Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
5-9 279
Аңдатпа

Тоттануға төзімді 10Х18Н10Т-ВД болаттың радиациялық өңдеулерге байланысты ақаулану дәрежесі кең ауқымды зерттеулерден өткізілген. Материалдың радиациялық қасиеттерін зерттеу үшін позитрондық спектроскопия тәсілі қолданылды. Зерттеу тәсілінің негізгі құрылымдық-сезімтал көрсеткіші ретінде позитронның атом құрамындағы еркін электрондар мен байланысқан электрондар арасында аннигиляция құбылысына қатысу ықтималдығы пайдаланылды. Зерттеу нысаны түрлі факторлардың кешенді әсері арқылы өңдеуден өткізілді. Бірінші кезеңде зерттеу нысаны жасытылған, күйзеліссіз және күйзелісті күйден 600 °С температурада 1000 сағ. ішінде сұйық литийде өңделді. Келесі кезең сондай күйдегі болатты сутекпен қанықтырудан жүргізілді. Соңғы кезеңде болат материал энергиясы жоғары электрондармен (4 МэВ) және реакторлық нейтрондармен 1018 және 1019 см-2 флюенспен сәулелендіруден кейін тағы да сұйық литийде өңдеуден өткізілді. Зерттеу нәтижелері балқыған литийдің тоттануға төзімді болаттың радиациалық ақаулануына әртүрлі деңгейде әсері болатындығын және оның коррозиялануына да ықпалын тигізетіні белгілі болды.

10-19 260
Аңдатпа

Бастапқы энергиясы Е0 = 0,5÷10 кэВ болатын қиғаш түскен N+, Ne+, Ar+, Kr+, Be+ және Se+ иондарының Cu(100), Ag(110), Si(001), SiC(001) және GaAs(001) монокристалдарының беттік қабатымен әсерлесуінің, соған байланысты, алғашқы ығысқан атомдардың туындауын компьютерлік моделдеу арқылы зерттеу нәтижелері баяндалады. Қиғаш шашырау кеңістігінде шашыраған иондар энергиясының серпімді шығыны серпімсіз шығыннан көп төмен екендігі байқалды. Шашыраған иондардың энергиясын эксперимент нәтижесінде анықталған энергетикалық үлестірулермен салыстыру арқылы моноатомдық сатылардың орын алатынын және олардың мөлшерін анықтауға болады. Тозаңдата таралған бөлшектердің бұрыштық, кеңістік және энергетикалық үлестірілуі мен тиісті коэффициенттері есептелді. Иондардың монокристалдың беттік қабатына қиғаш түсуі нәтижесінде тозаң түрінде тараған және десорбцияланған бөлшектердің энергиясы өте төмен алғашқы ығысқан атомдар ағынын құрайтыны белгілі болды. Адсорбцияға қатысқан молекулалардың диссоциативті және диссоциативті емес десорбциясы зерттеліп, олардың диссоциативті емес десорбциясы үлесінің қарқындылығының жоғары болу мүмкіндігі көрсетілді. Бір және екі компонентті кристалдар үшін бөлшектердің ығысу бұрышына байланысты тозаңдау табалдырығы табылып, сәулелендіруші иондардың массасына, энергиясына және кристалдың құрылымдық көрсеткіштеріне тәуелділігі анықталды. Қиғаш бағытта иондармен сәулелендіру арқылы сырғанау бұрышының шашырау табалдырығының оптималды аралығында, төменгі индекстік бағыттарда монокристалдың бетін қабат- қабатымен тозаңдатуға болатындығы дәлелденді. Кристалдың беттік қабаттарына жақын маңда имплантацияланған иондардың әртүрлі тереңдікте қажетті мөлшерде үлестірілу дәрежесін белгілеу шарттары мен жолдары анықталып, беттік аралықты қат-қабат бойынша талдаудың сезімталдығы жоғары әдісі ұсынылды.

20-27 334
Аңдатпа

Бұл жұмыс сипаттайды дайындау технологиясын литийлі, ККЖ негізінде карбон материал негізіне күшейтіліммен көміртегі нанотүтікшелер. жұмыста сипатталған барлық негізгі кезеңдерін дайындау литийлі ккж негізінде карбон мата арматураланған унт. келтірілген микроструктурные және рентгенофазные зерттеу дайындалған үлгідегі литийлі ККЖ негізінде карбон мата, арматураланған УНТ, сондай-ақ анықталған оның тығыздығы және жылу өткізгіштігі.
Жүргізілген жұмыстар көрсеткендей, карбон қышқылы материал негізіне бетіне талшықтар арматураланған, көміртекті нанотүтікшелер, толық жабылады сұйық литийлі. Әзірленген технология толық көлемде үшін қолайлы үлгілерді дайындау литийлі ККЖ үшін одан әрі зерттеу.

28-30 318
Аңдатпа

Қазіргі уақытта кәсіпорындарда ақпараттық жүйелердің (АЖ) саны және мағынасы жетіліп келеді және нәтижесі ретінде, тұтынушылардың оларды қолдануға сенімділігі де өсуі тиіс. АЖ пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін бірқатар технологиялар бар. Бірақ, технология өздігінен барлық мәселелерді шешпейді, сондықтан, ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын, қолжетімділігін, мүлтіксіздігін және анықтылығын қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер қауіпсіздігінің нақты белгіленген саясаттардың қажеттілігі болуда. Осы мақалада рұқсат етілмеген қол жеткізуден ИВГ.1М реакторлық қондырғының өлшеу жүйесінде ақпаратты қорғау міндеті қойылады. Ақпараттық жүйені қорғау үлгісінде ақпаратты қорғаудың кешендік тәсілдемесін ашады, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың бірлесіп жүргізілуі көрсетілді. Мақалада ақпараттық жүйені талдау, оның жіктелуі, оның қорғалуына талаптарды белгілеу жүргізіледі. Талдау негізінде арнайы қорғау құралдары, және де жүйеде қолданылатын ұйымдастырушылық ісшаралар анықталады. Қорытындысында осы тәсілдемені қорғауға қолдану нәтижелері ашылады.

31-35 285
Аңдатпа

Отандық 99mTc-генераторды жабдықтауды түрлі ағзалар мен жүйелерді радионуклидтік диагностикалық зерттеуге арналған өзіміз өндіретін жаңа реагенттермен толықтыру қажет. Терапияға арналған радионуклидтерге қонымды диагностикалық жұп, мысалы 131I-ге сәйкес келетін 123I-ті, өндіру мүмкіндігі бар. Кардиомиотропты және екінші тропты қасиеті бар 201Tl радионуклидін өндіру технологиясын жолға қойып, қалқанша маңы безін көруге болатын ең сенімді тәсіл сцинтиграфияны меңгеру маңызды. Қымбат циклотрондық радионуклидтерге альтернативті, әр 68Gе/68Gа генераторы онкологиялық клиникада қатерлі ісікке тропты 68Gа-мен ПЭТ/КТ-сканерлеуді екі жыл қамтамасыз етеді.

36-39 245
Аңдатпа

Жұмыста ≤ 100 °С температурада 93 және 147 МэВ энергиялы 84Kr15+ иондарымен сәулелендіру нәтижесінде мартенситті-аустениттік күйдегі Ni-Ti қорытпасының микроқаттылығы мен фазалық құрамының өзгеру заңдылықтары эксперименттік зерделенген. Сәулелендіру барысында 84Kr15+ иондарының энергиясынан тәуелсіз толық радиациялық ықпалданған В19'→В2 түрленуі өтетіні анықталды. 84Kr15+ иондарының энергиясының өсуімен модификацияланған қабаттардың беріктелуі ұлғаятыны көрсетілді және беріктелген радиациялық-енгізілген ақаулық құрылымның түзілуі есебінен болған NiTi аустениттік фазасының қаттылығымен анықталады.

40-43 249
Аңдатпа

Жұмыста энергиясы 147 МэВ болатын 84Kr15+ иондарымен сәулелендіру флюенсіне байланысты аустениттік құрылымдық-фазалық күйдегі Ni-Ti қорытпасының микроқаттылығы мен фазалық құрамының өзгеру заңдылықтары экспериментті түрде зерделенді. Сәулелендіру флюенсінің өсуімен бірге проективтік жүгіру жолы (Rp) және жүгіру жолынан тыс (h > Rp) аймақтарында максимум беріктелу 5·1019 ион/м2 мәніне дейін ұлғаятыны анықталды. Беріктелу себебі радиациялық-енгізілген беріктелетін ақаулық құрылымдардың түзілуі екендігі көрсетілді. Максималды флюенске дейін сәулелендіру процесі барысында мартенситтік R-фазаның нанокөлемді бөлшектері қалыптасады және радиациялық әсерлердің салдарынан В2 құрылымды NiTi фазасының мөлшері азаяды.

44-48 273
Аңдатпа

Мақалада ұялы телефонның электрондық парамагниттық резонанс спектрінің қалыптасуына және төменгі доза қатарындағы тіс эмалінің үлгілерін өлшеу кезінде электромагниттік шу есебіндегі тигізетін әсерінің зерттеу нәтижелері көрсететілген. Осы мақсатта сәулелендірілген тіс үлгілерінің спектрі алынды. Номиналды дозамен (0, 100, 200, 300 және 500 мГр) сәулендірген он үлгілердің спектрі әр түрлі уақытта және ұялы телефонмен, телефонсыз тіркелді. Ұялы телефон ЭПР спектрометрінің резонаторына жақын орналастырылған. ЭПР толық спектрінен радиациялық индукцияланған сигналды алу үшін және оның қарқындылығын анықтау үшін арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылған. Жоғарыда айтылғандай, ұялы телефон сигналының ЭПР сигналына әсерін зерттеу үшін радиациялық сигнал (RIS) (стандартты ауытқу (SD)) фондық сигналмен және қалдық сомамен бағаланады. Бұл параметрлер жалғыз өлшемде және орта есеппен төрт рет қайталанатын өлшем үшін алынды.

49-52 266
Аңдатпа
Мақалада Дөлен, Мостик, Бөдене елді мекендері тұрғындарының Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген сынақтар салдарынан жұтылған дозасын тіс эмалі бойынша ЭПР дозиметрия әдісімен бағалаудың қорытындылары келтірілген.
53-57 415
Аңдатпа
Мақалада Лобнор қытай ядролық полигонында жүргізілген сынақтардың Қытай-Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Үржар, Мақаншы және Таскескен ауылдары тұрғындарына әсерін осы ауылда тұратын адамдардың тіс эмалі бойынша (ЭПР дозиметрия әдісімен) бағалау қорытындылары келтірілген.
58-60 271
Аңдатпа
GraphPad Prism бағдарламасы көмегімен екі қала тұрғындарының тіс эмалі бойынша салыстырмалы талдау негізінде t-test жасалды. Семей қаласы бойынша жиналған 20 тістердің алдын ала алынған нәтижелері ядролық сынақтардың әсері радиациялық қауіп төнуінің бірден бір себебі екендігін көрсетсе, Степногорск қаласы тұрғындары арасынан жиналған 27 тістің нәтижесі бойынша, олар уран өндіргіш өндірістік шаруашылықтардың есебінен радиациялық қауіпке ұшыраған.
61-68 232
Аңдатпа

ВВР-К ядролық реакторында нейтрондармен сәулелендірілген Х18Н9 аустенитті болаттың электромагниттік қасиеттерде деформациялық және термиялық өзгерістерді зерттеу бойынша эксперименттердің нәтижелері ұсынылды және талқыланды. Тікелей және кері фазалық мартенситті түрленуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сәулелендірілген реакторлық болатты күйдіру (~450 °С) кезінде және теріс температурада (-20 және -60 °C) деформацияланған кезінде ферромагнитті a-фазаның мөлшерінің қосымша өсу әсері байқалады.

69-74 207
Аңдатпа

Құрлымдық аустениттік болаттардың үлгілерінің статикалық созылуында пластикалық деформациялану сәтін анықтаудың кейбір әдістерін қарастырылды. Алынған эксперименттік нәтижелерді талдау негізінде жаңа магнитометриялық әдіс ұсынылып және сипатталынды, ол параметрлерді анықтау үшін қолданылады және мойнының пайда болу жағдайын, сәулеленбеген және нейтрондармен сәулелендірілген 12Х18Н10Т реакторлық болаттың мысалдарымен сипатталады.

75-83 303
Аңдатпа

Әдеби дереккөздер мен өзіндік мәліметтердің негізінде әлемдегі және Орталық Азиядағы су мәселелерін талдау нәтижелері ұсынылды. Қазақстан-Қырғызстан трансшекаралық секторы аумағындағы табиғи сулардың және басқа да қоршаған орта объектілерінің табиғи радионуклидтермен және улы элементтермен ластану деңгейіне Қырғызстанның радиациялық-қауіпті объектілерінің қалдық қоймаларының теріс ықпал ету айғақтары келтірілді. Шу-Қорағаты трансшекаралық су алабының аумағындағы радиациялық және экологиялық жағдайды ядро-физикалық талдау әдістері негізінде зерделеуді және жергілікті халық денсаулығына төнетін қатерлерді шектеу жөніндегі іс-шараларды жасап шығаруды көздейтін жоба ұсынылды.

84-90 358
Аңдатпа

Бұл жұмыста, температураға және пост-радиациялық сынақ ұзақтығына тәуелді, экрандық типті БН-350 реакторының ЖБЖ-нің қабықшасы жасалған материал үлгісінің қасиетті және құрылымдық ерекшеліктерінің себептерін анықтап, зерттеу нәтижесікөрсетілген. БН-350 реакторының ЖБЖ-нің қабықшасы жасалған материал үлгісінің ескіруінің ұзақтығы 5000 сағатқа жеткен кезде, карбид (Me23C6 типті) бөліну көлемі және концентрациясының артуы анықталды. Микроқұрылымдық өзгерістерінде: түйіршік көлемі, қосалқы концентрация бөлінуі, карбидтерді түйіршік шекарасына ығыстыру және олардың үштік түйісте жиналуы, қысқа мерзімді сынақтың температура артуы кезінде ғана емес (650–1050 °С изохорный отжиг), жоғары температураның ұзақ әсері кезінде де болады(5000 ч, 400 °С, 600 °С, изотермически отжиг).

91-96 293
Аңдатпа
Мақалада литий ККЖ үлгілерін сәулелендіру үшін ампульдік құрылғының негізгі параметрларын таңдаубойынша есептік зерттеулердің нәтижелері; литий ККЖ ИВГ.1М реакторында сәулелендіру кезінде тритийжәне гелий иондарының атқарымдар жылдамдықтарын және энергияны бөлуді бағалау келтірілді. Жұмыстың маңыздылығы плазмаға айналдырылған материал ретінде келешек ТЯР литийді пайдалану келешектерімен келісілген. Осы жұмыс қазіргі токамактарда ККЖ пайдаланумен литий технологияларын ілгері бастыруға мүмкіндік береді және келешек термоядролық энергияның демонстрациялық және коммерциялық көздерін жобалау негіздерін дамытуға бағытталған.
97-101 318
Аңдатпа

Плазмалық фокус типті термоядролық реактор қондырғысы материалдардың күйреуін моделдеуде қолданатын сынамалы стенд болып табылады. Себебі мұндай қондырғылар плазмадағы энергия ағынының түсуі мен разряттың ұзақталығы бойынша ХТЭР (ИТЭР) аналогты түрі болып табылады. ПФ-30 қондырғысы, плазма ағынының энергиясы 230 Дж/см2 дейін материалдарды сынақтан өткізе алады. Аталған жұмыста Fe-79 %, C-19 %, Si-1 %., Fe-68 %, Cr-14 %, Mn-8 %, C-7 %, Si-1 % және Ti-90 %, Al-6 %, O-2 %, C-1 % материалдарды зерттеу нәтижелері ұсынылған. Материалдардың эрозиясы плазманың энергия тығыздығына тәуелділігі тәжірибе жүзінде зерттелді. Нәтижеде материалдардың максималды эрозиясы Дж/см2 0,2 мкм тең болды.

102-104 296
Аңдатпа
Мақала термоядролық синтез қондырғыларындағы пайда болатын тозаңның мәселесіне арналады. Плазмадағы тозаңды бөлшектердің электрлік зарядталуына әкелетін әртүрлі процесстер қарастырылды. Тозаңды бөлшектің салыстырмалы төмен температурасында бөлшектің тепе-тең потенциалы теріс мәнді, бөлшектің температурасы жоғарылаған сайын термоэмиссия салдарынан потенциалдың өсетіндігі көрсетілді.
105-109 444
Аңдатпа

Қәзіргі нарықтық жағдайда топырақты тиімді пайдалану және қорғау жаңа ғылыми-әдістемелік тәсілдер қолдану талап етуде. Осындай жүйелі-аналитикалық тәсілдерін арқылы топырақ кадастрын ұйымдастыру үшін дәстүрлі жерүсті әдістерімен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларын үйлестіру үшін әр түрлі аэроғарыштық суреттерді кеңінен пайдалану қажет. Зерттеу нәтижесінде қол жетімді кен аудитория пайдаланушыларға ГАЖ арқылы жасау әдістемесі жүзінде топырақ картасының ArcGIS бағдарламалық өнімі көмегімен жасалынды. ГАЖ-технологиясын қолдану арқылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Жанакүш ауылдық округінің сандық топырақ картасы сканерленген топырақ картасы негізінде құрастырылды.

110-113 402
Аңдатпа

Зерттеу нәтижесінде геоэкожүйелерінің топырақ жамылғысының морфологиялық белгілері, оның биологиялық және химиялық қасиеттері анықталды: қатты фазасының көлемі мен тығыздығы, көлемдік салмағы, өңделетін қабатының құрылысы, топырақтың ылғалдылығы, қарашірік мөлшері, топырақтағы тиімді элементері, оның қорек қоры, жұту сыйымдылығы, су сүзіндісіндегі сіңірілген иондардың мөлшері. Зерттелген мәліметтер келесіні көрсетті, шалғынды кәдімігі қара топырақ типшесі тұздану химизмі бойынша сульфатты туысына жатады, ал суда жеңіл еритін тұздары бойынша тұздалмаған түрімен сипатталады, соған байланысты оларды тәлім және суармалы ауыспалы егістерін игеруінде қолдануға болады.

114-119 305
Аңдатпа

2015 жылы ССР-Қ реакторын төмен байытылатын отынға көшіру шеңберінде реактордың негізгі жүйелерін жаңғырту, оның ішінде БҚЖ толығынан ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Реактордың активті аймағының жаңа конфигурациясы ықшам және барынша энергия кернеулі болды; отынның жану сипаты өзгерді. БҚЖ жұмыс органдарының саны ұлғайды, және де олардың геометриялық параметрлері өзгерді.
ССР-Қ реакторын конверсиялау тұжырымдамасына сәйкес, пайдаланудың алғашқы жылында сулы шағылдырғышты бериллийлікке біртіндеп ауыстыру жүргізіледі, ол реактордың нейтронды-физикалық сипаттамаларының өзгеруімен тоғысатын болады. Бұл жұмыс бериллийлік шағылдырғыштың қалыптастырумен байланысты ССР-Қ реакторының кинетикалық параметрлерін анықтауға арналған. БҚЖ дұрыс жұмыс істеуі кешігуші нейтрондардың тиімді үлесі, лездік нейтрондардың өмір сүру уақыты сияқты активті аймақтың кинетикалық параметрлерін жүйеге енуін қарастырады. Сонымен бұл жұмыс осы параметрлердің мәндерін және реакторды пайдалану барысында олардың өзгеру динамикасын анықтауға арналған.

ПАМЯТЬ



ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)