Электрохимиялық анықтау әдістерінің ішінде квадраттық-толқынды вольтамперометрия әдісі (SW-ASV) ең танымал болып табылады. Алайда, бұл әдістің кейбір шектеулері бар, мысалы жұмыс электрод ретінде уытты заттарға жататын сынап немесе висмут электродтары қолданылады, сондықтан қазіргі уақытта оларды алмастыра алатын материалдарды іздестіру жүріп жатыр. Бұл мақала полиэтилентерефталат негізіндегі трек мембраналарын электрохимиялық сенсорлар ретінде пайдалануды зерттеуге негізделген. Мембраналардың беттік модификациясы метакрил қышқылымен екпелі фотоиницирленген полимерлеу әдісі арқылы жүзеге асырылды. Арнайы маска көмегімен магнетронды тозаңдату әдісін қолдану арқылы мембрананың екі жағында электродтар құрастырылды. Алынған сенсорлар улы кадмий иондарын электрохимиялық детектірлеу үшін 0,5–12,5 мг/л дейінгі концентрация аралығында квадраттық-толқынды вольтамперометрия әдісімен (SW-ASV) тексерілді.
Мақала кориум балқытпасын қармауышқа ағызғаннан кейінгі индукциялық қыздыруды моделдеуге арналған. Мақалада қориум және балқытпа қармауышының отқа төзімді блоктарының температуралық өрісінің стационарлық емес жылуфизикалық есептемесінің нәтижесі берілген. Жұмыс үдірісінде балқыма қармауышының таңдап алынған ауданының екі еселі осесиметриялық моделі ANSYS программалық кешенінде жасалды және температураның есептік мәнін эксперименттік деректерімен салыстыру жолымен жылуфизикалық моделін валидациялау жүргізілді.
Бұл жұмыс ағынды сулардың бейорганикалық ластағыштары калийдің гексацианоферраты (III) (КГЦФ) ыдырау процесінің кинетикалық және термодинамикалық сипаттамаларын полимерлі тректі мембраналар (ТМ) және мыс нанобөлшектері (НБ) негізінде композитті катализаторлардың қатысуымен зерттеуге арналған. Композитті катализаторлар улы емес тотықсыздандырғыш – аскорбин қышқылын қолдана отырып, химиялық темплатты синтез әдісі арқылы алынды. Полимер темплатының активтену санына, тұндыру уақытына және pH мәніне байланысты мыс НБ-інің химиялық тұндыру процесіне жүйелі зерттеулер жүргізілді. Композитті катализаторлардың құрылымы растрлы электрондық микроскопия және рентгендік дифрактометрия әдістерімен зерттелді. Синтезделген композиттердің катализдік қасиеттері әр түрлі тұндыру уақытында алынған бірқатар үлгілер үшін 10–25 °C температура аралығында зерттелді. КГЦФ ыдырау реакциясының кинетикасы бірінші ретті реакцияға сәйкес келетіні көрсетілді. Активтендіру энергиясы, энтропиясы және энтальпиясы сияқты термодинамикалық сипаттамалар есептелді. Катализатор қасиеттерінің тұрақтылығы зерттелді.
Плазмалық фокус (ПФ) термоядролық қондырғысындағы нейтрондар эмиссиясы мен анизотропиясының динамикалық сипаттамалары газ қысымына қатысты зерттелді. Диагностикалық өлшеу жүргізуде екі пластикалық сцинтилляциялық фотоэлектронды күшейткіш және екі белсендірілген күміс фольгалы детектор қолданылды. Эксперимент нәтижелері бойынша алынған нейтрондар эмиссиясы 5,5·106–5,11·107 н/имп аралығында өзгеріп отырды. Оңтайлықысым ауқымындағы нейтрондар эмиссиясы мен оның анизотропиясы негізгі екі механизм бойынша түсіндірілді.
Бұл жұмыста, жерді жырту тәсілімен радиоактивті-ластанған аумаққа рекультивациялау жұмыстарын жүргізу тиімділігін бағалау нәтижелері келтірілген. Топырақты өңдеудің үш технологиясының тиімділігін бағалау жұмыстары жүргізілді. Аумақтың беткі қабатының ластануының төмендеуі тұрғысынан алғанда зерттеулер жерді жыртудың тиімділігін көрсетті. ЭДҚ деңгейі мен β –бөлшек ағымының тығыздығы зерттеу телімдерін жыртқан соң орташа алғанда 56% және 87% төмендегенін көрсетті. Топырақтың беткі қабатындағы радионуклидтердің төмен жатқан көкжиекке жылыстауы байқалды. Кейбір зерттеу телімдеріндегі тиесілі белсенділіктің максимумдары топырақ қабатының 20–25 см қатпарында кездеседі. Гумустың құрамы мен рекультивацияланған телімдердің топырағындағы механикалық құрамның өзгергені анықталды, бұл дефляциялық процестердің орын алуы жайлы, сонымен қатар тұнбалы фракциялар мен гумустың топырақтың тереңдігіне гравитация және жауын-шашындардың әсерінен жылыстауы орын алғанын көрсетеді. Сонымен бірге топырақтың күндізгі қабатына өсімдіктердің радионуклидтерді шығаруы мен осы процеске өсімдіктердің тамыр жүйесі типінің әсер етуі қарастырылды және таңдап алынған рекультивациялау технологиясының рекультивацияланған телімде өсімдіктердің қаулап өсу процесіне әсері бағаланды. Жалпы алғанда, кейіннен далалық өсімдіктердің тұқымын 180° сеуіп қатпарды айналдыра отырып 30 см тереңдікте топырақты жырту технологиясы оңтайлылау болып табылады.
Бұл мақалада КТМ токамагының графитті элементтерінен (тайлдар) атмосфералық газдарды 450–480 °С температураға дейін қыздыру кезінде газ бөлу бойынша эксперименттерді дайындау және жүргізу бойынша жұмыстардың сипаттамасы берілген. Жұмыста КТМ токамагының графитті тайлдарымен термодесорбциялық эксперименттер жүргізу үшін қолданылатын эксперименттік құрылғының конструкциясы сипатталған. Термодесорбциялық эксперименттерді жүргізу әдістемесі сипатталған. Жоғары вакуумды сорғымен үздіксіз сорғы режимінде 3,5 °C/мин жылдамдықпен 450–480 °C температураға дейін желілік қыздыру кезінде графит тайлдарынан газдың бөлінуіндегі уақытқа тәуелділігі келтірілген. Тәжірибелік мәліметтерге қысқаша талдау берілген. Графит тайлдарын KTM токамагының вакуумдық камерасына орнатпас бұрын дайындау технологиясы бойынша ұсыныстар ұсынылған.
Helianthus Annuus дақылымен тамырлық түсуі кезінде 3Н өзіне қосып алу процесін зертханалық жағдайларда сандық бағалау берілді. Helianthus Annuus тамырлық жүйесімен 3Н созылмалы сіңіру кезінде R факторының мәндері өсіп-жетілу барысында 0,11-ден бастап 0,27 дейін құбылатыны анықталды. Тритийленген органикалық заттектің қалыптасу жылдамдығы жапырақтану фазасында жоғарылап, 0,08-ден бастап 0,044%·ч-1 дейінгі шектерінде өзгеріп отырды. Транслокация индексі (translocation index – TLI) Helianthus Annuus дақылы үшін −3Н тамырлық сіңірілуі кезінде 65% құрады, бұл радионуклидтің аэралды сіңірілуі кезіне қарағанда 2,5 есеге жоғары. Helianthus Annuus мүшелері бойынша 3Н ұзақ уақыт тамырлық түсуі кезінде еркін су тритийі (ЕСТ) үшін «тамырлар > гүлшоғырлар > сабақтар > жапырақтар», органикалық байланысқан тритий (ОБТ) үшін – «гүлшоғырлар > сабақтар > жапырақтар > тамырлар» қатарында азаяды. Helianthus Annuus дақылымен 3Н таралу сипаты 3Н тамырлық сіңірілуі кезінде ЕСТ белсенділік мәндері тамырмен сіңірілген судағы радионуклидтің белсенділігімен өзара тығыз байланыстырылады (r = 0,89). Helianthus Annuus мүшелері бойынша 3Н белгіленген таралу заңдылықтары мен R мәндерінің қоршаған ортаның тритийлік ластану биомониторингі үшін практикалық маңызы бар.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер 1982 жылдың соңынан жүргізіледі. Бүгінгі таңда осы зерттеулердің нәтижесінде эксперименттік деректердің үлкен көлемі жинақталған, олар ядролық реакторлардың өтпелі және апаттық пайдалану режимдеріндегі бет алысын талдауға арналған есептеу кодтарын құру, тексеру және валидация кезінде, соның ішінде отынның балқуымен ауыр апаттың дамуы кезіндегі реактордың жағдайын талдауға арналған. Сонымен бірге, бұл деректерді қолданудың оң әсері эксперименттік нәтижелерді жинау, өңдеу және сақтау мәселелерін, сондай-ақ ауыр апаттың даму процесінің толық көрінісін жасау үшін жетіспейтін деректерді алу үшін эксперименттерді жоспарлау және жүргізу міндеттерін шешуге жүйелі тәсілдің болмауымен айтарлықтай төмендейді. Осыған байланысты ақпараттық-талдау жүйесі (АТЖ) түрінде негізгі критерийлер бойынша деректерді қорыту оларды сақтау, өңдеу және талдау үшін көп функциялы құрал жасауға және олардың пайдалы қолданылу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні айқын болып табылады.
Аталған жұмыста әзірленген бағдарламалық қамсыздандырудың (ары қарай Bioscheme ПҚ) мүмкіндіктеріне шолу, сондай-ақ РҚХК №78 жарияланымынан биокинетикалық модел мысалында ішкі сәулелену дозасын есептеу әдістемесі ұсынылған. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалында қазір қолданыстағы және қолданылатын бағдарламалық қамсыздандырумен салыстырғанда Bioscheme БҚ тек дәстүрлі міндеттерді ғана шешуге мүмкіндік беріп қоймай, сол сияқты стандартты емес жағдайлар үшін радионуклидтердің түсу, жинақталу және шығарылу функцияларын моделдеу және автоматты шығаруға мүмкіндік береді.
Мақалада төменгі және орташа белсенділіктің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша шет елдердің тәжірибесі талқыланады. Пайдаланылатын жер үсті сақтау/жою пункттерінің конструкциясы мен техникалық шешімдеріне басты назар аударылды. Талдау нәтижелері бойынша жер үсті түріндегі қойманың оңтайлы орналасуы жұмыс істеп тұрған радиациялық қауіпті объектілер болып табылады деген қорытынды жасалды.
Суперконденсаторлар, литий-ионды батареялар, газ қадағалары және электрохроматикалық құрылғылар тұрақты технологияны дамытуда маңызды рөл атқарады деп күтілуде. Кейінгі кезде қол жеткізілген прогресс наноқұрылымды никель оксидтерінің энергияны конверсиялау мен сақтаудың тиімді жүйелері үшін келешегі бар кандидат екенін көрсетті. Соңғы уақытта никель оксидінің нанобөлшектеріне олардың ерекше физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты қызығушылық артып келеді. Бұл жұмыста никель оксидінің нанобөлшектерінің синтезі ең алдымен өндіріс әдісімен жіктеледі. Сондай-ақ бұл жұмыста технологиялық жағдайлардың никель оксиді нанобөлшектерінің қасиеттеріне әсері туралы салыстырмалы шолу жасалған.
Аталган жумыста темен белсендiрiлген феррит-мартенситп болаттьщ плазма агындарымен эсерлесуi зерттелдг Эксперимент энергетикасы 1,9 кДж болатын плазмальщ кондыргысында 2,5 торр дейтерии газ кысымында журпзвдг Атомдык куштж микроскошъщ талдау нэтижелерi болаттъщ бетшде 2 мкм дешнп сызаттар жэне 81-280 мкм дейiнгi теактер пайда болганын керсеттi. Сонымен катар темен белсендiрiлген феррит-мартенситтi болат бетшдеп эрозияныц пайда болу механизмi керсеплдг Пайда болган эрозиялык механизм плазма агындарыныц импульсына тэуелдiлiгi керсетiлдi.
ISSN 1729-7885 (Online)