Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Алтайдың литосферасында қысқапериодты S-толқындар жұтылу өрісінің біртекті есеместіктері және олардың сейсмикалылықпен байланысы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Кунакова Ольга Константиновна, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, литосфера

PDF жүктеу

Алтай мен Монголия және Онтүстік Сібірдің жанасқан аумақтарының литосферасында қысқапериодты S-толқындар жұтылу өрісін карталауы жүргізілген. Sn және Pn толқындардың максималь амплитудаларының
қатынасын талдауында негізделген әдісі қолданылған. Мақаншы және Ұлан-Батор станцияларымен ~300–1900 км. қашықтықтарында алынған 500 жерсілкінулердің жазбалары өңделген. Тұтасында, ауданның батыс жағында көлденең толқындардың жұтылуы шығыстағымен салыстырғанда едәуір жоғары болуы көрсетілген. Ауданның батыс жағында мантияның жоғарында қатты жұтылудың V-тәрізді жолағы көрсетілген, оған Зайсандағы 1990 жылғы (М=6.9) және Шудағы 2003 жылғы (М=7.3) жерсілкінулердің ошақтары тұсталады. Сонымен қатар, 1970 жылға дейін болған М≥7.0 қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарына көлденең толқындар шамалы жұтылуы үйлесіп келеді. Алтай ауданында, Орта Азияның басқа аудандарындағыдай, қатты жерсілкінулер алдында литосферада флюидтердің жоғары мөлшері бар зоналар қалыптастырылу туралы қорытындысы жасалған. Қатты сейсмикалық оқиғалардан кейін флюидтер бір неше десте жылдар ағымында мантияның жоғары жағынан жер қыртысына көтеріледі, бұл, Sn толқындар жұтылуын төмендетуіне келтіреді.

Солтүстік Курилдер және Камчатка аудандарында сейсмикалылықтың жаңа сақиналы құрылымдары

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение

PDF жүктеу

Солтүстік Курилдер мен Камчатканың үш аймақтарында сейсмикалылықтың кеңістік-уақыттық сипаттамалары қарастырылуда. Бұрын бұл аймақтарда, тереңдіктің екі ауқымында – 0–33 және 34–70 км., 1973 ж. 01.01 – 2009 ж. 01.01 кезеңінде қалыптастырылған сейсмикалылықтың сақиналы құрылымдары айқындалған. Соңғы 4.5 жыл ішінде сейсмикалылықтың кейбір құрылымдары, бірінші кезегінде N 52° және 53° арасындағы аймағында, едәуір өзгерілгені көрсетілген. Тәрізді өзгерістер кейбір қатты және өте қатты жерсілкінулер алдында субдукцияның басқа зоналарында байқалған. Бұл, қарастырылудағы аймақтарда, қатты жерсілкінулер дайындалуда болуын жорамалдауына негізін береді.

Онтүстік Азиядағы екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында S-толқындар жұтылу өрісінің сипаттамалары және олардың сейсмикалылықпен байланысы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, литосфера, афтершок

PDF жүктеу
Онтүстік Азиядағы (Кашмир, 2005 ж. 01-08-і, Mw=7.6 және Бхудж, 2001 ж. 01.26-сы, Mw=7.7) екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында қысқапериодты толқындар жұтылу өрістері мен сейсмикалылықтардың сипаттамалары зерттеледі. AAK (Кырғызстан) және NIL (Пакистан) станциялардың жазбалары бойынша Sn және Pn толқындардың амплитудаларының қатынасын талдауында негізделген әдісі қолданылған. Кашмирдің тақта арасындағы және Бхудждің тақта ішіндегі жерсілкінулердің ошақ зоналарында литосферада S-толқындар тиісті қатты және әлсіз жұтылуы көрсетілген. Қашмир жерсілкінуі алдында (Бхудж жерсілкінуі айырмашылығына) сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылған. Одан басқа, Кашмир жерсілкінуінен кейін, Бхудждағыдан кейін болғандарына қарағанда, М≥5.0 афтершоктар бір неше рет көп болғаны тіркелген. Жұтылу өрісі мен сеймикалылықтың үлкен вариациялары, зерттелудегі екі ошақ зоналардың литосферасында тереңдегі флюидтердің мөлшерінде үлкен айырмашылығына байланысты болуы жорамалдануда.

Орталық және Батыс Өзбекстанның сейсмикалылығының кейбір заңдылықтары

Авторы: Усманова М.Т., Саттарова А.М.

Ключевые слова: сейсмичность, сейсмограмма

PDF жүктеу
Батыс Тянь-Шаньдағы сейсмикалық белсенділігінің кеңістік-уақыттық таралуы қарастырылған. Батыс және Орталық Өзбекстанда болған қатты жерсілкінулердің екі тобы көрсетілген. Жинақталған тектоникалық энергия сейсмикалылық түрінде кезегімен аймақтар бойынша таралуының заңдылығы айқындалған. Жерсілкінулер, олардың магнитудалық деңгейіне байланыссыз, гипоорталықтарының тереңдіктері бойынша белгілі сейсмогендді қабаттарында таралуы көрсетілген. Аймақтың сейсмикалық режимінде қатты жерсілкінулерді топтастыру заңдылығынан ауытқулары айқындалған. Газлиде 1976 ж. және 1984 ж. болған М=7,0–7,3 үш қайтара өте қатты жерсілкінулер алдында мүмкін триггерлер болған – табиғи және техногенді. Табиғи триггерлеріне солтүстікте Тамдыбұлақ к. ауданындағы белсенді сызаттану (ұзындығы 100 км дейін ірі жарықшақтар) процесстері және Газлидің эпиорталықтың ауданында 40 жылдан астам елеулі жерсілкінулері болмауы жатқызылады. Техногендді триггерлеріне, Газли кенорнынан 40-жылдық тұрақты газ шығаруы және, тектоникалық тегі бар, 1976 ж. және 1984 ж. болған Газли жерсілкінулердің эпиорталықтары жанында жүргізілген, 2 ядролық жарылыстар жатқызылған. 

Иран ауданындағы сейсмикалылықтың сақиналы құрылымдары: қатты жерсілкінулердің ықтимал дайындалуы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, кольцевые структуры

PDF жүктеу
Сейсмикалылықтың бір қатар сипаттамалары қарастырылған, соның ішінде Иран ауданында қатты жерсілкінулер дайналумен байланыстылары. 2017 ж. 11.12-сіндегі Эзгелех жерсілкінуі (Mw=7,3) алдында 0– 33 км тереңдіктерінде сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылғаны анықталған. Иран аумағының көп жағында басым болатын қаусырма және қаусырма-ығыспа түріндегі механизмдерімен континент ішіндегі жерсілкінулер үшін магнитуданың табалдырық мәндері (Мп) мен эллипстердің үлкен өсінің ұзындықтары басты оқиғалардың магнитудаларынан Mw бұрын анықталған корреляциялық тәуелдіктері негізінде, сақиналы құрылым облысында дайындалуы мүмкін, қатты оқиғаның магнитудасын бағалауы жасалған: Mw=7,1±0,1 Эзгелех жерсілкіну зонасы үшін. Иранның онтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында, соның ішінде, жоқ дегенде ХХ ғасырдың басынан инструменталды және тарихи деректері бойынша қатты жерсілкінулер беймәлім облыстарында, қалыптастырылып жатқан ірі сақиналы құрылымдар айқындалған. Бұл құрылымдардың сипаттамалары бойынша айтылған облыстарына сәйкес магнитудасы Mw=7,2±0,3, Mw=7,1±0,2 және Mw=6,6±0,1 қатты жерсілкінулеріне болжам жасалады. Иранның онтүстік-батысында, оның ошағы «Бушер» АЭС жақын болуына байланысты, ықтимал дайындалудағы қатты сейсмикалық оқиға ерекше қауіпті болу мүмкін. Сейсмикалылықтың сақиналы құрылымдары қалыптастырылу себептері талқыланады.

Солтүстік Кавказ ауданындағы сақиналы құрылымдарды талдау: қатты жерсілкінулердің ықтимал дайындалуы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение

PDF жүктеу
Солтүстік Кавказдың 1964 ж. бастап сейсмикалылығының бір қатар сипаттамалары қарастырылған. 1991 ж. 05.29-ындағы Рачинск қатты жерсілкінуі (Mw=7,0) алдында 0–33 км. тереңдігінде сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылғаны анықталған. Солтүстік Кавказдағы қаусырма және қаусырма-ығыспа түріндегі механизмдерімен континент ішіндегі жерсілкінулер үшін магнитуданың табалдырық мәндері (Мп) мен эллипстердің үлкен өсінің ұзындықтары басты оқиғалардың магнитудаларынан Mw бұрын анықталған корреляциялық тәуелдіктері негізінде, сақиналы құрылым облысында дайындалуы мүмкін, қатты оқиғаның магнитудасын бағалауы жасалған. Рачинск жерсілкінуі белдемі үшін бұл мәні Mw=7,1±0,2, құрады, бұл осы оқиғаның нақты магнитудасына жеткілікті жақын. Үлкен Кавқаз шетінде және Шығыс Кавказ облысында, онда инструменталды және тарихи деректері бойынша қатты жерсілкінулер беймәлім, қалыптастырылып жатқан жаңа ірі сақиналы құрылымдар айқындалған. Ықтимал қатты жерсілкінулердің магнитудаларының мәндері бағаланған: Mw=7,0±0,2 и Mw=6,9±0,2, айтылған объектілерінде, сәйкесінде. Үлкен Кавказдың қиыр батысында дайындалып жатқан қатты жерсілкінуі, халықтың тығыздығынан және Краснодар, Нововроссийск, Сочи ж.б. ірі қалалар жақын болуынан, ерекше қауіпті болып білінеді. Сақиналы құрылымдар қалыптастырылуы, тереңдегі флюидтер жылыстауымен байланысқан, геологиялық жүйелердің өзіндігінен ұйымдастырылу процессінін салдары болуы болжануда. 

Ресейдің сейсмикалық мониторингінде жедел режимде Ядролық Сынауларға Жан-жақты Тыйым салу Туралы Шарты Ұйымының деректері мен өнімдерін пайдалану

Авторы: Маловичко А.А., Старовойт О.Е., Коломиец М.В., Габсатарова И.П., Рыжикова М.И.

Ключевые слова: сейсмичность, ОДВЗЯИ, мониторинг, KNDC, СТВТО

PDF жүктеу
2016–2017 жж. ақпаратты жедел өңдеу режимінде Ресейдің және шектес аумақтардың сейсмикалық мониторингінде ЯСЖТШҰ-ның және Қазақстанның ұлттық деректер орталығының деректері мен ақпараттық өнімдерін РҒА Геофизикалық қызметімен (ГҚ) пайдалануы бағаланады. Ресей аумағында РҒА ГҚ Шұғыл хабарламалар қызметінде оқиғаларды локациялау кезінде толқындық түрлерді, автоматты белгіленген кірістерді (arrival) және SEL1 бюллетенінің деректерін падалану көрсетілген.

Ресейдің сейсмикалық станцияларымен 2016 - 2017 жж. Солтүстк Кореядағы жерасты ядролық сынауларды және бағытталған сесмикалылықты тіркеуі

Авторы: Маловичко А.А., Коломиец М.В., Габсатарова И.П.

Ключевые слова: сейсмичность, Ядерные испытания, Северная Корея

PDF жүктеу
Солтүстік Кореядағы Пунгери полигонындағы екі жерасты ядролық жарылыстардың магнитудалық және спектралдық дискриминанттары сипатталды: 2016 ж. 09.09-ындағы және 2017 ж. 09.03-індегі, сонан соң полигон маңындағы екі жерсілкінудің едәуір күштісінен кейін (2017 ж.09.03-індегі) 8 минуттан соң іле-шала болған жерсілкінулер, сондай-ақ бәлкім бағытталған сипаттағы: 2017 ж. 09.23-індегі және 2017 ж. 10.12-сіндегі жерсілкінулер. Солтүстік Кореядағы сынаулардың ең күштісі телесейсмикалық арақашықтықда (Δ>30°) толқынды көріністің ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік берді. 

Шығыс Тянь-Шань мен Жоңғартаудың сейсмотектоникасы

Авторы: Мукамбаев Айдын Серикович, Абдрахматов К.Е., С. Grützner, G. Campbell, R.T. Walker, D. Mackenzie, J. Jackson, Аширов Б.М., Айтмырзаев Ж.С., Джанабилова С.О., Елдеева М.С.

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, сейсмотектоника

PDF жүктеу
Солтүстік Тянь-Шаньнің шығыс жағы мен Жоңғартауда, кеш плейстоценде – голоценде жылжытылған қанаттарымен белсенді жарылымдардың созылымы, негізінде субендік ең жаңа құрылымдардын бағыттарынан өзгеше. Бұл жарылымдар солтүстік-батыс созылымдағы онжақты ығыспалы дизъюнктивтер болып келеді. Дәл осы жарылымдар зерттелген аумақта қазіргі кездегі сейсмикалық жағдайына жаупты болып келеді. 

Қапшағай ГЭС ауданының сейсмикалық қауіп-қатерін бағалау

Авторы: Гессель М.О., Неверова Н.П., Хайдаров М.С.

Ключевые слова: сейсмичность, Капшагайская ГЭС, плотина

PDF жүктеу
Жақын арадағы карьерлік жарылыстардың және плотинадағы гидроэлектрстанциясының вибрациясы әсер ететін Қапшағай ГЭС-нің орналасқан ауданының сейсмикалылығы талданды. 1970 жылы су қоймасы толтырылғаннан кейінгі дәне оғанға дейінгі жерсілкінулердің санын бөлу бойынша, сондайақ 2011–2018 жж. орташа жерсілкінулер бөлігінің ұлғаюы бойынша техногенді сейсмикалылықтың жеделдеуі жөнінде қорытынды жасалады. Су қоймасының тура Алтын-Эмел жарылымының үстінде орналасуына және табиғи сейсмикалылықпен туындаған сейсмикалылықтың одан арғы дамуы кезінде осы жарылымның активтену мүмкіндігіне көңіл аударылады.