Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Алтайдың литосферасында қысқапериодты S-толқындар жұтылу өрісінің біртекті есеместіктері және олардың сейсмикалылықпен байланысы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Кунакова Ольга Константиновна, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, литосфера

PDF жүктеу

Алтай мен Монголия және Онтүстік Сібірдің жанасқан аумақтарының литосферасында қысқапериодты S-толқындар жұтылу өрісін карталауы жүргізілген. Sn және Pn толқындардың максималь амплитудаларының
қатынасын талдауында негізделген әдісі қолданылған. Мақаншы және Ұлан-Батор станцияларымен ~300–1900 км. қашықтықтарында алынған 500 жерсілкінулердің жазбалары өңделген. Тұтасында, ауданның батыс жағында көлденең толқындардың жұтылуы шығыстағымен салыстырғанда едәуір жоғары болуы көрсетілген. Ауданның батыс жағында мантияның жоғарында қатты жұтылудың V-тәрізді жолағы көрсетілген, оған Зайсандағы 1990 жылғы (М=6.9) және Шудағы 2003 жылғы (М=7.3) жерсілкінулердің ошақтары тұсталады. Сонымен қатар, 1970 жылға дейін болған М≥7.0 қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарына көлденең толқындар шамалы жұтылуы үйлесіп келеді. Алтай ауданында, Орта Азияның басқа аудандарындағыдай, қатты жерсілкінулер алдында литосферада флюидтердің жоғары мөлшері бар зоналар қалыптастырылу туралы қорытындысы жасалған. Қатты сейсмикалық оқиғалардан кейін флюидтер бір неше десте жылдар ағымында мантияның жоғары жағынан жер қыртысына көтеріледі, бұл, Sn толқындар жұтылуын төмендетуіне келтіреді.

Онтүстік Азиядағы екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында S-толқындар жұтылу өрісінің сипаттамалары және олардың сейсмикалылықпен байланысы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, литосфера, афтершок

PDF жүктеу
Онтүстік Азиядағы (Кашмир, 2005 ж. 01-08-і, Mw=7.6 және Бхудж, 2001 ж. 01.26-сы, Mw=7.7) екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында қысқапериодты толқындар жұтылу өрістері мен сейсмикалылықтардың сипаттамалары зерттеледі. AAK (Кырғызстан) және NIL (Пакистан) станциялардың жазбалары бойынша Sn және Pn толқындардың амплитудаларының қатынасын талдауында негізделген әдісі қолданылған. Кашмирдің тақта арасындағы және Бхудждің тақта ішіндегі жерсілкінулердің ошақ зоналарында литосферада S-толқындар тиісті қатты және әлсіз жұтылуы көрсетілген. Қашмир жерсілкінуі алдында (Бхудж жерсілкінуі айырмашылығына) сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылған. Одан басқа, Кашмир жерсілкінуінен кейін, Бхудждағыдан кейін болғандарына қарағанда, М≥5.0 афтершоктар бір неше рет көп болғаны тіркелген. Жұтылу өрісі мен сеймикалылықтың үлкен вариациялары, зерттелудегі екі ошақ зоналардың литосферасында тереңдегі флюидтердің мөлшерінде үлкен айырмашылығына байланысты болуы жорамалдануда.

Жерасты ядролық жарылыстар мен жерсілкінулер үлгісінде ауытқулар литосферадан ионосфераға дейін таралуын эксперименталды зерттеу

Авторы: Салихов Н.М., Пак Г.Д.

Ключевые слова: литосфера, Ядерные испытания, СИП, ионосферные связи

PDF жүктеу
Семей сынау полигонындағы жерасты ядролық жарылыстар мен Алматы қ. жанындағы екі жерсілкінулер (Мb=3,5 және Мb=3,6) болуында ауытқулар литосферадан ионосфераға дейін таралу үлгісінде литосфералықатмосфералық-ионосфералық байланыстары зерттелген. Таулы жерде орнатылған зерттеу жабдықтар кешенімен жерсілкінуге дейін жеті күн бұрын бірмезгілде гамма-кванттар ағымы қарқындылығының, температураның, акустикалық импульстардың және ионосферлік сигналы жиіліктің допплерлік жылжудың (ЖДЖ) вариацияларында аномаль мәндері тіркелген. Семей сынау полигонындағы жерасты ядролық жарылыстар болуында ионосферлік сигналдың ЖДЖ вариациялары жазбаларының ретроспективалық талдауы ЖДЖ жазбаларында жарылыстан кейін 15–18 минуттан соң және акустикалық толқынға ионосфераның әсер етуінен кейін ауытқуларды анықтады. ЖЯЖ-дан радиоактивті өнімдері атмосфераға енуінде және жерсілкіну алдында гамма-кванттар ағымы артуында тіркелген аномаль мәндері, сірә, атмосфераға ауытқулар жіберілудің жалпы механизмдеріне жатады, атап айтқанда, ионосфера мен Жер арасында ортақ тогы өзгерілуіне келтіріетін, атмосфераның шекаралық қабатының ионизациясы өзгерілу.