Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
5-11 363
Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмыста функционалды мономерлі акрил қышқылымен (АҚ) полиэтилен терефталаты (ПЭТФ) негізінде трек мембраналарын (ТМ) радиациялық модификациялау үшін жоғары энергияны (3,8 МэВ, 46–200 кГр) қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Мономердің концентрациясы, сәулелену дозасы және үдеткіш конвейердің жылдамдығы сияқты факторлардың әсері зерттелді. Тректі мембраналардың бастапқы және модификацияланған үлгілері заманауи физика-химиялық әдістермен жан-жақты зерттелді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жеделдетілген электрондармен ПЭТФ ТМ-нің радиациялық-химиялық модификациясының оңтайлы шарттары анықталды, бұл полимер шаблонының механикалық беріктігін сақтай отырып, жеткілікті дәрежеде егілген, функционалды мономерді (АҚ) алуға мүмкіндік береді: CuSO4 ингибиторының құрамы 1% -дан аспайды, мономердің концентрациясы 10%-дан аспайды, сәулелену дозасы – 100–117 кГр.

12-18 293
Аңдатпа

Бериллий ядролық энергетикада кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ол сирек кездесетін металдарға жатады, өйткені оның жер қабығындағы құрамы 510−4 % болып саналады. Табиғатта таралудың төмендігі және кең шығарудың күрделі технологиясы оның жоғары құнын анықтайды. Ядролық реакторда сәулелендіру процесінде бериллийдің қасиеттері нашарлайды, соның ішінде әр түрлі нуклидтер мен радионуклидтердің есебінен жиналуы. Осыған байланысты, сәулелендірілген бериллийді қайта пайдалану үшін жинақталған қоспалардан тазартуы өзекті мәселе болып табылады.

Мақалада сәулелендірілген бериллийдің хлорлау қондырғысының жұмыс принципі мен жабдықтарының құрамы қарастырылады. Бұл технология бериллий мен оның радионуклидтерін хлоридтерге айналдыруды және кейінгі бөлуін көздейді. Сұйық түріндегі бериллий хлориді ақырғы өнім болып табылады.

19-22 296
Аңдатпа

Бұл мақалада балқу ағынының және керамикалық ядролық отынның (UO2) болат қабырғаға тигізер әсерінің зерттеу нәтижелері сипатталады. Перфорациялық ойық (тесік) пен керекті мөлшердегі балқыманың пайда болуына кеткен қажетті уақыт есептелді.

23-29 258
Аңдатпа

Украина ҰҒА Газ институтында электротермиялық псевдосұйылтылған қабаты бар реакторларда микротвэл моделіне пирокөміртекті қорғаныс жабынын жалату процесінің жылу физикалық ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізілді.

Термодинамикалық есептеулер негізінде өзінің физика-химиялық сипаттамаларының арқасында микротвэлге анағұрлым жақын пирокөміртекті қорғаныс жабынын жалату процесінің оңтайлы жылу параметрлері анықталды (Dy2O3, Gd2O3, Sm2O3, SiO2).

Эксперименттер сериясының нәтижесінде электротермиялық псевдосұйылтылған қабаты бар арнайы құрылған зертханалық қондырғыда пирокөміртек жалатылған микротвел модельдерінің үлгілері алынды.

30-34 289
Аңдатпа

Плазмалық фокус (ПФ) термоядролық қондырғысындағы разрядты токтың динамикалық сипаттамасы және оның нейтрондар эмиссиясымен тәуелділігі зерттелді. Разрядты токтардың пайда болу динамакасы Роговский белдігі арқылы өлшеніп, нейтрондардың ағыны белсендірілген күміс фольгалы детектор арқылы тіркеліп талдау жасалды. Талдау нәтижелері бойынша разрядтты пиктік токтар 18 кВ кернеуде 200–265 кА аралығында болса, пинчтік токтар 178–230 кА арасында қысымға байланысты өзгеріп отырды. Сәйкесінше нейтрондардың ағыны 8·106–2,2·107 нейтрон/имп. тең болды. Ұсынылып отырған жұмыста плазмалық фокус қондырғысындағы разрядты пинчтік токтардың нейтрондардың эмиссиясына тәуелділігі баяндалады.

35-39 436
Аңдатпа

Зерттеуде күнбағыс тұқымы қауызынан органосольвенттік әдіспен целлюлоза алу мүмкіншілігі зерттелді, атап айтқанда шикізат пен пероксисірке қышқылының (ПСҚ) тиімді қатынасын анықтайтын гидромодулі, целлюлоза шығымы мен α целлюлоза және қалдық лигниннің мөлшері анықталды. Алынған целлюлозаның химиялық құрылысы инфрақызыл-спектроскопия әдісімен, морфологиясы сканерлеуші электрондық микроскопта, кристаллдық құрылымы рентгендік дифрактометрде зерттелді.

40-45 317
Аңдатпа

Бұл жұмыста ультраұсақтүйіршікті құрылымды қалыптастыру ерекшеліктері және теңканалды бұрыштық нығыздау (ТКБН) әдісімен өңделген АМЦ алюминий қорытпасының механикалық қасиеттерін арттыру заңдылықтары қарастырылған. АМЦ алюминий қорытпасының құрылымы мен механикалық сипаттамаларының (микротақтығы мен тозуға төзімділігі ) өзгеруін, өту санына және ТКБН кезінде престеу арналары арасындағы бұрышқа байланысты жүйелі түрде зерттеу жүргізілді. Жұмыста өтпе жолдар санының өзгеруі есебінен түйіршіктердің әр түрлі өлшемін және механикалық сипаттамалардың әр түрлі мәндерін алуға болады. Түйіршіктер мөлшерінің азаюымен АМЦ қорытпасының микро қаттылығы бастапқы жағдаймен салыстырғанда 4,5 есе артатыны анықталды. ТКБН-12 кейін массаның жоғалуы төмендейді, бұл АМЦ қорытпасының тозуға төзімділігінің 13–14% артуын көрсетеді. АМЦ ТКБН кейін беріктік сипаттамалары жоғарылайды, ультракүлгін күйге өту кезінде икемділік төмендейді.

46-52 314
Аңдатпа

Бұл жұмыстағы зерттеулер реакторлық сәулелену жағдайында жаңа Li15.7Pb литий-қорғасын эвтектикасы қатты фазалық күйіндегі гелий мен тритийдің бөлінуін зерттеуге арналған. Жаңа материалдың негізгі қасиеттері мен оның микроқұрылымы сипатталған. Li15.7Pb және Pb17Li эвтектикалардың микроқұрылымдарының салыстыруы келтірілген. Қорғасын-литий эвтектикасы үлгісінің үстіңгі қабатынан гелий мен тритийдің еркін жүрісінің ұзындығы есептелген. ИВГ.1М реакторында сәулелену кезінде бұл материалдағы гелий мен тритийдің қалыптасу жылдамдығы анықталды. Li 15,7 Pb қорғасын-литий эвтектикасының үстіңгі қабатынан тритий мен гелийдің бөлінуіне бағалау жүргізілді және реакторлық эксперименттерде алынған эксперименталдық деректермен салыстыру келтірілген.

53-61 330
Аңдатпа

ЖҰС (жерасты ұңғыларын сілтілендіру) тәжірибелі-эксперименттік технологияларын қолдану арқылы уранды өндіру іске асырылған жерлерде, яғни Алтын Емел Ұлттық саяжай аумағында және консервіленген Сұлушеке уран кен орны аумағында (Алматы облысы, Кербұлақ ауданы) мекендейтін индикаторлы топтағы жануарлардың салыстырмалы цитогенетикалық және морфо-биологиялық зерттеулер нәтижелері ұсынылған. Жалпы кен өндіру аумағы және оған тиесілі зерттелген жер төлелері үшін үшін ДБК (дозаның баламалы күші γ – мкЗв/сағ) және жер үсті альфа-белсенділігі (α – част./мин·см2) радиоактивті ластану анықталған жоқ. Алайда, «Қалқан» сейсмикалық станциясының өздігінен ағып жатқан ұңғымасының тізбегінде ДМК мәні стандарттардан жоғарылау диапозонда (0,462–4,158 мкЗв/сағ) анықталды. Кен орнының шекарасында мекендейтін индикаторлы топтағы жануарлар (балықтар мен қосмекенділер) үшін цитогенетикалық бұзылулардың жоғары болуы (балықтардағы микроядролық сынақ) және Bufotes viridis кешенінің бақалар шабағының ауыз аппаратарының аномалиялары байқалады.

62-67 279
Аңдатпа

Бұл жұмыста ИГР жылу импульсті реакторының орталық эксперименттік арнасында жылдам реакторлардың твэлдерімен жүргізілетін өкілдік эксперименттерді қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылған. Бұрын жүргізілген есептеулер, конструкциясы әртүрлі конверторлардың көмегімен ИГР-да жылдам нейтрондардың жеткілікті қарқынды өрісін алу мүмкіндігін көрсетті. Осындай ИГР-де жылдам реакторлардың твэлдерін сынауға өту үшін есептік зерттеулердің эксперименттік негіздемесі қажет. Твэлдердің - біреуі нейтрондардың жылу спектрында жұмыс істейтін, екіншісі конвертордың көмегімен алынған нейтрондар спектрында жұмыс істейтін екі типінің жинағын пайдалану арқылы эксперименттік негіздеме жүргізу ұсынылды. Осындай эксперименттік құрылғының конструкциясы әзірленді, оның жұмыс сипаттамалары есептелінді. Оны ИГР-де сынау қауіпсіздігіне негіздеме жүргізілді.

68-74 398
Аңдатпа

Аталған мақалада, мультимедиялық, геоақпараттық «Семей сынақ полигонының радиоэкологиялық интерактивті атласы» веб-сайтты әзірлеу нәтижелері келтірілген. Интерактивті атлас – адам (пайдаланушы) мен компьютердің екіжақты диалогтық өзара әрекеті режімінде жұмыс істейтін электронды карта және визуалды ақпараттық жүйені құрайды. Интерактивті атласта ССП жүргізілген ядролық сынақтар туралы ресми тарихи ақпарат ұсынылған және ССП барлық экожүйесінің (топырақ жамылғысы, ауа бассейні, жерасты және топырақасты сулар, флора мен фауна, ССП жербеткі су қоймаларының) қазіргі радиоэкологиялық ахуалы туралы өзекті ақпарат берілген. Аталған әзірлеме түрлі пайдаланушылар үшін ССП туралы ақпаратты ұсыну мақсатында жасалған.

75-81 309
Аңдатпа

Бұл мақалада, Lactuca sativa дақылының үлгісінде өсімдік шаруашылығы өнімдеріндегі техногенді радионуклидтердің жинақталу параметрлерінің репрезентативтік мәнін алудың тәжірибелік үлгісін қолдану мүмкіндігі көрсетілді. Тәжірибе барысында радиоактивті ластану типі мен сипаты бойына ерекшеленетін Семей сынақ полигоны (ССП) телімдерінің топырағы пайдаланылды. Lactuca sativa дақылы үшін 137Cs, 241Am, 90Sr және 239+240Pu техногенді радионуклидтерінің жинақталу коэффициенттері (ЖК) алынды. Радиоактивті ластануы сипаты ССП телімдері үшін радионуклидтердің ЖК салыстырмалы талдамасы жасалды.

82-86 324
Аңдатпа

Бұл мақалада, бұдан бұрын әскери радиоактивті заттектерді сынау жүргізілген жерлерде, Семей сынақ полигоны аумағында орналасқан «4» сынақ алаңындағы радиоэкологиялық зерттеу нәтижелері келтірілді. Зерттеліп жатқан аумақта жаяу гамма-спектрометриялық түсіру, дискретті гамма-спектрометриялық түсіру, топырақтың радионуклидтік құрамының сапалық және мөлшерлік құрамын зертханалық анықтау жұмыстары орындалды. Радиоактивті ластанған 9 жаңа телім анықталды.

87-92 263
Аңдатпа

Жұмыс жеңіл элементтердің синтез реакциясының физика мәселесіне арналған. Осы салада маңызды рольды эксперименттік деректер және олардың негізінде құрылатын ядролардың өзара әрекеттесу процесстерінің модельдері ойнайды. Өзара әрекеттесу қималары туралы нақты жеткілікті деректер жиналған, ядролардың соғылысу энергиясынан реакция қатарының қимасының байланысын сипаттайтын аппроксимациялық формулалар алынды. Бірақ, реакциялардың өтуін толық сипаттайтын модельдерді жасау, ядролық өзара әрекеттесу масштабтарында сенімді эксперименттік деректерді алу күрделігі, көптеген айнымалы міндеттерді сипаттау күрделілігі секілді, осындай қиындықтармен тап болады. Осы жұмыста квази еркін фрагменттерге өзара
әрекеттесетін ядроларды бөлу мүмкіндігі негізінде D−D, D−Т, D−3He, Т−Т и 3He−3He реакцияларда синтездің процесстерін сипаттау әрекеті жасалды. Осы реакцияларда үш жетекші фрагменттер белгіленді. Осы ұсыныстардың негізінде қималардың есептері қызықты нәтижелер берді. Осы реакцияларда ядролық күштердің әрекетінің салалары белгіленді.

93-97 259
Аңдатпа

2019 жылы ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында «КОРИНА-2» қондырғысының ақпараттықбасқару жүйесін (АБЖ) әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде межелі міндеттер шешілді, бастапқы түрлендіргіштерден алынған деректерді өңдеу алгоритмдері, оператордың жұмыс экранына ақпаратты визуализациялау және ұсыну тәсілдері әзірленді. Бұл жұмыстың қорытындысы «КОРИНА-2» қондырғысында эксперименттік ақпаратты өлшеу, есептеу, басқару, тіркеу және көрсету сияқты функцияларды жүзеге асыратын жүйе болып табылады.

98-103 289
Аңдатпа

ҚЖБЖ үлгілерінің 450–900 °С температура аралығында қысқа уақытты термиялық сынақтарының нәтижелері көрсетілген. Әр түрлі әдістермен термиялық сынақтар температурасынан ҚЖБЖ материалының коррозиялық қабатының қалыптасу тәуелділігі анықталды. Изонхронды әсер температурасының 750 °С жоғары көтерілуі кезінде әр түрлі әдістермен анықталған тәуелділіктер арасында елеулі айырмашылығы біркелкі емес (оқшауланған) коррозия жүруімен шартталғаны анықталды.

104-111 702
Аңдатпа

ВВР-К реакторы-бұл 6 МВт қуаттылығымен бірегей көп мақсатты жеңіл сулы зерттеу реакторы. Белсенді аймақтағы жылу тасымалдаушы және баяулатушы тұзсыздандырылған су, шағылдырғыш – бериллий болып табылады. Уран-235 изотопы бойынша 19,7% - ға дейін байытылған уран диоксиді отын ретінде қызмет етеді. ВВР-К реакторы іске қосылған сәттен бастап онда зерттеу реакторларының әртүрлі материалдарына зерттеулер жүргізіледі. 2000 жылдан бастап ВВР-К реакторында термоядролық реактордың материалдарын зерттеу бойынша жұмыстар, атап айтқанда, литий керамикасынан тритийдің босап шығуын зерттеу бойынша эксперименттер жүргізілді. Инертті газ ортасында термоядролық реактордың бридерлік бланкетінің әр түрлі кандидад-материалдарынан тритийді босатуға арналған реакторішілік зерттеулерге қондырғы әзірленді. Сондай-ақ сәулеленетін материалдарда тритийді ұстау уақытын бағалау әдістемесі әзірленді. 2018 жылы ВВР-К реакторында термоядролық реакторлардың материалдарын зерттеуге арналған қондырғы құрылды, оның көмегімен вакуумдағы сәуле шығару үлгілері бойынша тәжірибе жүргізу мүмкін болды. Бұл жұмыста ВВР-К реакторының және эксперименттік қондырғылардың сипаттамасы көрсетілген. Сондай-ақ, ВВР-К реакторындағы термоядролық реактор материалдарынан тритий шығуына байланысты зерттеулерге қатысты күтілетін жалпы техникалық мүмкіндіктері ұсынылған.

112-116 255
Аңдатпа

Жұмыс механикалық қорытпа әдісімен синтезделген титан бетіндегі TiCN жабынының құрылымдық-фазалық күйінің өзгерістерін зерттеуге арналған. Жұмыста термиялық өңдеудің жабындардың құрылымдық-фазалық күйіне және механикалық-трибологиялық қасиеттеріне әсері зерттелді. TiCN жабынынынң қалыптасу механизмі шарлар соққысының әсерінен титан бетіндегі ұнтақ бөлшектерінің деформациялық тығыздалуы есебінен механикалық суық дәнекерлеумен байланысты екені анықталды.TiCN жабынының құрылымдық-фазалық жағдайына термиялық өңдеудің әсері зерттелді. TiCN жабыны 2 сағ бойы 600 °С және 900 °С температурада термиялық тұрақты екені көрсетілді. Микроиндентірлеу және трибологиялық сынақ әдістерімен жабындардың микроқаттылығы мен тозуға төзімділігі зерттелді. Тозуға төзімділік және микроқаттылық 900 °С кезінде бастапқы күймен салыстырғанда екі есе өседі, бұл ретте жабындардың адгезиялық беріктігі азаймайтындығы анықталды.

117-121 311
Аңдатпа

Осы мақалада Cr2N жамылғысының мойынтіректің қолданыстағы сипаттамаларына әсерін анықтау мақсатында механикалыө балөыту әдісімен алынған жұқа қабыршақты жабындардың трибологиялық және коррозиялық сипаттамалары зерттелді. Жабындардың «шар-диск» схемасы бойынша Cr2N жабынын жаққанға дейін және одан кейінгі трибологиялық сипаттамалары зерттелді. Контртел ретінде ШХ15 (жабыны жоқ) шар қолданылды. Сынаудан кейін тозу жолақтарының көлденең қималарын талдау жабындар жағылғаннан кейін тозу мүлдем жоқ екенін көрсетті. Жабыны бар үлгінің үйкеліс коэффициенті 0,14–0,17 болады, яғни құрғақ үйкеліс жұбындағы материалдарға ұсынылатын үйкеліс коэффициентінің (<0,2) мәнінен аспайды. Потенциометрия әдісімен Cr2N жұқа қабыршақты жабынды жаққанға дейін және одан кейін ШХ15 болатының коррозиясы анықталды. Коррозиялық сынаулар Р150 потенциостат-гальваностатында, азот қышқылының 4% ерітіндісінде (HNO3) жүргізілді. Сынақ нәтижелері Cr2N жабынын жаққаннан кейін коррозия жылдамдығы 0,191 см/жыл құрағанын көрсетті, яғнижабыныжоқ ШХ15 болатымен салыстырғанда екі есе аз.

122-128 345
Аңдатпа

Бұл мақалада динамикалық сорбция әдісімен сутегі изотоптарының литийлі КПС-пен өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша реакторлық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі келтірген. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде реакторлық тәжірибелерді жүргізу үшін эксперименттік сәулелендіру құрылғысының конструкциясы әзірленді. Реакторлық тәжірибелерде қолданылатын конструкцияны негіздеу мақсатында нейтрондық-физикалық және жылу-физикалық есептеулер орындалды. Литийлі КПС үлгісімен реакторлық тәжірибелер жүргізу әдістемесі әзірленді. Әдістеме нәтижесінде сынақтардың әдістемелік шарттары анықталды, яғни: үлгі температурасы; эксперименталды ұяшыққа берілетін дейтерий ағыны; литийлі КПС үлгісінің өлшемі; үлгіні алдын ала өңдеу шарттары; ЛИАНА стендінің газ-вакуумдық жүйесінің сорып алу режимі, үлгінің температурасын реттеу режимі, үлгінің үстінен масс спектрометриялық әдісімен газдың құрамын өлшеу режимі. Дейтерийдің әртүрлі ағындарын берілуі кезінде литийлі КПС-пен камерадағы газ құрамының өзгеруінің температуралық тәуелділігін анықтау бойынша әдістемелік тәжірибелер өткізілді. Литийлі КПС үлгісімен термодесорбциялық тәжірибелер жүргізілді.

129-136 277
Аңдатпа

Соңғы бірнеше онжылдықта II-VI топтардың жартылай өткізгіш бинарлық қосылыстарының ФЛ қасиеттері зерттелді. Бұл топтық материалдар люминесценцияның қарқындылығын жақсартуды анықтау үшін сирек кездесетін металдардың иондарымен легирленген. Бұл шолу мақаласында таза CdS наноматериалдары мен легирленген CdS наноматериалдарының ФЛ қасиеттерінің түрлі параметрлерінің әсері қарастырылады.

137-143 417
Аңдатпа

Позитронды-эмиссиялық томографияда сапалық және сандық ақпаратты алудың дұрыстығы диагностикалық бейненің сапасын бақылаудың тереңдетілген деңгейіне байланысты. Компьютерлік томографиямен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томографияны пайдалана отырып, сәулелік терапияны жоспарлау процедурасын белсенді қолдануды ескерумен, диагностикалық бейнелердің модальдылығын біріктіру дәлдігін бағалау өзекті міндет болып табылады. Бұл жұмыста сәулелік терапияны жоспарлаудың компьютерлік жүйесін пайдалана отырып, РФП жинақталу ошақтары көлемдерінің алшақтығына бағалау (ПЭТ және КТ бейнелердің модальдылықтарын біріктірген кезде) жүргізілді. Бейнелерді дұрыс біріктіруге әсер етуі мүмкін ұшып өту уақыты технологиясы, ішкі жиынтық саны (реконструкциялау кезінде пайдаланылатын бос проекциялар саны) сияқты қосымша факторлардың әсері қарастырылды. Модальдылық көлемдердің радиофармацевтикалық препараттың әлеуетті жинақталу ошақтарының (ыстық сфералар ретінде пайдаланылған) көлемінен (ПЭТ және КТ бейнелер) алшақтығының функционалдық тәуелділігі алынды. Сфералардың нақты диаметрлерімен КТ бейнесінде өлшенген сфералар диаметрлерінің алшақтығын бағалау жұмысы орындалды.



ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)