Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Иондық және электрондық шоктармен өңдеу кезіндегі 67КН5Б қорытпасының құрылымдық-фазалық күйлерінің және микроқаттылығының өзгеруі

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович

Ключевые слова: ионная имплантация, электронно-лучевая обработка, микротвердость, сплав

PDF жүктеу

Мақалада азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің 67КН5Б қорытпаның құрылымдық-фазалық күйлеріне және микроқаттылығына әсері көрсетілген. 67КН5Б қорытпасының бетін электронды және ионды шоқтармен өндеу кезінде оның морфологиялық және элементтік құрамы озгеретіні
анықталды. Азотты иондық ендірудің және электронды-сәуле арқылы өндеудің нәтижесінде ниобидің беттік сегрегациясы әсерінен 67КН5Б қортпасының бетінде ұсақдисперсиялық қосылыстар түзілетіні анықталды. Иондық ендіру кезінде сәуле түсірудің дозасына байланысты микроқаттылықтың 10–50 пайызға өсуі көрсетілген. Электронды сәуледен кейін 67КН5Б қорытпа бетінің микроқаттылығы 2 есеге артқаны анықталды.

Ni-Ti қорытпасының беріктелуіне криптон иондарының МэВ энергиясының ықпалы

Авторы: Сатпаев Д.А., Полтавцева В.П., Дегтярева А.С.

Ключевые слова: сплав, Ni-Ti

PDF жүктеу
Жұмыста ≤ 100 °С температурада 93 және 147 МэВ энергиялы 84Kr15+ иондарымен сәулелендіру нәтижесінде мартенситті-аустениттік күйдегі Ni-Ti қорытпасының микроқаттылығы мен фазалық құрамының өзгеру заңдылықтары эксперименттік зерделенген. Сәулелендіру барысында 84Kr15+ иондарының энергиясынан тәуелсіз толық радиациялық ықпалданған В19'→В2 түрленуі өтетіні анықталды. 84Kr15+ иондарының энергиясының өсуімен модификацияланған қабаттардың беріктелуі ұлғаятыны көрсетілді және беріктелген радиациялық-енгізілген ақаулық құрылымның түзілуі есебінен болған NiTi аустениттік фазасының қаттылығымен анықталады.

Ni-Ti қорытпасының беріктелуіне жоғары энергиялы криптон иондарымен сәулелендіру флюенсінің ықпалы

Авторы: Сатпаев Д.А., Полтавцева В.П., Партыка Я.

Ключевые слова: микротвердость, сплав, Ni-Ti

PDF жүктеу
Жұмыста энергиясы 147 МэВ болатын 84Kr15+ иондарымен сәулелендіру флюенсіне байланысты аустениттік құрылымдық-фазалық күйдегі Ni-Ti қорытпасының микроқаттылығы мен фазалық құрамының өзгеру заңдылықтары экспериментті түрде зерделенді. Сәулелендіру флюенсінің өсуімен бірге проективтік жүгіру жолы (Rp) және жүгіру жолынан тыс (h > Rp) аймақтарында максимум беріктелу 5·1019 ион/м2 мәніне дейін ұлғаятыны анықталды. Беріктелу себебі радиациялық-енгізілген беріктелетін ақаулық құрылымдардың түзілуі екендігі көрсетілді. Максималды флюенске дейін сәулелендіру процесі барысында мартенситтік R-фазаның нанокөлемді бөлшектері қалыптасады және радиациялық әсерлердің салдарынан В2 құрылымды Ni-Ti фазасының мөлшері азаяды.