Іздеу параметрлерін таңдаңыз


Ұзын-көздерінің белсенділігін өлшеу және есептеу

Авторы: Котов Владимир Михайлович, Бакланова Юлия Юрьевна, Ерыгина Людмила Александровна, Супрунов Владислав Иванович

Ключевые слова: активность, распределение, излучение

PDF жүктеу

Жұмыс бұзбайтын әдіспен желілік көздерде гамма-сәулеленуші радионуклидтердің белсенділігін анықтауға арналған. Әртүрлі учаскелердің сәулелену үлесі қарапайым геометрияның көздері үшін аналитикалық есептелген. Гамма-сәулелену көзі ретінде, оның ішкі қабырғаларында радионуклидтерді бөлумен хлоратор корпусы пайдаланылды.
Үлес коэффициенттерінің есептік мағыналары, хлоратор учаскесі бойынша белсенділіктің таралуы және бөлінудің жиынтықты белсенділігінің абсолютті мағынасы алынған болатын.

Ұялы телефон сәулелерінің эпр спектрінің сапасына әсер ЕТУ дәрежесі

Авторы: Жумадилов К.Ш., Абышев Б.К., Иванников А.И., Степаненко В.Ф., Хоши М.

Ключевые слова: излучение, мобильный телефон

PDF жүктеу
Мақалада ұялы телефонның электрондық парамагниттық резонанс спектрінің қалыптасуына және төменгі доза қатарындағы тіс эмалінің үлгілерін өлшеу кезінде электромагниттік шу есебіндегі тигізетін әсерінің зерттеу нәтижелері көрсететілген. Осы мақсатта сәулелендірілген тіс үлгілерінің спектрі алынды. Номиналды дозамен (0, 100, 200, 300 және 500 мГр) сәулендірген он үлгілердің спектрі әр түрлі уақытта және ұялы телефонмен, телефонсыз тіркелді. Ұялы телефон ЭПР спектрометрінің резонаторына жақын орналастырылған. ЭПР толық спектрінен радиациялық индукцияланған сигналды алу үшін және оның қарқындылығын анықтау үшін арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылған. Жоғарыда айтылғандай, ұялы телефон сигналының ЭПР сигналына әсерін зерттеу үшін радиациялық сигнал (RIS) (стандартты ауытқу (SD)) фондық сигналмен және қалдық сомамен бағаланады. Бұл параметрлер жалғыз өлшемде және орта есеппен төрт рет қайталанатын өлшем үшін алынды.