Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
5-10 344
Аңдатпа

2016–2017 жж. ақпаратты жедел өңдеу режимінде Ресейдің және шектес аумақтардың сейсмикалық мониторингінде ЯСЖТШҰ-ның және Қазақстанның ұлттық деректер орталығының деректері мен ақпараттық өнімдерін РҒА Геофизикалық қызметімен (ГҚ) пайдалануы бағаланады. Ресей аумағында РҒА ГҚ Шұғыл хабарламалар қызметінде оқиғаларды локациялау кезінде толқындық түрлерді, автоматты белгіленген кірістерді (arrival) және SEL1 бюллетенінің деректерін падалану көрсетілген.

11-19 243
Аңдатпа

Солтүстік Кореяда жерасты ядролық жарылыстар жерлері жанында 2016 ж. 9 қыркүйекте және 2017 ж. 03 қыркүйекте болған кемінде он төрт кіші сейсмикалық оқиғалар, аймақтық станцияларда сейсмикалық сигналдардың толқындық түрлері туралы деректердің көмегімен, айқындалып жергіліктелген. Осы оқиғалардың магнитудасы 2,3–3,5 аралығында. Осы оқиғалар жерасты ядролық жарылыстар (ЖЯЖ) полигоны жанында болғанына сүйене, оларды афтершоктр ретінде санауға болады. Осы оқиғалардың эпиорталықтары, жергіліктеудің 50 м. қателігімен, бір бірінен 1 км. қашықтығында орналасқан. Авторлар осы кіші оқиғаларды дискримнациялау үшін ең жақсы әдісі ретінде – P және S аймақтық толқындардың спектрлік амплитудаларының қатынасын қоладанған. P/S спектрлік амплитудаларының қатынасы бойынша осы оқиғалардың біреуіде жарылысқа ұқсайтын болып сәйкестендірілмейді.
Қосымша ретінде, ЯСЖТШҰ Халықаралық мониторингі жүйесінің (IMS) сейсмикалық топтарын, жаһандық сейсмографиялық желінің GSN станцияларын, сондай-ақ аймақтық желінің станцияларын қоса алғанда, Онтүстік Корея мен солтүстік-шығыс Қытайдағы сейсмикалық станциялардың деректерін пайдаланып, Солтүстік Кореяның сынау полигоны төңірегіндегі ықтимал әлсіз сейсмикалық оқиғалары зерделенген. P/S спектрлік қатынастарға қолданылған, Махаланобис әдісінде негізделген сызықтық дискриминанттық функция, сондай қатынастардың арифметикалық орта мәнінен, оқиғаларды қадағалау үшін жақсырақ жарайтыны туралы қорытынды жасалған.

20-26 290
Аңдатпа

Солтүстік Кореядағы Пунгери полигонындағы екі жерасты ядролық жарылыстардың магнитудалық және спектралдық дискриминанттары сипатталды: 2016 ж. 09.09-ындағы және 2017 ж. 09.03-індегі, сонан соң полигон маңындағы екі жерсілкінудің едәуір күштісінен кейін (2017 ж.09.03-індегі) 8 минуттан соң іле-шала болған жерсілкінулер, сондай-ақ бәлкім бағытталған сипаттағы: 2017 ж. 09.23-індегі және 2017 ж. 10.12-сіндегі жерсілкінулер. Солтүстік Кореядағы сынаулардың ең күштісі телесейсмикалық арақашықтықда (Δ≥30ᵒ) толқынды көріністің ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік берді.

27-31 261
Аңдатпа

«Бурабай» геофизикалық обсерваторияның үлкенбазалық сейсмикалық топтастыру жүйенің шалғайдағы Зеренді, Восточный, Чкалово пунктілердің «Ожерелье» кіші жүйелері қарастырылған. Невада сынау полигонында жүргізілген жерасты ядролық жарылыстарды тіркеу үлгісінде жергілікті годографтары мен Pahute полигонның о алаңы – шалғайдағы Зеренді, Восточный, Чкалово пунктілері трассаларында құма толқынның өту уақытының сызықтық трендтері зерттелген

32-35 245
Аңдатпа

Қазақстанда 1964–1989 ж.ж. кезеңінде Семей сынау полигонындағы (ССП) жерасты ядролық жарылыстардан Антарктидадағы «Новолазаревская» станциясында тіркелген PKIKPDF толқынның жергілікті годографы мен өту уақытының сызықтық тренді қарастырылған.

36-43 293
Аңдатпа

Ресей ғылыми академиясы Геосфералар динамикасы институтының оратеңдік «Михнево» геофизикалық обсерваторияның жағдайлары үшін импульстік геомагниттік вариацияларына сейсмикалық аяның елесі зерттеледі. SSC- жәгне SI-типтеріндегі магниттік өрістің импульстік вариацияларында 0,01–0,1 Гц (бөлегінде 0,001–01 Гц) жиіліктік ауқымында сейсмикалық аяның көбінесе жоғары вариациялары байқалады. Статөңдеу әдісімен геомагниттік өрісінің ауытқуы микросейсмикалық аяның өзгерілуін тудыратыны (бір аз кешігумен) анықталған. Мәнді корреляция айқындалған және геомагниттік импульстің амплитудасы мен сейсмикалық аяның өңдірілген вариацияларының амплитудасы арасында тәуелдіктің сандық бағасы алынған. Геомагниттік импульстан кейін, уақытында шамалы кідірісімен, магниттік типпердің модулі жүрісінде келтірілген электр токтар мәндерінің «секіріс тәріздес» өзгерістері байқалады.

44-48 229
Аңдатпа

Техногенді және табиғи жарылыстармен шартталған геоэкологиялық қауіп-қатерлерді алдын ала болжау үшін әр геофизикалық өрістердің өзара әрекеттестігін зерделеуі актуальды болып келеді. Осыған байланысты, геофизикалық өрістерді зерделеудің авторлар ұсынған вибрациялық әдісі қарастырылып, зерттеледі. Сейсмикалық вибраторлардың жоғары метрологиялық және экологиялық сипаттамалары арқасында қарастырылудағы облысында жоғары дәлдігі мен зерттеулердің қайталанущылығына, сондай-ақ оларды алу экологиялылығына қол жеткізіледі. Зерттеулердің нәтижелері теоретикалық және экспериментальды негізделген.

49-53 238
Аңдатпа

Ортаның белсенді геофизикалық мониторингі жүйелерінде деректерді жинаудың желілік технологияларын іске енгізуіне байланысты деректерді алу жылдамдығы бойынша жедел талдаудың әдістері мен алгоритмдері актуальды болып табылады. Үлгі ретінде, сеймикалық вибраторлар өндіретін сейсмикалық және акустикалық тербелістерді қолданумен, қоршаған ортаның белсенді мониторингі жүйелерінде деректерді бірізді кросскорреляциялық үйіру алгоритмдері қарастырылады. Вибраторлар, Жерді тереңгі сейсмикалық зондтауда, атмосфераның акустикалық мониторингісінде және басқа міндеттерді шешуінде кең қолдана басталған.

54-57 293
Аңдатпа

Тәжікстан, Қытай және Қырғызстанның шекаралас аудандарында 2016 жылғы қарашаның 25-інде болған қатты жерсілкіну (М=6,4) кезеңіндегі және оның алдындағы геомагниттік параметрлер вариацияларының егжейтегжейлі талдауының нәтижелері көрсетілген. «Алма-ата» геомагниттік обсерваториясының деректері пайдаланылды (халықаралық коды АAA; географиялық координаттары [43,25°N; 76,95°E]; геомагниттік координаттары [34,3°N, 152,7°E]). Жерсілкінудің алдында геомагниттік өрістің компоненттің – X-, Y-, Zсекундттық мәндерінің вариацияларында шамамен 52–55 мин кезеңдік синусоидалық тербелістер пайда болатыны белгілі болды.

58-63 385
Аңдатпа

КСРО-ның көп жылдық (1965...1988 жж.) бейбітшілік ядролық жарылстары бойынша анықтамалық-ақпараттық жүйе ұсынылған: құрылымы, жарылыстарды өткізу орындарының картографиялық бейнелеуі, фото- және бейне-құжаттар, техникалық құжаттама, эксперименттердің штаттық жағдайларының бұзушылықтары бар объектілер. Жарылыстар жөніндегі анықтамалық ақпаратты (координаттарын, мақсатын, сипаттамаларын, жарылыстан кейінгі радиациялық жағдайын, қазіргі заманғы объектінің күйін және т.б.) жедел алу мүмкіндігі көрсетілген. Жүйенің ақпараты зерттеушілерге, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік жұмыстарын және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізетін жергілікті мемлекеттік үкімет органдарының мамандарына пайдалы болуы мүмкін.

64-68 237
Аңдатпа

Жерасты ядролық жарылыстар зоналардың мониторингі тақырыптамасында серпімді ортаның жылдамдық моделін қалпына келтіру мәселесі қарастырылған. Тәсілдемесі геофизиканың тікелей міндеттері жинағын шешуінде негізделген. Толық толқындық өрісін сандық модельдеу әдісі қысқаша сипатталған, қосумен орталарды модельдеу бойынша сандық эксперименттердің нәтижелері берілген. Қосуы, жерасты ядролық жарылыс нәтижесінде пайда болатын қуыстың аналогы болып келеді. Біртекті емес серпімді орталардың 2D–3D модельдерін жасау үшін әзірленген программалық жасауы сипатталады. Эксперименттердің теоретикалық нәтижелері көрсетілген.

69-77 369
Аңдатпа

Семей сынау полигонындағы жерасты ядролық жарылыстар мен Алматы қ. жанындағы екі жерсілкінулер (Мb=3,5 және Мb=3,6) болуында ауытқулар литосферадан ионосфераға дейін таралу үлгісінде литосфералықатмосфералық-ионосфералық байланыстары зерттелген. Таулы жерде орнатылған зерттеу жабдықтар кешенімен жерсілкінуге дейін жеті күн бұрын бірмезгілде гамма-кванттар ағымы қарқындылығының, температураның, акустикалық импульстардың және ионосферлік сигналы жиіліктің допплерлік жылжудың (ЖДЖ) вариацияларында аномаль мәндері тіркелген. Семей сынау полигонындағы жерасты ядролық жарылыстар болуында ионосферлік сигналдың ЖДЖ вариациялары жазбаларының ретроспективалық талдауы ЖДЖ жазбаларында жарылыстан кейін 15–18 минуттан соң және акустикалық толқынға ионосфераның әсер етуінен кейін ауытқуларды анықтады. ЖЯЖ-дан радиоактивті өнімдері атмосфераға енуінде және жерсілкіну алдында гамма-кванттар ағымы артуында тіркелген аномаль мәндері, сірә, атмосфераға ауытқулар жіберілудің жалпы механизмдеріне жатады, атап айтқанда, ионосфера мен Жер арасында ортақ тогы өзгерілуіне келтіріетін, атмосфераның шекаралық қабатының ионизациясы өзгерілу.

78-87 264
Аңдатпа

Семей сынау полигонындағы «Заречье» алаңы үлгісінде ірімасштабты жарылыстардың таужыныстар массивіне жоғары қарқынды әсерінің теріс салдарларын анықтаудың ғылыми-әдістемелік тәсілі ұсынылған. Бастапқы деректері ретінде жерасты сулардың режимін тереңдігі 75–200 м. ұңғымаларда 1987–1990 ж.ж. кезеңіндегі бақылаулардың нәтижелері қолданылған. Тірек ұңғымалардың тұстамасында деңгейі өзгерілуін салыстырма талдауы, жерасты ағымы кеңістік-уақыттық қайта таралу учаскелерін бөлуге бағытталған. Гидродинамикалық жағдайың өзгерілуі зерттелудегі массиві жоғары қарқынды әсерінде деформациялану режимінің индикаторы ретінде есептеледі.

88-91 254
Аңдатпа

Курск және Нововоронеж АЭС орналастыру аудандарының үлгісінде, 2-інші энергетикалық классынан бастап сейсмикалық оқиғаларды тіркейтін Воронеж сейсмикалық станциялар желісімен (VMGSR) сейсмикалық мониторингтің тиімділігі көрсетілген. Сейсмологиялық мониторингтің нәтижелері атом станцияларын орналастыру аудандарында сейсмикалық және сейсмотектоникалық жағдайларын және олардың тұрақтылығын оңтайлы және анық бағалауына мүмкіндік береді.

92-99 249
Аңдатпа

Қазақстанның атом саласының кейбір объектілері орналасу жерлердің грунттарында құрылымды-заттық өзгерістерін геофизикалық және атмогеохимиялық деректері бойынша айқындау мен қадағалау нәтижелері келтірілген. Құм-сазды қимасы таужыныстардың электрлік кедергісі, табиғи сейсмикалық шуы, газөтімділігі деформациялық процестеріне байланысты өзгерілулердің кеңістік-уақыттық байланысы көрсетілген. Тестобъектілерінде мониторингтің перспективті геофизикалық технологиялары мен бақылау желілерін сынамалау нәтижелері келтірілген.

100-106 304
Аңдатпа

Солтүстік Тянь-Шаньнің шығыс жағы мен Жоңғартауда, кеш плейстоценде – голоценде жылжытылған қанаттарымен белсенді жарылымдардың созылымы, негізінде субендік ең жаңа құрылымдардын бағыттарынан өзгеше. Бұл жарылымдар солтүстік-батыс созылымдағы онжақты ығыспалы дизъюнктивтер болып келеді. Дәл осы жарылымдар зерттелген аумақта қазіргі кездегі сейсмикалық жағдайына жаупты болып келеді.

107-115 328
Аңдатпа

Орталық Азиядағы сейсмикалылықтың мониторинг жүйелері сипатталған, ұлттық сейсмикалық желілеріне кіретін станциялардың кейбір сипаттамалары мен құрылу тарихы келтірілген. 2018 ж. жағдайы бойынша жерсілкінулер мен ядролық сынауларды тіркеудің тұрақты және уақытша жүйелерінің шолуы мен оларды әртүрлі міндеттерді шешу үшін және зерттеу жобаларында пайдалану ұсынылған.

116-120 268
Аңдатпа

Жақын арадағы карьерлік жарылыстардың және плотинадағы гидроэлектрстанциясының вибрациясы әсер ететін Қапшағай ГЭС-нің орналасқан ауданының сейсмикалылығы талданды. 1970 жылы су қоймасы толтырылғаннан кейінгі дәне оғанға дейінгі жерсілкінулердің санын бөлу бойынша, сондайақ 2011–2018 жж. орташа жерсілкінулер бөлігінің ұлғаюы бойынша техногенді сейсмикалылықтың жеделдеуі жөнінде қорытынды жасалады. Су қоймасының тура Алтын-Эмел жарылымының үстінде орналасуына және табиғи сейсмикалылықпен туындаған сейсмикалылықтың одан арғы дамуы кезінде осы жарылымның активтену мүмкіндігіне көңіл аударылады.

121-124 275
Аңдатпа

Тоқтагүл ГЭС бөгетінің сейсмикалық шуларын талдау нәтижелері келтірілген. Шулар спектрлерін жабдықтың күйін және жерсілкінулерден кейін бөгет денесіндегі қалдық құбылыстарды бағалау үшін пайдалану мүмкншілігі белгіленген.

125-128 275
Аңдатпа

Воронеж кристалл массиві аумағындағы техногенді сейсмикалық оқиғалардың энергетикалық классының мәндері таралуын талдау нәтижелері келтірілген. Бір оқиғалардың энергетикалық классының мәндері қашықтығына байланысты өзгерілетіні анықталған. Энергетикалық классы өзгерілу ауқымы 2 ретін құрайды да негізінде көлденең толқындардың амплитудаларына тәуелді.

129-134 270
Аңдатпа

Беларсьтағы калий тұздардың Старобинск кенорнында 1983 жылдан бастап 2017 жыл бойынша өткізілген ұзақ уақытты сейсмологиялық мониторингтің нәтижелері келтірілген. Табиғи тектоникалық күштердің әсер етуіне ұшыраған деңгейжиектегі кернеудің өзгеруінен жарылымдарды активтендіруімен туындаған, бағытталған сейсмикалылықтың көріністері мен тау жыныстарының жерасты қазып алуларымен шартталған сейсмикалылық қарастырылды. Сейсмикалылықтың кеңістіктік көріністері шахталық жазықтықтардың шегінен шығып, тікелей тау жұмыстарының ауданына жалғасып тұрған аумақты қамтитыны белгілі болды.

135-143 296
Аңдатпа

2014 ж. 14 қарашада Ыстық көлдің онтүстік жағалауында Тегерек таулардың онтүстік-батыс баурайында болған MPVA=6.2 елеулі жерсілкіну туралы ақпарат келтірілген. Жерсілкіну ошағының негізгі параметрлері, оның механизмі бағаланған, афтершоктар таралуы алынған. Микросейсмикалық тексерудің нәтижелері келтірілген. Ауданның жарылым-тектоникалық сұлбасында және тарихи сейсмикалылық мәнмәтінінде ошақтың орналасуы көрсетілген.

144-151 277
Аңдатпа

Халықаралық мониторинг жүйесі (ХМЖ) атмосфералық жарылыстар мен тәрізді оқиғаларды айқындауына пайдаланылады. Зерттелудегі жиіліктер жолағында шу аясы табылған оқиғасына әсерін тигізу мүмкін, ерекшелігінде, микробаромдар ретінді белгілі болатын мұхиттің шулы аясы. Мұхиттағы толқындардың өзара әрекеттестігі акустикалық шуды тұрақты өңдіріп тұрады, бұл қызықтыратын сигналдарды жасыру мүмкін. Сондай шудың ықпалы ол таралу трассасы бойындағы атмосфералық жағдайларына байланысты. IFREMER океанографиялық институтымен (Франция) әзірленген мұхит толқындарының өзара әрекеттестігі моделін және, ECMWF (Ауаны ортамерзімдік болжау еуропалық орталығы) беріп тұратын, жаһандық атмосфералық модельдердің әсерлерін есепке ала отырып, авторлар бақылаудың әр түрлі модельдерінде микробаромдардың амплитудалары мен азимуттарын салыстырады. Бұл зерттеу атмосфера мен мұхиттің өзара әрекеттестігінің сипаттамаларын жақсартады деп күтілуде. Өз кезегінде, микробаромдар көздері туралы білімдерді арттыруы атмосфералық жарылыс оқиғаларды одан жақсы сипаттауына мүмкіншілік береді.

152-160 274
Аңдатпа

Мониторингтің қазақстандық желісі төрт сейсмикалық және үш инфрадыбыстық топтарынан тұрады. Топтардың жазбаларында сол-түстік шығыстан келген көптеген сигналдар табылған. Қазақстан аумағы үшін микробаромдар мен микросейсмдердің басым көзі Солтүстік Атлантика болып табылады [1]. Микросейсмдер мен микробаромдар өңдірілу орындардың орналасуын өзертуін модельдеуі теңіз толқындардың энергиясы мен қозғалысының бағыттары туралы деректердің негізінде жүргізілген. Модельдеу мен қазақстандық мониторингтік желісінің бақылауларының нәтижелерін салыстыруы жүргізілген.

161-166 269
Аңдатпа

Aла-Арча үшкомпонентті сейсмикалық станциясы, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты жөніндегі Ұйымы құратын Халықаралық мониторинг жүйесінің AS060 қосалқы сейсмикалық станциясы ретінде, 2007 ж. сертификатталған. Осы станцияның жазбалары бойынша аймақтық қашықтықтарында жүргізілген – Лобнор полигонында 1983–1996 ж.ж., Семей полигонында 1983–1989 ж.ж. Похаран және Шағай полигондарында 1998 ж. – жерасты ядролық жарылыстардың толқындық көрінісін салыстырма талдауы жүргізілген. Жерасты ядролық жарылыстар мен жерсілкінулердің негізгі сейсмикалық аймақтық фазаларының спектрлік қатынастары зерттелген.

167-170 256
Аңдатпа

Жерсілкінулер пайда болу тегінің физикалық процесстері қарастырылған. Жерсілкінулер пайда болудың негізгі аспектілері тұжырымдалған: энергетикалық көздері, Жер қозғалудың күрделі процесстерін (айналу, орбита бойынша қозғалыс ж. б.) есепке алатын Жердің динамикалық процесстері. Жерсілкінулерді болжаудың кейбір мәселелері баяндалған, сондай-ақ ортаның жай-күйін диагностикалаудың ұсынылған процедурасы.

171-177 348
Аңдатпа

2015 жылғы 7 желтоқсандағы Сарез жерсілкінудің, ол жер бетінде біліну ерекшеліктерінің, геологиялық құрылымдарына тұстасталудың және изосейстер картасының сипаттамасы келтірілген. 1911 ж. 18 ақпандағы жерсілкінумен салыстырма талдауы берілген және 2015 ж. сценарийі бойынша Сарез көлі ауданында тереңдегі ықтимал жерсілкіну туралы қорытынды жасалған.



ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)