Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Төмен температурада (80°С) бүлдіретін 5 сна дозаға дейін ВВР-К реакторында сәулелендірілген, 12Х18Н10Т болатының босату кезіндегі микроқұрылымының, қаттылығының және магниттік қасиеттерінің өзгеруі

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Цай Кира Викторовна

Ключевые слова: сталь, облучение, петли Франка

PDF жүктеу

450–950°С температуралар аралығында пост-радиациялық изохронды босатуға (1 сағат) ұшыратылған және 80°С кезінде 5 снаға дейін сәулелендірілген (ВВР-К реакторының белсенді зонасының автоматты реттеу өзегінің жадығаты) аустенитті тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының микроқаттылығы мен магниттелгендігін өлшеу арқылы жарықтүсіруші электронды микроскопия әдістерімен зерттеді. Термиялық әсердің негізінде пайда болған сәулелендірілген болаттың (black dots негізіндегі ұсақ ақаулардың және Франк ілмектерінің
ансамблі) жіңішке құрылым эволюциясының ерекшеліктері айқындалды, оларды өз кезегінде жадығаттың магниттелгендігінің шамасының өзгеруімен салыстырды. Салыстырмалы төмен температуралар (≤300°С) мен дозаларда (<20 сна) сәулелендіру кезіндегі ε→α-фазалық түрлену жүрісі үрдісінде ферромагнитті α-фазаның туындауы мүмкін, белгілі бір мөлшердегі Франк ілмектері (15–20 нм) аустенитті болаттың сәулелендіру және босатудан туындаған магнетизм индукциясының таратушысы болып табылады деген болжам жасалды.

Электролитті плазма әсерімен өңделген Р6М5 болатының құрылымы мен беттік морфологиясы

Авторы: Скаков Мажын Канапинович, Зарва Денис Борисович, Гулькин Александр Владимирович, Рахадилов Бауыржан Корабаевич

Ключевые слова: сталь, азотирование

PDF жүктеу

Мақалада электролитті плазмалық әсермен азоттаудың Р6М5 жылдам кескіш болатының құрылымы мен морфологиясына әсері зерттелген. Электролиттік плазмалық әсермен азоттаудан кейін Р6М5 болатының бетінде ұсақ тесіктер, микроақаулар және ұсақ дисперсті қосылыстар түзілетіндігі корсетілген. 550°С
температурада электролиттік плазмалық әсермен азоттаудан кейін Р6М5 болатының бетінде Fe4N (γ’-фаза) монофазалық нитриді бар беріктендірілген диффузиялық кабат түзілетіндігі экспериментті түрде анықталды. Азоттаудан кейін құрылымдардағы азоттың үлесі анықталған. Турлендірілген бет беттік микротегісеместікпен ерекшеленетіні анықталған.

Суықтай деформацияланған тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питинглік коррозиясы

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Цай Кира Викторовна, Яровчук Алевтина Васильевна, Рубан Сергей Владимирович

Ключевые слова: сталь, коррозия, деформация, мартенсит

PDF жүктеу

Бөлме және төмендетілген (−20 және −60°С) температураларда статикалық созу арқылы деформациядан кейінгі аустениттендірілген тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының питингілік коррозияға бейімділігінің зеррттеу нәтижелері келтірілген. Суықтай деформацияланған тотықпайтын болаттың жергілікті коррозияға қарсыласуы жадығаттың құрылымдық-фазалық күйін айқындайтын температура мен деформация дәрежесіне тәуелді екендігі анықталды. Деформацияның кішкене дәрежелері кезінде болаттың күйіне тұрақтандырушы ықпал жасайтын ұяшық тектес квазибиртекті дислокациялық субқұрылымның туындауы нәтижесінде коррозияның қарсыласуы жоғарылайтыны көрсетілді. Пластикалық деформацияның үлкен дәрежелері (30%-дан аса) жоғары ферромагнитті біртексіз құрылым түзілу үрдісімен қатар 12Х18Н10Т болатындағы жадығаттың коррозиялық беріктігіне теріс әсер етуші α΄-мартенсит туындайтын γ→α΄ фазалық түрленуіне басшылық етеді.

Сәулелендірілген аустенитті тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының пластикалық деформациясының шектелуі туралы

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Такиева Айжан Мусагалиевна

Ключевые слова: сталь, облучение, деформация, мартенсит

PDF жүктеу

Сәулелендірілмеген және нейтрондармен сәулелендірілген 12Х18Н10Т болат үлгілеріндегі шектелген пластикалық ағымдардың ерекшеліктері деформациялық микрокалориметрия және механикалық сынаулар әдістерін қолдану арқылы зерттелді. Мартенситті γ→α-түрленуінің өтуімен байланысты, мойын эволюциясының механизмдері айқындалды.