Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Семей сынақ полигонының ластанған телімдеріндегі биоценоздағы бейімделу үдерістері

Авторы: Плисак Р.П., Плисак С.В.

Ключевые слова: СИП, экосистема

PDF жүктеу
Мақалада, түрлі типтердегі (далалық, жайылымдық, галофитті) экожүйенің, сонымен бірге Семей сынақ полигонының (ССП) аумағындағы бұзылған экожүйенің негізгі типтеріндегі бейімделу үдерістерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Радиациялық ластанулар өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылымының өзгеруіне әсер ететіні және бірқатар бейімделу нышандарының пайда болуына алып келетінін анықталды. Көпжылдық және бұта-шілікті өсімдіктердің белгісінің қалыптасуы айқын көрінеді. Өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылымының өзгеруі жайылымдық (мезофитті) қауымдастықта және бұзылған телімдерде жиі орын алатыны белгілі болды. 

Семей сынау полигоны аумағындағы ядролық қондырғылар үшін сейсмикалық қауіпті бағалауында геологиялық ортаның гравитациялық факторларын есепке алу

Авторы: Великанов А.Е., Аристова И.Л.

Ключевые слова: СИП, ядерные установки

PDF жүктеу
Негізгі атомдық объектілері орналасқан жерлерінде Қазақстан аумағының сейсмикалылығы және, геологиялық ортаның артық массаның табиғи объектілерімен қатар келетін бос аудағы ауырлық күшінің аномалияларымен оның байланысы талданылады. Семей сынау полигоны (ССП) үлгісінде, ядролық қондырғылардың сейсмоқауіпсідігіне ықпал етуге мүмкіндігі бар негізгі және екінші дәрежелі белсенді жарылымдар бар болуын анықтайтын, жоғары сейсмикалылығымен геологиялық ортаның артық массаларының графитациялық факторлары қарастырылады.

Жерасты ядролық жарылыстар учаскелеріндегі техногенді құрылымдарды зерделеу кезінде сейсмикалық барлау деректерін пайдалану

Авторы: Романов А.М., Ларина Т.Г., Сергеев Н.Н., Шайторов В.Н

Ключевые слова: СИП, сейсморазведка

PDF жүктеу
Семей сынау полигонының ұрыс ұңғымаларының бірінің мысалында техногенді құрылымдарды зерделеу кезінде сейсмикалық барлау мүмкіндіктері көрсетілген – сыну толқындарының корреляциялық әдісі (СТКӘ), тойтарылмаған толқындар әдісі (ТТӘ), тойтарылған-шашыраған толқындар әдісі (ТШТӘ). Сейсмикалық барлау деректері бойынша жарықшақтылықтың орталық зонасы айқындалды (ЖЯЖ ошағы), онда тығыздалған және тығыздығы жойылған тау жыныстарының алмасуы, сондай-ақ жанасып жатқан жарықшақтылықтың үлкен зонасы байқалады. ЖЯЖ ошағынан 200–300 м қашықтықта жарықшақтылықтың қосымша зоналары көрінеді.

Болып көрінетін электр кедергі әдістерімен техногенді құрылымдарды айқындау

Авторы: Романов А.М., Апенько А.В., Пестов Е.Ю.

Ключевые слова: СИП, подземные ядерные взрывы

PDF жүктеу
Семей сынау полигонындағы (ССП) жерасты ядролық жарылыстардың (ЖЯЖ) учаскелерінде далалық түсірулермен айқындалған электр кедергінің (ЭК) төмен мәндерінің сақиналық және сызықты зоналарын талдауы жүргізілген және ЖЯЖ жүргізілген жерлерден қашықтағы учаскелеріндегі ЭК таралудан олардың ерекшелігі анықталған. ЭК төмен мәндерінің сызықтық зоналары, ядролық жарылыстармен жаңартылған геологиялық жарылымдардың көріністеріне жатады, сақиналы зоналар – сыйыстырушы таужыныстарға ЖЯЖдің локаль механикалық ықпалы нәтижесінде пайда болған бұзылуларына жатады. Сызықтық және сақиналы зоналар техногенді құрылымдарына жатқызылған. Техногенді зоналарда, ЖЯЖ ошақтарынан қашықтағы жарылымдардың табиғи зоналарының көріністерімен салыстырғанда, елеулі кереғарлығы мен еңі болуы анықталған. Геоэлектрлік ерекшеліктерін келтірілген пайымдауы бұрынғы геологиялық көзғарастарына қайшы келмейді және оны су ағымдарын зерделеу мен ЖЯЖ учаскелерінде радиациялық қауіпті бағалауында пайдалануға болады. 

Семей сынау полигонының жерасты ядролық жарылыстар учаскелерінде газ тритий таралулары

Авторы: Фролов Замир Насикович, Романов А.М., Апенько А.В., Токаев Д.Н.

Ключевые слова: СИП, тритий

PDF жүктеу
Семей сынау полигонының бір қатар учаскелерінде тритий эксхаляциясын алаңдық түсірулерінің нәтижелері бойынша тритийдің жоғары белсенділігі таралудың үш негізгі типтері анықталған: 1 – жарылыстар учаскелерінен шегінде ядролық жарылыстармен геологиялық құрылымдардың нашар бұзылу немесе олар іс-жүзінде жоқ болу учаскелерінде сызықты-өрнекті; 2 – жарылыстар учаскелерінде жарылыстармен белсенді жаңартылған табиғи жарылымдармен байланысты, көбінесе сызықты; 3 – жарылыстармен тікелей жаратылған техногенды (сақиналы) құрылымдармен байланысты, сақиналы. Әдетте тритий таралудың екінші және үшінші типтері бірге көрінеді. Радон эхскаляциясын өлшеу нәтижелерімен салыстырғанда тритий эхскаляциясын түсіруінің нәтижелері мен тереңділігінің үлкен тұрақтылығы белгіленген. Тритийдің аномальды жоғары белсенділігінің құрылымды геофизика әдістерімен айқындалған гидродинамикалық құрылымдарымен кеңістік байланысы анықталған. Гидродинамикалық құрылымдардың жерасты ядролық жарылыстардың ошақтарымен байланысын растау үшін тритий белсенділігін газдық түсіру әдістерін қолданудың артықтығы дәлелденген.

Семей сынақ полигонындағы шығу тегі техногенді су нысандарында радионуклидтердің қайта таралуы

Авторы: Айдарханова Альмира Курмановна, Ларионова Н.В., Дашук А.Л.

Ключевые слова: СИП

PDF жүктеу
Бұл жұмыста, Семей сынақ полигонындағы (ССП) шығу тегі техногенді су нысандарында «түптік шөгінділер – су - өсімдік» жүйесінде радионуклидтік ластанудың таралу сипаты мен деңгейін кешенді зерттеу деректері келтірілді. Зерттеу нысандары ретінде «Тәжірибе даласы», «Балапан», «Телкем» және «Сары өзен» сынақ алаңдарында орналасқан ядролық сынақтар өткізу нәтижесінде пайда болып, суға толған қазаншұңқырлар алынды. Аталған зерттеулер шеңберінде түптік шөгінділердің, сулардың, жағалау-судағы, жағалаудағы, судағы өсімдіктердің сынамалары қатар алынып 241Am, 137Cs, 90Sr және 239+240Pu техногенді радионуклидтердің құрамын анықтау жұмыстары жүргізілді. Өткізілген зерттеулердің нәтижесінде, түптік шөгінділерде және суда коэффициенттердің таралуы (Кт), сонымен қатар өсімдіктерге арналған жинақталу коэффициенттері (Жк) есептелді. Алынған нәтижелердің негізінде, ССП-ғы шығу тегі техногенді су нысандарында радионуклидтік ластанудың қайта таралуына талдама жасалды. 

«Балапан» алаңындағы ұңғымаларда жерасты ядролық сынақтар өткізілген аумақта топырақтың агрегаттық фракциялары бойынша жасанды радионуклидтердің таралуы

Авторы: Кабдыракова А.М., Меньдубаев А.Т.

Ключевые слова: Ядерные испытания, СИП, Балапан, скважина, почва

PDF жүктеу
Бұл жұмыста, радиациялық ахуалының нақты сипаты бойынша ерекшеленетін жерасты ядролық сынақтары іске асырылған № 1301 және № 1077 (бұрынғы «Балапан» сынақ алаңы) – екі ұңғыманың аумағында радиоактивті түсу іздерінде топырақтың агрегаттық фракциялары бойынша жасанды радионуклидтердің таралуын зерттеу нәтижелері келтірілген. Жарылыстың радиоактивті өнімдерінің атмосфераға күтпеген шығарындылары ілескен жерасты ядролық жарылыс жасалған № 1301 ұңғыманың аумағында 137Cs және 90Sr кішігірім аккумуляциясы көлемі 250 бастап 1000 мкм дейінгі аралықтағы фракцияларда өтеді. 241Am және 239+240Pu таралуы – басым күйде іздің жақын жатқан аймағында (250 м дейін) көлемі 250 бастап 1000 мкм дейінгі фракциялармен байытылған және басым күйде іздің алыс жатқан аймағында (700 бастап 2500 м дейінгі аралықта) 5–8 мкм және <1 мкм дейінгі фракциялармен байытылған бір-бірінен ерекшеленетін үрдіспен сипатталады. Жерасты жарылыстары радиоактивті инертті газдардың өтуі ілескен деп болжанған № 1077 ұңғыманың аумағында 137Cs және 90Sr басым түрде көлемі 5 мкм төмен фракцияларда, 241Am және 239+240Pu – көлемі 8–40 мкм және <1 мкм фракцияларда шоғырланған.

Семей ядролық полигоны маңында тұратын тұрғындар тісі эмалінің ЭПР дозиметриясы қорытындылары

Авторы: Жумадилов К.Ш., Сарсенова С.М., Иванников А.И., Степаненко В.Ф., Хоши М.

Ключевые слова: СИП, ЭПР дозиметрия, зубная эмаль

PDF жүктеу
Мақалада Дөлен, Мостик, Бөдене елді мекендері тұрғындарының Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген сынақтар салдарынан жұтылған дозасын тіс эмалі бойынша ЭПР дозиметрия әдісімен бағалаудың қорытындылары келтірілген.

Қазақстан Республикасы тұрғындарына Лобнор полигонында (Қытай) жүргізілген сынақтар әсерінің дәрежесін ЭПР дозиметрия әдісімен бағалау

Авторы: Жумадилов К.Ш., Степаненко В.Ф., Иванников А.И., Хоши М.

Ключевые слова: СИП, ЭПР дозиметрия, зубная эмаль, полигон Лобнор

PDF жүктеу
Мақалада Лобнор қытай ядролық полигонында жүргізілген сынақтардың Қытай-Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Үржар, Мақаншы және Таскескен ауылдары тұрғындарына әсерін осы ауылда тұратын адамдардың тіс эмалі бойынша (ЭПР дозиметрия әдісімен) бағалау қорытындылары келтірілген.

Антарктидадағы «Новолазаревская» сейсмикалық станциясы трассасындағы PKIKPDF толқынының жүріп өту трендінің уақытын бағалау

Авторы: Ан В.А., Каазик П.Б., Непеина К.С.

Ключевые слова: СИП, сейсмическая станция, Антарктида

PDF жүктеу
Қазақстанда 1964–1989 ж.ж. кезеңінде Семей сынау полигонындағы (ССП) жерасты ядролық жарылыстардан Антарктидадағы «Новолазаревская» станциясында тіркелген PKIKPDF толқынның жергілікті годографы мен өту уақытының сызықтық тренді қарастырылған.