) және қорытынды.

Бірінші беттің сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетілуі тиіс. Мақаланың атауы төменде бас әріптермен, бір абзацта басылады. Одан кейін мақала тілінде қысқаша аннотация мәтіні (100-3000 таңба тыныс белгілері мен бос орындарды қосқанда) және жеке жолда (түйін сөздер фразасынан кейін) – түйін сөздер (5-10) басылады.

Мақала мәтіні орыс, қазақ немесе ағылшын тілдерінде IMRaD (Introduction, Methods, Results and Discussion; Кіріспе, Әдістер, Нәтижелер және Талқылау) форматында ұсынылуы тиіс.

Мақала мәтінінен кейін қалған екі тілдегі әдебиеттер тізімі (түпнұсқа тілдерде) және блоктар (мақала атауы, аннотация, түйін сөздер) келтіріледі.

Мақалада авторлардың аты-жөні мен ұсынылған ұйымдарды көрсетудің қажеті жоқ екеніне назар аударыңыз, өйткені мақалалар екі қайтара «жасырын» рецензиялаудан өтеді. Бұл ақпаратты мақаланы жіберу кезінде веб-сайтта толтыру қажет болады.

Сондай-ақ сайттағы нысанда транслитерацияланған әдебиеттер тізімін толтыру қажет. Автор транслитерацияны өзі немесе онлайн конвертордың көмегімен орындай алады: орыс тілінен латын тіліне – translit.net, қазақ тілінен латынға – qazlat.kz. Егер автордың мұндай мүмкіндігі болмаса, оны журнал редакторы жасай алады.

Мақала мәтіні үшін бір жоларалық интервалды қолданыңыз, абзацтар арасында бос абзацтар мен жолдарды қоюдың қажеті жоқ.

Суреттер мен сурет астына жазбаларды, сондай-ақ иллюстрациялардың үстіне MS Word сурет салу құралдарын орналастыру үшін кестелерді пайдаланбаңыз.

Мақаланың рұқсат етілген ең жоғары көлемі – 10 бет.

Мақала жазу кезінде келесі талаптарды орындау қажет:

  • Рецензиялаудан өткен және жариялауға жіберілген мақаланың түпкілікті редакциясы үш тілдегі – қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде мақаланың аты, авторлардың тегі, аты, әкесінің аты, олар ұсынатын ұйымдардың, орналасқан қалалар мен елдердің толық атауы, көлемі 100-3000 таңба (тыныс белгілері мен бос орындарды қосқанда) тұратын аннотациялар және түйін сөздер (5-10) көрсетілген блоктардан тұруы тиіс.
  • Әдеби дереккөздерге сілтемелер мақала мәтінінде айтылуына қарай квадрат жақшада сандармен [1] беріледі. Әдебиеттер тізімі МемСТ 7.1-2003 бойынша келтіріледі.
  • Әдебиеттерге, тізімдерге, суреттер мен кестелерге сілтемелерді нөмірлеу үшін MS Word автоматты нөмірлеу механизмін (жиектерін) пайдаланбаңыз – қарапайым мәтінді қолданыңыз.
  • Иллюстрациялар (графиктер, схемалар, диаграммалар) компьютерде орындалуы тиіс (суреттің ені 8 немесе 14 см). Суреттегі жазуларға ерекше назар аударыңыз – олар жоғарыда көрсетілген өлшемдерге дейін азайтылған кезде көрнекті болуы тиіс. Суреттердің файлдары растрлық файлдардың бірінде бөлек ұсынылуы тиіс – .tif, .png (жазуы бар схемалар мен суреттер үшін), .jpg (фото үшін)  300 dpi (ені 8 см суреттер үшін ~1000 px және ені 14 см суреттер үшін ~1800 px) дәлдік шегімен немесе – .svg, .wmf, .emf векторлық форматтарда. Файлдардың аты мақаладағы ережеге сәйкес келуі тиіс (мысалы. 1-сурет-а. tiff). Суреттердегі жазулар үшін Arial Narrow шрифтін немесе ұқсас (жіңішке, кертілген таңбасыз шрифт) шрифті қолданған жөн.
  • Мәтіндегі математикалық формулалар MS Word теңдеулері немесе MathType формулалары сияқты терілуі керек. Мәтінде сілтемелері бар формулаларды ғана нөмірлеу керек.
  • Мәтін жіті түрде тексерілген және редакцияланған болуытиіс.
    Мақаланың қағаздағы нұсқасының соңында авторлардың қолы қойылуы тиіс.

Безендірілуі көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жариялауға жіберілмейді.

Мақалаға келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. Авторлардың ілеспе хаты, ол мақаланың ашық баспасөзде жариялануы мүмкін, бұрын жарияланбағаны, басқа басылымдарда жариялану тұрғысынан қарастыруда емес екендігі, мақала мүдделер қақтығысына әкеп соқтыруы мүмкін ақпаратты қамтымайтыны туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
  2. Суреттердің файлдары.

Мақала атауы, аңдатпа, түйін сөздер, сондай-ақ мақаланың барлық авторлары туралы мәліметтер негізгі авторды (әдетте тізімде бірінші) және редакциямен байланысатын авторды көрсете отырып, мақаланы ұсынған кезде сайттағы нысанды 3 тілде (орыс, қазақ, ағылшын) толтырылады.

 

Мақалаларды дайындау

Мақаланы ұсыну үшін авторлар келесі тармақтарды растауы тиіс. Қолжазба, егер ол сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.

  1. Бұл мақала бұрын жарияланбаған, сондай-ақ басқа журналда қарастыру және жариялау үшін ұсынылмаған (немесе Редакторға арналған түсініктемелерде бұған түсіндіру берілген).

  2. Жіберілетін мақаланың файлы OpenOffice, Microsoft Word, RTF немесе WordPerfect құжат форматында ұсынылды.

  3. Сілтемелер үшін мүмкіндігінше толық интернет-адрестер (URL) берілген. 

  4. Мәтін бір жоларалық интервалмен терілді; 10 пунктті қаріп кеглі қолданылады; бөлектеу үшін астын сызу емес, ерекшелеу үшін курсив қолданылады (интернет-адрестерді қоспағанда); барлық иллюстрациялар, графиктер мен кестелер құжаттың соңында емес, мәтіндегі тиісті орындарда орналасқан.

  5. Мәтін «Журнал туралы» бетте орналасқан Авторларға арналған нұсқаулықта сипатталған стилистикалық және библиографиялық талаптарға сәйкес келеді.

  6. Біздің журнал рецензияланады, сондықтан сіз Жасырын рецензиялауды қамтамасыз ету құжатының талаптарын орындадыңыз.

 

Авторлық құқықтар

Осы журналда жариялайтын авторлар мыналармен келіседі:

  1. Авторлар жұмысқа авторлық құқықтарын өзіне қалдырады және журналға Creative Commons Attribution License лицензиясы шарттарында жұмысты бірінші рет жариялау құқығын береді, бұл осы журналдағы түпнұсқа жұмыстың авторларына және түпнұсқа басылымға сілтемелерді міндетті түрде сақтай отырып, бұл жұмысты басқаларға таратуға мүмкіндік береді.
  2. Авторлар осы журналда оның түпнұсқа жарияланымына сілтеме жасай отырып, осында жарияланған түрдегі (мысалы, оны институт қоймасында орналастыру, кітапта жариялау) жұмыс нұсқасын эксклюзивті емес таратуға қатысты жеке келісім-шарттық уағдаластық жасасу құқығын сақтайды.
  3. Авторлар олардың жұмысын осы журналда қарастыру процесіне дейін және сол уақытта Интернетте (мысалы, институт қоймасында немесе жеке сайтта) орналастыруға құқылы, өйткені бұл өнімді талқылауға және осы жұмысқа көбірек сілтеме жасауға әкелуі мүмкін (The Effect of Open Access қараңыз).

 

Құпиялылық

Осы журналдың веб-сайтына енгізілген электрондық пошта атаулары мен адрестері тек осы журналда белгіленген мақсаттары үшін пайдаланылады және қандай да бір басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды немесе басқа адамдар мен ұйымдарға берілмейді.