ЖЕРСІЛКІНУЛЕР ҚАУІПІН БАҒАЛАУЫНДА ХМЖ ЖЕЛІСІНІҢ ДЕРЕКТЕРІН АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚОЛДАНУ
https://doi.org/10.52676/1729-7885-2019-2-33-36
Аннотация
Төрт технологиясын – сейсмикалық, гидроакустикалық, инфрадыбыстық және радионуклидтік – қолданатын Халықаралық мониторингі жүйесі (ХМЖ) ЯСЖТШ күшіне енуін күтуде тестілік режимінде жұмыс істеп келеді, бірақта қазірде мониторингінің деректерін ғалымдар әлеуметті мақсатында пайдалануға мүмкін. Аталған бір технологиялардың – сейсмикалық – жерсілкінулердің қауіпін анықтауына және инженерлік сейсмологияға үлесі зор, білімді дамытатын және кеңейтетін болып табылады. Осы тұрғыда мақалада, соңғы жүз жылда қатты және өте қатты жерсілкінулер болған, Азия-Тынықмұхит белдеуі мен дөңгелек тынықмұхиттік белдеуінің сейсмикалық ең белсенді аймақтарының бірі болып табылатын, −14°о.е.–10°с.е. және 93°–141°ш.б. координаттарымен шектелетін, индонезиялық аумғы қарастырылады. Талдау үшін соңғы 19 жылдарының, 1999 ж. 13 маусымнан 2017 ж. 10 шілдеге дейін, Ядролық сынауларға жаппай тыйым салу туралы шартының ұйымымен, Вена, Австрия, орнатылған Халықаралық мониторингі жүйесінің (ХМЖ) жерсілкінулер туралы деректері алынған. Осы деректерді талдауы жерсілкінулер пайда болуы Гумбель функциясымен (І типіндегі экстремаль мәндері таралу) үйлесетінін және корреляцияның қанағаттандыратын дәрежесімен (0,96) мақсималь амплитудасымен деректерді талдауына жарамдылығын көрсеткен. Индонезиялық аймағы үшін жерсілкінудің қауіпі магнитуданың берілген мәндерінде қайталану және пайда болу ықтималдығы ретінде санды анықталған. Осы зерттеу ең ықтимал өте қатты жылсайынғы жерсілкінулер магнитудасы бойынша 6,0 жақын болуын көрсеткен. 50 жыл ауқымында болуы мүмкін өте қатты жерсілкінудің магнитудасы 6,8 ретінде бағаланады. Осы аймақта күтуге болатын басқа – орта және қатты – жерсілкінулері белгілі бір учаскелерде инженерлік ізденістерінде және белгілі бір аймақта инфрақұрылымды жобалау проблемасын шешуінде пайдалы болу мүмкін.
Авторлар туралы
Д. ШанкерҮндістан
С. М. Али
Австрия
Вена
М. Сингх
Үндістан
Үлкен Ноида
Әдебиет тізімі
1. Massinon, B. Benefits of potential civil and scientific applications of CTBT verification technologies, / B. Massinon // CTBTO Spectrum, 2004. – 4. – Р.17–18.
2. McCormack, D. Potential civil and scientific applications / D. McCormack // CTBTO Spectrum, 2002. – 2. – Р.1–6.
3. Gumbel, E. J. Statistics of Extremes / E. J. Gumbel //Сolumbia University Press. - New York, 1958. – p. 375.
4. Shanker, D. Earthquake Hazard and Engineering Determinations for Indonesian Region Using IMS Network Data / D. Shanker,
5. S. M. Ali and M. Singh // Geosciences, 2017. – 7(5). – Р. 150–155.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Шанкер Д., Али С.М., Сингх М. ЖЕРСІЛКІНУЛЕР ҚАУІПІН БАҒАЛАУЫНДА ХМЖ ЖЕЛІСІНІҢ ДЕРЕКТЕРІН АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚОЛДАНУ. ҚР ҰЯО жаршысы. 2019;(2):33-36. https://doi.org/10.52676/1729-7885-2019-2-33-36
For citation:
Shanker D., Ali S.M., Singh M. CIVIL AND SCIENTIFIC APPLICATION OF IMS NETWORK DATA IN EARTHQUAKE HAZARD ASSESSMENT. NNC RK Bulletin. 2019;(2):33-36. https://doi.org/10.52676/1729-7885-2019-2-33-36