Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Суықтай деформацияланған тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питинглік коррозиясы

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Цай Кира Викторовна, Яровчук Алевтина Васильевна, Рубан Сергей Владимирович

Ключевые слова: сталь, коррозия, деформация, мартенсит

PDF жүктеу

Бөлме және төмендетілген (−20 және −60°С) температураларда статикалық созу арқылы деформациядан кейінгі аустениттендірілген тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питингілік коррозияға бейімділігінің зеррттеу нәтижелері келтірілген. Суықтай деформацияланған тотықпайтын болаттың жергілікті коррозияға қарсыласуы жадығаттың құрылымдық-фазалық күйін айқындайтын температура мен деформация дәрежесіне тәуелді екендігі анықталды. Деформацияның кішкене дәрежелері кезінде болаттың күйіне тұрақтандырушы ықпал жасайтын ұяшық тектес квазибиртекті дислокациялық субқұрылымның туындауы нәтижесінде коррозияның қарсыласуы жоғарылайтыны көрсетілді. Пластикалық деформацияның үлкен дәрежелері (30%-дан аса) жоғары ферромагнитті біртексіз құрылым түзілу үрдісімен қатар 12Х18Н10Т болатындағы жадығаттың коррозиялық беріктігіне теріс әсер етуші α΄-мартенсит туындайтын γ→α΄ фазалық түрленуіне басшылық етеді.