КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ КЕШЕНДІ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
https://doi.org/10.52676/1729-7885-2018-1-5-9
Аңдатпа
Тоттануға төзімді 10Х18Н10Т-ВД болаттың радиациялық өңдеулерге байланысты ақаулану дәрежесі кең ауқымды зерттеулерден өткізілген. Материалдың радиациялық қасиеттерін зерттеу үшін позитрондық спектроскопия тәсілі қолданылды. Зерттеу тәсілінің негізгі құрылымдық-сезімтал көрсеткіші ретінде позитронның атом құрамындағы еркін электрондар мен байланысқан электрондар арасында аннигиляция құбылысына қатысу ықтималдығы пайдаланылды. Зерттеу нысаны түрлі факторлардың кешенді әсері арқылы өңдеуден өткізілді. Бірінші кезеңде зерттеу нысаны жасытылған, күйзеліссіз және күйзелісті күйден 600 °С температурада 1000 сағ. ішінде сұйық литийде өңделді. Келесі кезең сондай күйдегі болатты сутекпен қанықтырудан жүргізілді. Соңғы кезеңде болат материал энергиясы жоғары электрондармен (4 МэВ) және реакторлық нейтрондармен 1018 және 1019 см-2 флюенспен сәулелендіруден кейін тағы да сұйық литийде өңдеуден өткізілді. Зерттеу нәтижелері балқыған литийдің тоттануға төзімді болаттың радиациалық ақаулануына әртүрлі деңгейде әсері болатындығын және оның коррозиялануына да ықпалын тигізетіні белгілі болды.
Авторлар туралы
К. М. МұқашевҚазақстан
Алматы
А. Д. Мурадов
Қазақстан
Алматы
Ф. Ф. Умаров
Қазақстан
Алматы
Г. Ш. Яр-Мухамедова
Қазақстан
Алматы
Әдебиет тізімі
1. Петунин В.П. Теплоэнергетика ядерных установок. – М.: Атомиздат. 1960 300 с.
2. Левин В.Е. Ядерная физика и ядерные реакторы. – М.: Атомиздат 1979. 400 с.
3. Джесси Рассел. Реактор с жидкометаллическим теплоносителем. – М.: Атомиздат.1989. 255 с.
4. Мукашев К.М. Физика медленных позитронов и позитронная спектроскопия. – Алматы. 2015. 510 с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Мұқашев К.М., Мурадов А.Д., Умаров Ф.Ф., Яр-Мухамедова Г.Ш. КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ КЕШЕНДІ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ. ҚР ҰЯО жаршысы. 2018;(1):5-9. https://doi.org/10.52676/1729-7885-2018-1-5-9
For citation:
Mukashev K.M., Muradov A.D., Umarov F.F., Yar-Mukhamedova G.Sh. STRUCTURAL CHARACTERISTICS OF THE CONSTRUCTION MATERIAL AS THE CONSEQUENCE OF THE IMPACT OF INTEGRATED FACTORS. NNC RK Bulletin. 2018;(1):5-9. (In Russ.) https://doi.org/10.52676/1729-7885-2018-1-5-9