Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Суықтай деформацияланған тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питинглік коррозиясы

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Цай Кира Викторовна, Яровчук Алевтина Васильевна, Рубан Сергей Владимирович

Ключевые слова: сталь, коррозия, деформация, мартенсит

PDF жүктеу

Бөлме және төмендетілген (−20 және −60°С) температураларда статикалық созу арқылы деформациядан кейінгі аустениттендірілген тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питингілік коррозияға бейімділігінің зеррттеу нәтижелері келтірілген. Суықтай деформацияланған тотықпайтын болаттың жергілікті коррозияға қарсыласуы жадығаттың құрылымдық-фазалық күйін айқындайтын температура мен деформация дәрежесіне тәуелді екендігі анықталды. Деформацияның кішкене дәрежелері кезінде болаттың күйіне тұрақтандырушы ықпал жасайтын ұяшық тектес квазибиртекті дислокациялық субқұрылымның туындауы нәтижесінде коррозияның қарсыласуы жоғарылайтыны көрсетілді. Пластикалық деформацияның үлкен дәрежелері (30%-дан аса) жоғары ферромагнитті біртексіз құрылым түзілу үрдісімен қатар 12Х18Н10Т болатындағы жадығаттың коррозиялық беріктігіне теріс әсер етуші α΄-мартенсит туындайтын γ→α΄ фазалық түрленуіне басшылық етеді.

Сәулелендірілген аустенитті тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының пластикалық деформациясының шектелуі туралы

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Такиева Айжан Мусагалиевна

Ключевые слова: сталь, облучение, деформация, мартенсит

PDF жүктеу

Сәулелендірілмеген және нейтрондармен сәулелендірілген 12Х18Н10Т болат үлгілеріндегі шектелген пластикалық ағымдардың ерекшеліктері деформациялық микрокалориметрия және механикалық сынаулар әдістерін қолдану арқылы зерттелді. Мартенситті γ→α-түрленуінің өтуімен байланысты, мойын эволюциясының механизмдері айқындалды.

Сәулеленбеген және нейтрондармен сәулелендірілген X18N9 болаттың деформация және кійдіру процестеріндегі электр кедергісі мен магниттелуіндегі әзгерістер

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Нұрғали Е.Е., Максимкин Олег Прокофьевич

Ключевые слова: деформация, ВВР-К, Х18Н9, нейтронное облучение

PDF жүктеу
ВВР-К ядролық реакторында нейтрондармен сәулелендірілген Х18Н9 аустенитті болаттың электромагниттік қасиеттерде деформациялық және термиялық өзгерістерді зерттеу бойынша эксперименттердің нәтижелері ұсынылды және талқыланды. Тікелей және кері фазалық мартенситті түрленуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сәулелендірілген реакторлық болатты күйдіру (~450 °С) кезінде және теріс температурада (−20 және −60 °C) деформацияланған кезінде ферромагнитті α-фазаның мөлшерінің қосымша өсу әсері байқалады.

Нейтрондармен сәулелендірілген 12Х18Н10Т болаттың мойнының пйда болу параметрлерін магнит әдісімен анықтау

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Максимкин Олег Прокофьевич

Ключевые слова: деформация, 12Х18Н10Т, нейтронное облучение

PDF жүктеу
Құрлымдық аустениттік болаттардың үлгілерінің статикалық созылуында пластикалық деформациялану сәтін анықтаудың кейбір әдістерін қарастырылды. Алынған эксперименттік нәтижелерді талдау негізінде жаңа магнитометриялық әдіс ұсынылып және сипатталынды, ол параметрлерді анықтау үшін қолданылады және мойнының пайда болу жағдайын, сәулеленбеген және нейтрондармен сәулелендірілген 12Х18Н10Т реакторлық болаттың мысалдарымен сипатталады.

Атом саласы объектілерінің қауіпсіздігіне мониторингі үшін геологиялық орталар геофизикалық параметрлерінде техногенді өзгерілулерін зерделеу

Авторы: Шайторов В.Н, Мариненко В.А., Ефремов М.В., Жолдыбаев А.К., Кушербаева Н.Н., Шульга М.В., Утегенова М.А., Алдабергенова Г.Н.

Ключевые слова: деформация, мониторинг, сейсмический фон

PDF жүктеу
Қазақстанның атом саласының кейбір объектілері орналасу жерлердің грунттарында құрылымды-заттық өзгерістерін геофизикалық және атмогеохимиялық деректері бойынша айқындау мен қадағалау нәтижелері келтірілген. Құм-сазды қимасы таужыныстардың электрлік кедергісі, табиғи сейсмикалық шуы, газөтімділігі деформациялық процестеріне байланысты өзгерілулердің кеңістік-уақыттық байланысы көрсетілген. Тестобъектілерінде мониторингтің перспективті геофизикалық технологиялары мен бақылау желілерін сынамалау нәтижелері келтірілген.