Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Иондық және электрондық шоктармен өңдеу кезіндегі 67КН5Б қорытпасының құрылымдық-фазалық күйлерінің және микроқаттылығының өзгеруі

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович

Ключевые слова: ионная имплантация, электронно-лучевая обработка, микротвердость, сплав

PDF жүктеу

Мақалада азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің 67КН5Б қорытпаның құрылымдық-фазалық күйлеріне және микроқаттылығына әсері көрсетілген. 67КН5Б қорытпасының бетін электронды және ионды шоқтармен өндеу кезінде оның морфологиялық және элементтік құрамы озгеретіні
анықталды. Азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің нәтижесінде ниобидің беттік сегрегациясы әсерінен 67КН5Б қортпасының бетінде ұсақдисперсиялық қосылыстар түзілетіні анықталды. Иондық ендіру кезінде сәуле түсірудің дозасына байланысты микроқаттылықтың 10–50 пайызға өсуі көрсетілген. Электронды сәуледен кейін 67КН5Б қорытпа бетінің микроқаттылығы 2 есеге артқаны анықталды.

Детонациялық әдіспен цирконий оксиді және алюминий оксиді негізінде жылудан қорғағыш жабын алу

Авторы: Плотников С.В., Кантай Н., Рахадилов Бауыржан Корабаевич, Абилев М., Пашковский М.

Ключевые слова: микротвердость, 12Х18Н10Т, детонационный метод

PDF жүктеу
Бұл мақалада осындай материалдардың бірі ретінде 12Х18Н10Т тотбаспайтын болаты таңдалып және оның бетіне детонациялық әдіспен жағылған жабынды зерттеу негізгі мақсат етілді. CCDS детонациялық жабындау кешені, Xpert PRO рентген-фазалық талдау (U = 40 kv, I = 30 mA CuKα), Phenom ProX сканерлеуші электрондық микроскобы (SEM) және DuraScan-20 микроқаттылығы анықтау әдістері қолданылды. Болаттың бетіне детонациялық әдіспен, 500 µm және 1100 µm қалыңдықта Al2O3 және ZrO2 жабыны алынды. Жабынның қалыңдығы өлшеніп, элементтік талдау жүргізді. Әдеби шолулар мен зерттеулер негізінде металдың түрлі жабындармен қапталуы физико-механикалық және трибологиялық қасиеттерін арттыратыны анықталды. 

Электрондық сәулелену кезіндегі титан нитриді жабындарының модификациясы

Авторы: Журерова Л., Рахадилов Бауыржан Корабаевич, Кенесбеков А.Б., Кожанова Р.

Ключевые слова: облучение, микротвердость, TiN

PDF жүктеу
Аталған жұмыста термиялық және электрондық сәулелену кезіндегі титан нитриді (TiN) жабындарының құрылымдық және фазалық өзгерістерін зерттеудің эксперименттік нәтижелері берілген. Жабындық үлгілерді үздіксіз электрондық сәулелендіру ЭЛВ-4 үдеткішінде жүргізілді. 1,3 МэВ электрондар энергиясымен және 0.52·1019 e − /см2 интегралды сәулелену дозасымен электрондық сәулелендіру TiN жабындары микроқаттылығының 20%-ға артуына әкелетіні анықталды. Жоғарыда көрсетілген режимдерде электрондық сәулеленуден кейін жабынның микроқаттылығын арттырудың негізгі факторы жаңа фазалардың, атап айтқанда Co2Ti интерметаллидінің пайда болуы болып табылатындығы анықталды.

Ni-Ti қорытпасының беріктелуіне жоғары энергиялы криптон иондарымен сәулелендіру флюенсінің ықпалы

Авторы: Сатпаев Д.А., Полтавцева В.П., Партыка Я.

Ключевые слова: микротвердость, сплав, Ni-Ti

PDF жүктеу
Жұмыста энергиясы 147 МэВ болатын 84Kr15+ иондарымен сәулелендіру флюенсіне байланысты аустениттік құрылымдық-фазалық күйдегі Ni-Ti қорытпасының микроқаттылығы мен фазалық құрамының өзгеру заңдылықтары экспериментті түрде зерделенді. Сәулелендіру флюенсінің өсуімен бірге проективтік жүгіру жолы (Rp) және жүгіру жолынан тыс (h > Rp) аймақтарында максимум беріктелу 5·1019 ион/м2 мәніне дейін ұлғаятыны анықталды. Беріктелу себебі радиациялық-енгізілген беріктелетін ақаулық құрылымдардың түзілуі екендігі көрсетілді. Максималды флюенске дейін сәулелендіру процесі барысында мартенситтік R-фазаның нанокөлемді бөлшектері қалыптасады және радиациялық әсерлердің салдарынан В2 құрылымды Ni-Ti фазасының мөлшері азаяды.