Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
5-12 318
Аңдатпа

РФЯО-БТФҒЗИ, РФЯО-БЭФҒЗИ, РИ ААҚ, ҒЗКЭТИ және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен бірлесіп жүзеге асырған ядролық қызмет қалдықтарымен және ядролық отынмен жұмыс істеудің үш түрлі технологиясы үлгісінде бұрынғы КСРО-ның қорғаныс және азаматтық бағдарламаларынан қалған ядролық «мұраны» жою кезіндегі қауіпсіздік мәдениеті көрсетілді. ҚР ҰЯО зерттеу реакторларының отынын Ресейге әкету қарастырылды. Ядролық қаруды таратпау режимі мүддесінде бұрынғы Семей полигонындағы ядролық қызмет қалдықтарына қол жеткізуді жою ерекшеліктері талқыланды. Азаматтық атом энергетикасының алғашқы объектілерінің ядролық «мұрасы» ретінде АМБ-100 және АМБ-200 реакторларының пайдаланылған ЖБЖ-ларын «Маяк» өндірістік бірлестігіне әкету жұмыстарын ұйымдастыру көрсетілді. Ұлттық заңнамаларды, нормативтік құжаттамаларды сақтау және қауіпсіздік мәдениетін қамтамасыз ету техникалық және ұйымдастырушылық жағынан бірегей жұмыстарды ойдағыдай орындауға мүмкіндік бергендігі туралы айтылды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы реакторлық зерттеу кешендерін МАГАТЭ кепілдігіне қою кезінде ядролық емес мемлекетке қойылатын барлық талаптарды орындады; Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және АҚШ бірлесіп бұрынғы Семей сынақ полигонында таратпау режиміне төнген қауіп-қатерлерді жойды; «Росатом» мемкорпорациясы азаматтық атом энергетикасының ядролық «мұра» объектілерінің бірінде «баяу жүретін аварияны» жойды.

13-18 301
Аңдатпа

Мақалада ҚТМ токамагінің оптикалық диагностикасының сипаттамалары және олардың көмегімен алынған КТМ токамагінің плазма параметрлерін өлшеу нәтижелері сипатталған. Плазмалық разряд параметрлерін өлшеу ҚTM токамакты физикалық іске қосудың екінші кезеңіндегі жұмыс шеңберінде жүргізілді. Алынған эксперименттік мәліметтер негізінде плазманың элементтік құрамы көрінетін аралықта (380–700 нм) сызықтық сәулеленуді өлшеу арқылы бағаланды, плазманың бұзылу сәті анықталды және плазма бағанының жағдайы мен формасына баға беру іске асырылды.

19-23 321
Аңдатпа

24, 350, 450 °C температурада созылу сынауларынан кейін сәулелендірілген болат 12Х18Н10T сынамаларының сыну бетін фрактографиялық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Зерттеулерге арналған үлгілер БН-350 реакторының пайдаланылған отын жинағының қабығының шетінен жасалған. Физикалық мезомеханиканың көпдеңгейлі тәсілі негізінде болаттың созылғыштығының төмендеуін механикалық сынақтар температурасының жоғарылауымен түсіндіруге әрекет жасалды. Талдау нәтижелері бойынша болаттың созылғыштығының төмендеуі сыналатын температураның жоғарылауымен деформациялардың локализация аймағындағы кернеулердің квази-біркелкі үлестірілуіне байланысты деп тұжырымдалды, бұл материалдың кеуектілігі аккомодативті айналмалы процестердің әсерінен жергілікті жоғарылауына ықпал етті.

24-32 342
Аңдатпа

Лобнор (ҚХР) ядролық сынау полигонының және оның маңындағы аумақтардағы сейсмикалық оқиғаларды толық жете талдауының нәтижелері келтірілген. Қазақстандық ұлттық деректер орталығының (ҚҰДО) және China Earthquake Networks Center (CENC) бюллетеньдері бойынша осы аудандағы сейсмикалық оқиғалардың негізгі параметрлерін (ошақтағы уақытын, оқиғаның координаттары мен магнитудасын) анықтаудың сапасын салыстыру өткізілді. ҚҰДО сейсмикалық бюллетенінде Лобнор полигонының ауданында карьерлік жарылыстың болғаны анықталды. Космостық түсірулер бойынша полигонның аумағында көмір карьрелері анықталған, онда шағын қуатты өнеркәсіптік жарылыстар болуы мүмкін.

33-37 275
Аңдатпа

Қазақстанның оңтүстігінде Арыс қ. жанында 2019.04.24-інде болған оқ-дәрілер қоймаларындағы жарылыстарды Геофизикалық зерттеу институтының мониторинг станцияларының тіркеу үлгісі зерттелді. Сейсмикалық және инфрадыбыстық станциялар бір тәуліктен астам жарылыс хронологиясын бақылап, 30-дан астам жарылыстың жүйелілігін параметрлеу мүмкіндігіне ие болды. Энергетикалық кластар бойынша жарылыстардың ең көп күші 7,8 құрады. Жарылыстар жазбаларын зерттеу нәтижелері тіркелетін оқиғалардың табиғатын тану кезінде пайдаланылуы мүмкін.

38-43 239
Аңдатпа

КИР «Байкал-1» алаңының маңындағы геодинамикалық белсенді аудандарды атмогеохимиялық түсірімдер кешенімен бірге сейсмобарлаумен (тойтарылмаған толқындар әдісі), электрбарлаумен (туындаған поляризация) зерделеу нәтижелері келтірілген. КИР «Байкал-1» алаңының оңтүстік батыс шекарасының маңы геодинамикалық тұрғыда ең белсенді аудан екендігі анықталды, онда газ өткізгіштің, серпімді және геоэлектрлік параметрлердегі уақытта неғұрлым маңызды өзгерістер анықталды. Осы параметрлер бойынша нашар көрінген геодинамикалық үдерістер мен топырақтың суөткізігіштігі мониторингінің тиімділігі көрсетілген.

44-49 250
Аңдатпа

Майотте аралының жанында («Комор аралдары» архипелагы) жанартаудың тууымен байланысты 2018 ж. 11.11-індегі ұзақ мерзімді сейсмикалық оқиғаның сипаттамасы зерттелді. Геофизикалық зерттеулер институты станциялары желісінің сейсмикалық жазбалары бойынша сейсмикалық бюллетень жасалды, осы оқиғаның кинематикалық және динамикалық параметрлері зерделенді, оны жергіліктеуі жүргізілді және MLH жер беті толқындары бойынша өңірлік магнитуда есептелген. 2018 ж. 09.02-сіндегі тәрізді оқиғалардың сейсмикалық жазбалары табылды және зерттелді. Ұзын периодты монохроматикалық треморларды өңдеу және жіктеу бойынша талдаушыларға ұсыныстар ұсынылды.

50-59 241
Аңдатпа

Солтүстік Корея жерасты ядролық жаралыстарын 2006 ж. 9 қазанда (mb 4.3), 2009 ж. 25 мамырда (mb 4.7), 2013 ж. 12 ақпанда (mb 5.1), 2016 ж. 6 қаңтарда (mb 5.1), 2016 ж. 9 қыркүйекте (mb 5.3) және 2017 ж. 3 қыркүйекте (mb 6.3) өткізді. Аймақтық және телесейсмикалық деректер бойынша осы солтүстіккореялық ядролық жарылыстардың тереңдігін бағалау жүргізілді. Рэлея толқынының негізгі амплитудалық спектрі тербелістерінің спектралдық минимумдарын (аралықтар) қоса алғанда pP+P/sP+P және pPn + Pn/sPn+Pn спектрлік нөлдер әдісімен барлық солтүстіккореялық ядролық жарылыстарының зарядтарын салу тереңдігі 2 км жуық болғандығы анықталды. Орталықтандырылған азимутты спектрлерді пайдалану, солтүстіккореялық ядролық сынау полгондары сияқты бейсызықты топографиялық аймақтардағы белгісіз көздердің тереңдіктерін бақылауға бәрінен де жарамды екендігі белгіленді. Көздің түріне ғана тәуелді емес алаңның жағдайына да тәуелді спектрлік ауытқулар анықталды. Q жоғары бойлық толқынның жылдам кіруіне және төмен сөнуіне әкелетін жер қыртысындағы неғұрлым жоғары жылдамдыққа байланысты Балтика қалқанында орналасқан, мысалы ARCES және FINES станциялардағы биіктеу жиіліктерде спектрлік ауытқулар анықталды. Бұл жерасты ядролық жарылыстарды анықтау үшін өте жарамды, ал Үлкен артезиан алабынның сейсмикалық тобының астында орналасуына байланысты мантияның жоғарғы бөлігіндегі аз жылдамдықты зоналарды қосқанда ASAR-дағы спектрлік нөлдер неғұрлым төменжиілікті болып шықты. Осындай спектрлік нөлдердің көріністері, тереңфокусты жерсілкінулерден 660-километрлік алшақтықтың әртектілігінің шекараларынан шағылысуға да байланысты. MS:mb арақатынасы мен солтүтіккореялық жерасты ядролық сынақтарды салынған зарядтың үстінде жарудың сейсмикалық қуатын анықтауға әсер ету мүмкіндігі белгіленді [1].

60-64 333
Аңдатпа

1992–1996 жж. Лобнор (ҚХР) сынау полигонындағы жерасты ядролық жарылыстарының толқындық көрінісінің салыстырмалы талдауы келтірілген, сол аудандағы KNET мониторинг станциясының қырғыз желісінің деректері бойынша және эпиорталықтары бар тектоникалық жерсілкінулер бойынша. Көздің табиғатын сейсмикалық тану мақсатымен Sn/Pn және Lg/Pg негізгі аймақтық фазаларының спектрлік талдауы зерттелді. Танудың ең жақсы параметрлері орталық жиілікті 2,5 және 5 Гц жіңішке жолақты сүзгілер үшін спектрлік қатынастыр.

65-72 276
Аңдатпа

Бірқатар шетелдік ұйымдардың қолдауымен Геофизикалық зерттеулер институтында құрылған ядролық жарылыстар жазбаларының мұрағаты туралы мәліметтер келтірілген. Соңғы жиырма жыл ішінде Институтта тарихи аналогтық жазбаларды сканерлеу және цифрлау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл мұрағаттық сейсмограммаларды сақтауға және ядролық сынаулар мен жер сілкінулері мониторингінің тиімділігін арттыру бойынша зерттеулерде пайдалануға мүмкіндік береді.

73-80 287
Аңдатпа

Соңғы жылдары өткізілген зерттеулер мен мұрағаттық деректерді талдау, Семей сынау полигонында (ССП) және оның маңында тектоникалық және техногенді жерсілкінулер болып тұратындығын және болатныдығын көрсетті, ал бұл аймақ Қазақстан Республикасының жалпы сейсмикалық аудандау карталарына сәйкес (2003) сейсмикалық емес болып есептеледі. ССП ауданындағы сейсмикалылықты бағалау үшін әдебиеттік көздерден тарихи сейсмикалылықтың әлемдік сейсмологиялық бюллетеньдерін талдау жүргізілді, 1925 жылдан бастап жиналған тарихи ұқсас жазбалар бойынша жерсілкінулердің паратмерлері нақтыланды. Зерттелетін аумақта 1994 жылға дейінгі кезеңде, тіпті ядролық сынаулар басталмай тұрып ССП-да күші қатты жергілікті жерсілкінулер болғандығы байқалған. Алынған деректер ССП-ның заманауи сейсмикалық режимімен салыстырылды.

81-88 268
Аңдатпа

Невада полигоны (NTS) – «Мирный» (MIR) станциясы трассасында жергілікті годографтар мен PKIKPBC толқыны жолы уақытының сызықтық трендтері келтірілген. Бұл зерттеулер үшін РҒА Геофизикалық қызметімен (Обнинск қ., Мәскеу облысы) ұсынылған Антарктидағы «Мирный» станциясының сейсмограммалары жүйелендірілген және өңделген. 1966 жылғы 13 мамыр – 1991 жылғы 18 қазаң аралығы кезеңінде Кирноса (СВКМ) сейсмографымен алынған 120 сейсмограммалар пайданылған: Pahute және Yucca Невада полигонындарында (NTS) жерастылық ядролық жарылыстар өткізілген кезде, олардың әрбір алаңына 60 сейсмограмма жасалды. Жылдар өткен сайын Невада полигоны трассасындағы сияқты Бурабай [14] жол уақытының көбеюі белгілі болды. mb магнитудасынан PKIKPBC бойлық толқынының шығу уақытының тәуелділігі алынды. Алынған деректерді, Невада полигоны жарылыстарының PKIKPBC толқынын зерттеу нәтижелерін басқа станциялардан алынған деректермен салыстыру үшін пайдалануға болады, мысалы «Новолазаревская» антарктикалық станциясында.

89-93 939
Аңдатпа

1979 жылдан 1981 жылға дейінгі кезеңде Семей сынау полигонының (ССП) Балапан алаңында өткізілген 5 жерастылық ядролық жарылыстарды тіркеу мысалында үлкен базалық «Бурабай» сейсмикалық топтастыру жүйесінің Зеренді, Восточный, Чкалово шеттегі пункттерімен тіркелген Р бойлық толқыны жолының уақыттық сызықтық треднтері алынды және жергілікті годографтары зерттелді. Трендтің алынған теңдіктеріндегі тұрақтық өлшемдері мағыналары бойынша жуық, ал бұл жағдай Балапан алаңындағы жарылыстардың дәл тіркелгендігін куәландырады «Ожерелье» топтастыру жүйелері.

94-99 281
Аңдатпа

Ровенск АЭС ауданында сейсмикалық мониторинг желісін ұйымдастыру және орнату туралы мәліметтер, сондай-ақ кедергі жағдайын талдау нәтижелері және желі элементтерінде пайдалы сигналдарды тіркеу қабілетіне әртүрлі тәртіптегі микросейсм әсері ұсынылған. Аспаптық ұңғымаларда және жер бетінде орнатылған сейсмикалық бергіштерді пайдалана отырып алынған жазбалар бойынша тіркеу пункттеріндегі
микросейсмикалық аяның орташаланған мәндері есептелген. Аспаптық бақылау барысында әртүрлі табиғат пен энергетикалық деңгейдегі жергілікті, аймақтық және телесейсмикалық оқиғалар тіркелді. Тіркелген жер сілкінулерінің эпиорталығының басым көпшілігі Румыния аумағында Вранчтың сейсмобелсенді аймағында, Польшада және Беларусьтің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Сейсмикалық жазбаларды өңдеу нәтижелері бойынша Ровенск АЭС орналасқан ауданда шайқалу қарқындылығы анықталды және РАЭС алаңының сейсмикалық төзімділігін бағалау үшін бастапқы деректерді өзгерту қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

100-104 284
Аңдатпа

Воронеж желісінің (VMGSR) сейсмикалық станцияларымен тіркелген телесейсмикалық жер сілкінулері үшін MS магнитудасының мәндері шашырауын егжей-тегжейлі талдауының нәтижелері, РҒА БМБС ФИЦ жиынтық бюллетенінде және «Обнинск» станциясының бюллетенінде ұсынылған мәндерге қатысты. 1000 астам MS магнитудасы бар жерсілкінулерінің негізінде 100-ден 1800-ге дейінгі эпицентралды арақашықтығы бар әр түрлі аудандардан 4-тен астам магнитуданы (ΔМ) анықтаудағы ауытқулар есептелген және ΔМ тарату схемалары салынған. VMGSR желісінің сейсмикалық станцияларында тіркелген жер сілкінулері магнитудасының ~90% мәндерінің РҒА БМБС ҰО жиынтық бюллетеніндегі мәндерге қатысты рұқсат етілген қателіктерден артық ауытқулары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, магнитуда мәндерінің ауытқуы рұқсат етілген, « +» белгісімен, сондай-ақ «−» белгісімен РҒА ЖҒЗЖ ФИЦ жиынтық бюллетеніне қатысты аймақтар бөлінген. Жапон аралдарының ауданында эпицентрлі жер сілкінулері үшін MS магнитуда −0,3 өлшеміне түзетулер енгізудің орындылығы көрсетілген, бұл магнитуда РҒА ФИЦ ЕГС жиынтық бюллетеніне қатысты ауытқусыз анықталатын оқиғалардың үлесін арттырады.

105-112 273
Аңдатпа

1997 жылы ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Семей сынау полигонындағы «Балапан» алаңының учаскесінде сейсмикалық зерттеу жүргізді. Зерттеу міндеттерінің бірі жер асты ядролық жарылыстардан табылған іздерді жергілікті жерде инспекция жүргізу кезінде мақсатты объектілер ретінде қиманың жоғарғы бөлігінде анықтау әдістемесін әзірлеуден тұрды. 100–120 м тереңдікке дейінгі жер асты ядролық жарылыстарының эпицорталықтық облыстарында жарылып бөлінген болып байқалатын аймағы ретінде пайымдалған Р толқындары үшін 3,0–3,5 км/с және S толқындары үшін 1,6–1,8 км/с дейін жылдамдықтың төмен мәндерінің учаскелері бөлінді. Жарылып бөлінген аймақтар шегіндегі таужыныстар Пуассон коэффициентінің 0,35-ке дейін жоғары мәндерімен ерекшеленеді, бұл оның жарылысқа дейінгң мәндерінен 0,07-ге жоғары. Сыйыстырушы ортаның жарылысқа дейінгі және одан кейінгі параметрлерін (сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, таужыныстарының тығыздығы, серпімді модульдер) пайдалану арқылы техногенді өзгертілген қабат шегіндегі жарықшақтардың тығыздығының параметрі есептелген. Таужыныстарының жарылыстан кейінгі жарықшақтықтарының жер асты жарылыстарының инженерлік-техникалық параметрлерімен (ядролық зарядтың салмағы мен оның салыну тереңдігі) корреляциясы анықталды.

113-121 240
Аңдатпа

Жерастылық ядролық жаралыстардан геологиялық ортада бағытталған жарықшықтылық аймақтары шекараларының сынаптыметрикалық томографиясының жаңа техникасы ұсынылады. Осы технология алгоритмдерінің теориялық негізі болып күндізгі қабатқа жарып шығатын ыстық газ өнімдерінің әсерінен ортада геохимиялық сынаптың әкиек-пайда болу үдерістерін физикалық-математикалық моделдеуі болып табылады.

122-128 317
Аңдатпа

Гравиметриялық деректерді өңдеу нәтижелері бойынша GOSE және GRACE жерсеріктердің ауырлық күшінің тік градиентінің жаһандық гравиметриялық картасы және Солтүстік Тянь-Шань аймағы үшін гравиметриялық карта алынды. Жерсеріктің биіктігінде ауырлық күшінің тік градиентін құру кезінде еуропалық ғарыш агенттігінің сайтынан гравитациялық градиенттің деректері пайдаланылды. Гравитациялық градиент мәліметтерінің ұсынылған форматтары екі негізгі файлдар жиынтығымен берілген: гравитациялық градиенттер градиентометрді есептеу жүйесінде (GRF) және градиенттерді есептеу жүйесінде жер үсті есептеу жүйесіне (TRF) қатысты бұрылатын, атап айтқанда, Солтүстік есептеу жүйесінде (LNOF) сфералық жергілікті бағытталған. Гравитациялық градиенттің градиенттері 225 км және эллипсоидтің үстінен 255 км-ге орбитаның бойымен GRACE-GOCE гравитация градиенттерінің кіріс деректері ретінде есептелген. Жерсеріктік гравитациялық деректер сейсмикалық белсенді аймақтарды талдау үшін қолданылған. Зерттеу нәтижесінде ірі жер сілкінулер ошақтарының эпицентрлері ауырлық күшінің тік градиентінің күрт өзгеру аймақтарын орналастыра отырып, корреляцияланады.

129-134 253
Аңдатпа

Жапония астанасы Токио маңайындағы сейсмикалылықтың кейбір сипаттамалары қарастырылады. 1976– 2018 жж. мұнда 0–33 және 34–70 км тереңдіктерде сейсмикалылықтың екі шеңберлі құрылымдары қалыптасқандығы белгілі болды. Шеңберлі құрылымдар субдикцияның басқа аймақтарындағыдай қатты жерсілкінулер алдында қалыптасады, олар магнитуданың төменгі шектік мәндерімен (Мп1 және Мп2, тиісті), сондай-ақ үлкен өс ұзындықтарымен (L және l) сипатталады. Токиодан оңтүстікке қарай орналасқан шеңбердің бірінші данасы жартылай 1923 ж. Канто Ұлы жерсілкінудің (Mw=7,9) кейінгі дүмпу аймағымен қиылысады, ал екіншісі мегаполистен шығысқа қарай орналасқан. Бұрын Тыңық мұхиттың батысы үшін бас оқиғалардың магнитуларынан Mw Мп1 және Мп2 параметрлерінің корреляциялық тәуелділіктері құрылған болатын. Осы тәуелділіктерді пайдалана отырып, болуы мүмкін қатты жерсілкінулердің магнитудалары бағаланды: Mw=7,9±0,1 және 8,1±0,1 екі аймаққа тиісті көрсетілген. Таяудағы жылдары Токиодан шығысқа қарай қатты жерсілкіну болуы мүмкін деп болжау жасалады, себебі соңғы онжылдықта сейсмикалылықтың терең емес шеңбері аймағында сейсмостектоникалық деформацияның жылдамдығы тез өсуде.

135-141 265
Аңдатпа

Тынық мұхиттың субдикция аймақтарындағы қатты және өте қатты жерсілкінулер (Mw=7,0–9,0) алдында 110 км дейінгі тереңдіктердегі сейсмикалылықтың кейбір сипаттамалары қарастырылады. Гипоцентрлі қатты оқиғалар алдында шартты түрде терең емес және терең деп аталған 10–40 және 42–110 км тереңдіктерде бірнеше онжылдықтарда үш диапазонды тереңдіктерде: 0–33, 34–70 и 71–110 км сейсмикалылықтың шеңберлі құрылымдары қалыптасатыны көрсетілген. Құрылымдар магнитудалардың бастапқы шамаларымен сипатталады (Мп1, Мп2 және Мп3 тиісті). Мп1 − Мп2, Мп2 − Мп3 және Мп1 − Мп3 шамалары айырмашылықтарының талдауы жүргізілді. Терең қатты жерсілкінулерге қарағанда терең еместерімен салыстырғанда Мп2 − Мп3 және Мп1 − Мп3 параметрлері неғұрлым жоғары екендігі белгілі болды. Бұдан басқа, Тыңық мұхиттың батысы мен шығысында Мп1 − Мп2 орташа шамаларының айырмашылықтары анықталды. Сейсмикалылықтың шеңберлері-нің қалыптасуы батырылған тақталар жыныстарының гидратсыздандыруымен және тереңдік флюидтердің жылыстауымен байланысты деген болжам жасалады. Алынған деректер, шеңберлі құрылымдардың сипат-тамалары бойынша дайындалып жатқан қатты оқиғалардың тереңдіктерін болжауға мүмкіндік береді.

142-149 234
Аңдатпа

Эгей теңізінің шығысында және Батыс Түркияда сейсмикалықтың кейбір сипаттамалары қарастырылады. Сейсмикалықтың сақиналы құрылымдарын бөлуге негізделген әдістеме қолданылды. 1995–2017 жылдары болған Мw=6,4–7,6 бес күшті жер сілкінулердің алдында бірнеше он жыл ішінде 3,8–4,5 диапазонында Мп магнитудының шекті мәні бар таяз сақиналық құрылымдар (h=0–33 км) қалыптасты. Осы құрылымдардың мөлшерлері тиісті магнитудалары бар жылжу және түсіру типті механизмдерімен құрлықішілік оқиғаларға қарағанда бірнеше есе аз. Бұл жерде сейсмикалықтың терең (h=34–70 км) жолақтары пайда болды. Қатты жер сілкінулерінің эпиорталықтары көбінесе ұсақ сақиналар мен сейсмикалықтың терең жолақтарының қиылысу немесе неғұрлым жақындау аймақтарына жақын орналасатыны көрсетілген. Мw≥7,0-мен жер сілкінуі болмаған Мәрмәр теңізі ауданында терең емес сақиналы құрылым (Мп=4,3) айқындалған. Бас оқиғалардың энергиясынан сейсмикалықтың сақиналары параметрлерінің бұрын корреляциялық тәуелділіктері негізінде жылжу үлгісіндегі тетіктермен құрлықішілік жер сілкінулері үшін қатты оқиғаның магнитудасы бағаланды, ол асақиналы құрылым аймағында дайындалуы мүмкін: Mw=7,3±0,1. Сақиналы құрылымдар мен сейсмикалықтың терең жолақтарын қалыптастыру геологиялық жүйелердің өзіндік ұйымдастыру процестерімен байланыстырылады, соның нәтижесінде терең флюидтердің жылыстауы жүзеге асырылады.

150-157 299
Аңдатпа

Воронеж кристалл массивінің аумағында сейсмологиялық бақылаулардың 20-дан астам кезеңі өңір аумағы сейсмикалық тұрғыдан енжар болып табылмайтынын куәландырады. Әртүрлі энергетикалық кластағы 590 сейсмикалық оқиға тіркелді, оларды талдауы қазіргі сейсмикалық белсенділіктің әртүрлі энергетикалық кластағы жер сілкінуленіеің қайталану графигімен сипатталған квазипериодикалық сипаты бар екенін көрсетті.

158-163 621
Аңдатпа

Геофизикалық тұрғыдан жер сілкінулермен, өнеркәсіптік химиялық жарылыстармен қатар мониторингтік желілермен тіркелетін газдинамикалық құбылыстар (ГДҚ) аз белгілі сейсмикалық көздер ретінде қарастырылды. Кузбас және Қарағанды көмір бассейндерімен байланысты азиялық континенттің орталығында ГДҚ-ның жаппай таралуы туралы куәландыратын деректер келтірілген. Әдетте олар, терең көмір шахталарындағы өте қиын әрі болжауға келмейтін апат түрлерінің бірі ретінде қаралады –метан және таужыныстардың қуатты шығарындылары. ЖДҚ ауытқуларын қалыптастырудың қысқа мерзімді сипаты белгіленді, бұл терең көмір шахталарын пайдалану кезінде оларды болжау перспективаларын аша алады. Осы әлсіз сейсмикалық көздер мониторингінің теориялық және далалық аспектілері қарастырылды. Планетаның күшті жер сілкінулерінің ГДҚ сипаттамаларына әсері көрсетілген. Дилатансия құбылысы көмір бассейндерінде осы уақыт құбылыстарының жаппай пайда болуын түсіндіруге мүмкіндік береді. Қаралған үлгілерге қайшы келмейтін ресми деректер келтірілген.

164-165 225
Аңдатпа

Геоортаның күйіне диагностика жүргізуге арналған аспаптық зерттеудің заманауи әдістерін қолдану мәселелері қарастырылды.



ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)