Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Онтүстік Азиядағы екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында S-толқындар жұтылу өрісінің сипаттамалары және олардың сейсмикалылықпен байланысы

Авторы: Копничев Юрий Федорович, Соколова Инна Николаевна

Ключевые слова: сейсмичность, землетрясение, литосфера, афтершок

PDF жүктеу
Онтүстік Азиядағы (Кашмир, 2005 ж. 01-08-і, Mw=7.6 және Бхудж, 2001 ж. 01.26-сы, Mw=7.7) екі қатты жерсілкінулердің ошақ зоналарында қысқапериодты толқындар жұтылу өрістері мен сейсмикалылықтардың сипаттамалары зерттеледі. AAK (Кырғызстан) және NIL (Пакистан) станциялардың жазбалары бойынша Sn және Pn толқындардың амплитудаларының қатынасын талдауында негізделген әдісі қолданылған. Кашмирдің тақта арасындағы және Бхудждің тақта ішіндегі жерсілкінулердің ошақ зоналарында литосферада S-толқындар тиісті қатты және әлсіз жұтылуы көрсетілген. Қашмир жерсілкінуі алдында (Бхудж жерсілкінуі айырмашылығына) сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылған. Одан басқа, Кашмир жерсілкінуінен кейін, Бхудждағыдан кейін болғандарына қарағанда, М≥5.0 афтершоктар бір неше рет көп болғаны тіркелген. Жұтылу өрісі мен сеймикалылықтың үлкен вариациялары, зерттелудегі екі ошақ зоналардың литосферасында тереңдегі флюидтердің мөлшерінде үлкен айырмашылығына байланысты болуы жорамалдануда.