Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Төмен температурада (80°С) бүлдіретін 5 сна дозаға дейін ВВР-К реакторында сәулелендірілген, 12Х18Н10Т болатының босату кезіндегі микроқұрылымының, қаттылығының және магниттік қасиеттерінің өзгеруі

Авторы: Максимкин Олег Прокофьевич, Цай Кира Викторовна

Ключевые слова: сталь, облучение, петли Франка

PDF жүктеу

450–950°С температуралар аралығында пост-радиациялық изохронды босатуға (1 сағат) ұшыратылған және 80°С кезінде 5 снаға дейін сәулелендірілген (ВВР-К реакторының белсенді зонасының автоматты реттеу өзегінің жадығаты) аустенитті тотықпайтын 12Х18Н10Т болатының микроқаттылығы мен магниттелгендігін өлшеу арқылы жарықтүсіруші электронды микроскопия әдістерімен зерттеді. Термиялық әсердің негізінде пайда болған сәулелендірілген болаттың (black dots негізіндегі ұсақ ақаулардың және Франк ілмектерінің
ансамблі) жіңішке құрылым эволюциясының ерекшеліктері айқындалды, оларды өз кезегінде жадығаттың магниттелгендігінің шамасының өзгеруімен салыстырды. Салыстырмалы төмен температуралар (≤300°С) мен дозаларда (<20 сна) сәулелендіру кезіндегі ε→α-фазалық түрлену жүрісі үрдісінде ферромагнитті α-фазаның туындауы мүмкін, белгілі бір мөлшердегі Франк ілмектері (15–20 нм) аустенитті болаттың сәулелендіру және босатудан туындаған магнетизм индукциясының таратушысы болып табылады деген болжам жасалды.