Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
5-9 393
Аңдатпа

Бұл мақалада, «Балапан» алаңының аумағында орналасқан, ауқымы 1005 км2 болатын аумақты радиациялық зерттеу нәтижелері келтірілген. «Балапан» алаңына жақын жатқан аумақта бұдан бұрын өткізілген зерттеулер, топырақтың 241Am радиоактивті ластануының масштабын айқындайтын зерттеулерге негіз болады. Топырақтағы 241Am меншікті белсенділігі ~ 200 Бк/кг дейінгі мәнге жетеді. Бұл аумақтағы зерттеулердің нәтижелерінен, соншалық масштабты ластануы, болжаммен «Тәжірибе даласы» алаңындағы атмосфералық сынақтардан туындаған радиоактивті түсу «іздерінің» пішіні бар екенін көрсетті. Аталған ластанудың ерекшелігі бөліну өнімдерінің кішігірім құрамы мен ядролық сынақтың белсендендірілуі болып табылады, ол ғаламдық түсулердің фонына тең, бұл жерүсті ядролық жарылыстардан түскен ядролық түсу «іздеріне» тән емес.

10-13 290
Аңдатпа

Алюминий нитриді негізіндегі керамикаларда энергиясы 1,5 МэВ және мөлшерлемесі 1×1015, 1×1016, 1×1017 ион/см2 протонмен сәулеленуден туындайтын ақаулардың пайда болу процестерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Керамиканың осы түрін таңдау ядролық энергетикадағы құрылымдық материалдардың негізі ретінде пайдалану мүмкіндігіне байланысты. Зерттеу барысында керамиканың 1×1015–1×1016 ион/см2 сәулелену мөлшерлемесінде кристалл құрылымының ақау пайда болуына айтарлықтай төзімділігі бар екендігі анықталды, алайда сәулелендіру мөлшерлемесін 1×1017 ион/см2-қа дейін жоғарылату, құрылымда ақаулардың жиналу эффекті арқасында, кристалл құрылымының бұрмалануына және оның ретсізденуіне әкеледі.

14-20 256
Аңдатпа

Синтездің әртүрлі әдістеріне және басқа да параметрлерге байланысты II-IV топтағы жартылай өткізгіш наноматериалдардың фотолюминесценттік қасиеттері зерттелді. Бұл топтардың материалдары қызықты оптикалық қасиеттерге ие, соның ішінде таза және легирленген материалдардың фотолюминесценциясына ие. Аталған топтардың материалдары люминесценцияның қарқындылығын жақсарту үшін негізінен сирек кездесетін металлмен легирленеді. Осы жұмыстың барысында Eu қоспаланған таза ZnS және ZnS наноматериал-дарының фотолюминесценттік қасиеттеріне талдау жасалады.

21-25 288
Аңдатпа

Жұмыста 12Х18Н10Т тот баспайтын болатқа жағылған реактивті-магнетронды шашырау әдісімнен алынған
титан диоксиді қаптамасына N2және O2реактивті газдарының әсерін зерттеу нәтижелері берілген. Қаптамаларға жүргізілген рентгендік-фазалық талдаулары анатаз, рутил және аз мөлшердегі брукит үлгісіндегі дитан диоксидінің бар екенін көрсетеді. Жұмыстық атмосферадағы азоттың көбеюі, анатаз бен рутилдің көбеюіне әкелетіні көрсетілді. Газдық атмосферадағы азот мөлшерінің артуы, блоктық құрылымы бар бірқалыпты беткі қабаттың түзілуне әкеледі. Наноиндентирлеу нәтижелеріне қарап, бір қалыпты беттің түзілуі, қаптаманың физико-механикалық параметрлерінің төмендеуіне байланысты деп болжам жасауға болады. Қаптаманың құрылысы, фазалық құрамы және механикалық құрылымы және теріс ығысу режиміндегі N2/O2газдарының қатынасына байланысты екені көрсетілді(Uығысу = −150 В).

26-32 280
Аңдатпа

Осы жұмыста өте жоғары молекулалық полиэтиленнің (ӨЖМПЭ) құрылымы мен механикалық қасиеттеріне электрондық-сәулелі өңдеудің (ЭСӨ) әсерін зерттеу бойынша жұмыстардың нәтижелері ұсынылған. ӨЖМПЭ үлгілерінің ЭСӨ ИЛУ-10 өнеркәсіптік импульстік үдеткішінде жүзеге асырылды. Электрондар энергиясы 2,5– 4,5 МэВ шегінде өзгеріп, ал сәулелену мөлшері 2–9 МГр шегінде өзгеріп отырды. Дифференциалды-сканерлеу калориметрия әдісімен полимерлік үлгілердің термиялық сипаттамалары анықталды. Сәулеленудің полимердің кристалдану процесіне әсері талданды. Қаптаманың пайда болу әсері кристалдық құрылымға (ламельдердің қалыңдығына) қатысты маңызды емес және сәулелену дозасы ӨЖМПЭ балқу температурасына әсер етпейді.Алынған инфрақызыл спектрлер ЭСӨ кезінде ӨЖМПЭ үлгілерінде оттегі бар полиэтилен тізбегінің химиялық реакциялары нәтижесінде тотығу болатынын көрсетті. ЭСӨ бетінің морфологиясының өзгеруіне әкеледі, яғни беті кедір-бұдыр болып, сферолиттердің тегіс емес тереңдігі мен құрылымы артады. Механикалық сынаулар нәтижелері ЭСӨ-дан кейін ӨЖМПЭ беріктігі мен қаттылығы шамалы ұлғаятынын көрсетті.

33-40 1493
Аңдатпа

Бұл жұмыс жеңіл элементтер синтезінің әсері негізінде ядролық энергетикалық реакторларды құру проблемасына арналған. Бүгінгі күні бұл проблема жоғары температуралық плазмамен жұмыс істейтін термоядролық реакторлар түрінде пысықталып жатыр. Бұндай реакторларда плазма магниттік өрістің көмегімен реакциялық камераның қабырғаларынан оқшауланады. Тіпті термоядролық реакторлардың перспективалық жобаларында температуралық режим бастапқы ядролардың өзара әрекеттесуінің оңтайлы қимасын қамтамасыз ету жағдайынан алыс. Көп жылғы жұмыстарға қарамастан, плазманы тиімді оқшауландыру міндеттері қиындықпен шешілуде. Тиімді реакторды өзара әрекеттесуші ядролардың максималды қимасы және минималдытэнергиясы бар, дейтерий-тритийлі реакция нұсқасында да құру үшін болжамдалған шығындар, реакциялық камералардың өлшемдері өсуде. Мақалада иондардың қарама-қарсы шоқтарының тороидті магниттік өрістерде өзара әрекеттесуіне негізделген синтез реакторының нұсқасы қарастырылған. Бұндай шешім реакцияның бастамалауына арналған шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді, өзара әрекеттесуші ядроларды реакциялық камерада тиімді ұстау міндетін шешеді. D–D, D–T және D–3Не реакциялары мысалында, осылардың негізінде энергияны аз жоғалтатын және габариттері үлкен емес реакторлар көрсетілген.

41-48 279
Аңдатпа

Мақалада топырақтағы 3Н анықтау формаларын зерттеуге арналған әдістемелік тәсілдер ұсынылған. 3Н байла-нысқан формаларын анықтау үшін қолданылатын автоклавты ыдырау әдісінің тиімділігі мен сапасына бағалау жүргізілген. 3Н бөлу процесіне матрицалық құрылымның әсерін бағалау үшін үлгілер ретінде топырақ пен цеолит қолданылған. Тәжірибе барысында 3Н құрамының әсері мен толық бөлінуін бағалау үшін 100-ден 100 000 Бк/л дейінгі түрлі белсенділіктегі изотопты индикатор қолданылған. Барлық тәжірибелер бірнеше қайталанып жүргізілген. Тәжірибенің әрбір кезеңінде оның «тазалығын» бағалау үшін салтаң тәжірибе жүргізілген. Аталған әдістің тиімділігі шамамен 27–48% құрайтыны көрсетілді. Айтарлықтай шығынның матрицаның толық ашылмауымен және талдама жүргізудің ерекшеліктерімен байланысты екені белгіленді. Матрицалық құрылым мен 3Н құрамы топырақтан 3Н байланысқан формаларын бөлудің тиімділігіне әсер етпейтіні анықталды. Авторлар әдістің тиімділігін жоғарылату үшін реагенттер ара қатынасын өзгерту және центрифугалау кезеңдерін болдырмау сияқты бірқатар әдістерді ұсынған.

49-54 285
Аңдатпа

ЯОҚ қолданудың бір түрі, пайдаланылған ядролық отынды ұзақ мерзімде контейнерде сақтау болып табылады. Кешенді радиациялық іске асыру мақсатында және ЯОҚ сақтау аумағындағы радиациялық ахуалға ұзақмерзімді болжамды бағалау жүргізу үшін радиоактивті газдардың атмосфераға эманациялануын бақылау қажет. Газ тәріздес қалдықтар, бұл атом энергетикасы мен өнеркәсіптің жұмысы нәтижесінде пайда болатын радиоактивті қалдықтардың бір түрі. Ауада олардың құрамынан асып кетуі, атом электр станцияларынан немесе медициналық мекемелерден, ядролық апаттар мен жарылыстардан, сонымен қатар ЯОҚ сақтайтын контейнерлердің герметизацияларының жойылуына қатысты радиациялық апаттардан кейін шығатын радиоактивті шығарындылардың орын алуын көрсетуі мүмкін. Газ тәрізді радиоактивті қалдықтарға құрамында келесі радионуклидтері бар газдар жатады: 41Ar, 135Xe, 85Kr, 131I, 3Н, 14С және басқалары, олар көп жағдайда радиациялық қауіпсіздік нормаларымен белгіленген деңгейден асатын мөлшерде ауаға түсіп, түзіле алады. Бұл мақалада, ЖН-350 реакторының ЯОҚ ұзақ мерзімде сақтау аумағындағы ауада орын алған радиоактивті газдардың көлемдік белсенділігінің нәтижелері келтірілген.

55-60 259
Аңдатпа

Мақалада тәжірибелік құрылғы элементтерінің қуатын есептеудің әртүрлі әдістері сипатталған. Әр әдістеменің жағымды және жағымсыз жақтарына салыстырмалы талдау жасалады, есептеу әдістері мен қолдану шектері келтірілген. Орнатыныздың энергетикалық параметрлерін есептеу әдістерін жасау тәжірибелік реактор физикасын дамыту үшін маңызды міндет болып табылады.

61-69 265
Аңдатпа

Позитронды эмиссиялық томографияда қолданылатын итерациялық реконструкция алгоритмдері параметрлерінің клиникалық жағдайда жартылай сандық көрсеткіштерге және диагностикалық кескіннің сапасына әсері зерттелді. Стандартталған жинақтау көрсеткіші мен метаболикалық көлемнің итерациялар мен ішкі жиындар санына тәуелділік функциялары алынды. Итерациялық реконструкция алгоритмдерінің өлшемі 6 мм болатын пайда болған түзілімдерге әсер ету ерекшеліктері қарастырылады. 10 емделуші тексерілді, оларды сканерлеу PSF функциясы қосылған VPHD итерациялық алгоритмін қолдана отырып, TOF уақыттық технологиясы арқылы жүргізілді. Көрсетілген сканерлеу параметрлерінің контрастқа, шуға және сигнал/шу қатынасына әсері талданады. Жартылай сандық сипаттамалардың итерациялар мен ішкі жиындар санына тәуелділік кестелері ұсынылған. Итерация диапазонын түрлендіру кезінде радиофармацевтикалық препараттың жинақталуының жартылай сандық мәндерінің өзгеруіне баға берілді. Емделушілерді сканерлеудің диагностика-лық хаттамаларын оңтайландыру әдістері ұсынылған. Алынған нәтижелерге диагностикалық кескін үлгісінде тексеру жүргізілді.

70-79 252
Аңдатпа

Акцепторлық қосымшалау және La катион бойынша жетіспеушілік жасау жолымен синтезделген LaScOнегізіндегі протонды өткізгіштердің құрылымы мен қасиеттері зерделенді. Оксид торына интеркалибрленген протондардың саны катиондық қосымшалау деңгейінің жоғарылауымен артады және кальциймен қосымшалауға қарағанада стронциймен қосымшалау кезінде жоғары болатыны көрсетілді. Катионды стехиометриялық емес лантан скандаты үлгілерінде лантан бойынша жетіспеушіліктің артуымен интеркалибрленген протондардың саны азаятыны байқалды, бұл
VO•• оттегі бос орындарын(LaLa''' - VO••)' типті жиынтыққа байланыстыру мүмкіндігімен және судың еру процесіне олардың қатысуын бұғаттаумен байланысты болуы мүмкін. Әртүрлі әдістермен синтезделген лантан скандаты түйіршіктерінің көлемі мен шектерінің өткізгіштігінің активтену энергиясы
анықталды. Кальциймен қосымшалауға қарағанада стронциймен қосымшаланған үлгілер түйіршіктері көлемінің өткізгіштігі мен өткізгіштігінің активтену энергиясы жоғары екендігі көрсетілді. Катионды стехиометриялық емес үлгілердің өткізгіштігінің активтену энергиясы іс жүзінде катион бойынша жетіспеушіліктен тәуелсіз екені байқалды.

80-86 267
Аңдатпа

Мақалада зерттеу реакторларында сыналған отындары твэлдерінң қуат пен энергия шығаруын анықтайтын тәжірибелік әдістерге шолу берілген. Қуат өзгерісінің тұрақсыз сипаты бар импульсті реакторлық сынақтар тәжірибесінде сәтті қолдануға болатын тәсілдерге баса назар аударылды. Әр түрлі әдістерге салыстырмалы талдау жасалады, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі. Өтпелі және апаттық жағдайдағы ядролық энергетикалық реакторлар отынының әрекетін зерделеуге бағытталған импульсті графитті реакторда (ИГР) сынау тәжірибесінде қарастырылған тәсілдерді қолдану бойынша ұсыныстар жасалады.

87-92 482
Аңдатпа

Мақалада Семей сынақ полигонына (SIP) жақын жатқан аумақта, бірінші ядролық сынақтан (29.08.49 ж.) кейінгі радиоактивті түсу іздері өту аймағында саңырауқұлақтардың табиғи (40K, 226Ra, 232Th) және жасанды (241Am, 137Cs, 90Sr, 239+240Pu) радионуклидтерді жинақтау деңгейі мен параметрлерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жалпы алғанда, саңырауқұлақтардағы радионуклидтердің меншікті белсенділігінің алынған шамаларының ешбірі рұқсат етілген деңгейден аспайтындығы анықталды. Зерттеліп жатқан аумақта саңырауқұлақтарды тұтыну кезінде радионуклидтердің пероралды түсуінен ішкі сәулеленуінің жиынтық дозасына негізгі үлесті табиғи радионуклидтерден алынған доза қосады.

93-99 387
Аңдатпа

Зерттеу жұмысында Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) суларында табиғи (ТРН) және жасанды (ЖРН)
радионуклидтердің «фондық» шоғырлануын анықтау бойынша деректер келтіріледі. Зерттеу объектілері ретінде әртүрлі типтегі сулар алынған: динамикалық – Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар және Аягөз өзендері және статистикалық – Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары мен Зайсан көлі. ШҚО суларындағы ТРН мен ЖРН концентрациясы Қазақстан Республикасының гигиеналық нормативтерінде белгіленген араласу деңгейінің мәнінен 2–4 ретке төмен екендігі көрсетілген.

100-104 354
Аңдатпа

Мақалада, плутоний изотоптарын альфа-спектрометриялық анықтау үшін есептік үлгіні алудың ең көп таралған әдістері - сирек кездесетін жер элементтерін қатар тұндыру мен электролиттік тұндыру әдісі қарастырылған. Альфа-спектрометрия үшін ең жақсы көздер (жақсы көбейтілетін, аса жұқа үлгілер заттектің белсенді қабатының аумағы бойынша біркелкі бөлінетін) электролиттік тұндыру арқылы алынатындығы анықталды. Бұл әдіс үшін есептік үлгілерді алу процесінің оңтайлы параметрлері (ток күші, тұндыру уақыты, электролиттік ұяшық геометриясы) анықталды және электролиттің құрамы таңдалды. Кернеуінің тұрақтылығы жоғары жетілдірілген электролиттік қондырғы құрастырылды және әзірленді.

105-111 303
Аңдатпа

Тіркелген оқиғалардың табиғатын тану және олардың эпиорталықтарының жатысын анықтау үшін, сейсмикалық станциялардың эталондық және ағымдағы жазбаларын өзара корреляциялау функциясын іздестіруінде және инфрадыбыстық фазалары бар кандидат-оқиғаларды одан әрі ассоциациялауында негізделген, сейсмикалық және инфрадыбыстық деректерді бірлесіп пайдалану әдістемесі ұсынылған. Ақбастау карьеріндегі (Алматы облысы) өнеркәсіптік жарылыстарды AS058-Курчатов (KURK) сейсмикалық станциясы мен екі инфрадыбыстық станцияларымен – Курчатов (KURIS) және Маканчи (MKIAR) – тіркеудің 7 айлық материалдарында әдістемені сынамалауы оның жоғары сенімділігін көрсетті.

112-118 244
Аңдатпа

Алматы қаласы ауданында өндірілген жақсы белгілі параметрлері бар эталондық жарылыстар бойынша деректер негізінде негізгі сейсмикалық аймақтық фазалардың жаңа годографы салынды. Годографты Солтүстік Тянь-Шань аумағында оқиғаларды жергіліктеу үшін пайдаланылатын басқа жылдамдық үлгілерімен салыстыру жүргізілді. Жаңа годографты пайдалану кезінде сейсмикалық оқиғаларды жергіліктеу қателерінің эллипстерінің өлшемдері басқа годографтарды пайдалану кезіндегі мөлшерден төмен екені көрсетілді.

119-127 326
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның негізгі аймақтарының (Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс) тұрғындарындағы тұрақсыз абберацияларының аймақтық аялық жиілігі туралы зерттеу мәліметтері келтірілген. Бұл параметр бастапқы «нөлдік» доза нүктесі ретінде белгісіздік пайызына ие және ауыспалы болып табылады. Халық санының үлкен және этникалық әртүрлілік нышанына байланысты облыстық маңызы бар қалалар таңдалып алынды. Әр аймақта жас мөлшері мен жынысы бойынша 1:1 қатынасында (барлығы 40 адам) ранжирленіп 10 адамнан тұратын байырғы адамдар тобы – еріктілер тобы құрылды. Тұрақсыз хромосомалық зақымданудың аялық жиілігін есептеу – Carl Zeiss AxioImager Z2 электронды флуоресцентті микроскоп негізінде автоматтандырылған цитогенетикалық платформада, Metafer 4/M Search, ICAROS (MetaSystems, Германия) метафазаны талдамалау және автоматты іздестіру жүйесі бар жабдықтардың көмегімен жүргізілді. Зерттеу барысында байқалған нәтижелерден 1000 адамға абераннты жасушадан 1,1±0,4 бастап 3,09±0,6 дейінгі аралықтағы аймақтық вариабельдікті көрсетеді, бұл өмірлік белсенділіктің бірқатар субъективті және объективті факторларына байланысты шартталуы мүмкін.

128-133 284
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының аумағына тән ландшафтық бірлігі - далалық аймақтың ауа ортасының табиғи және жасанды радионуклидтермен (ТРН және ЖРН) радиоактивті ластану деңгейі мен сипатын бағалау бойынша жинақталған нәтижелер келтірілген. Ауа ортасындағы ЖРН көлемдік белсенділігін теориялық бағалау әдісі қолданылды. Ауадағы 40K құрамы 6,5×10-6 бастап 9,5×10−5 Бк/м3 дейін, 226Ra – 2,5×10−6 бастап 5,0×10−5 Бк/м3 дейін, 7Be – 9,0×10−4 бастап 4,5×10−3 Бк/м3 дейін, 210Pb – 1,0×10−4 бастап 8,5×10−4 Бк/м3 дейін, 239+240Pu – <1,0×10−7 бастап 7,3×10−7 Бк/м3дейінгі мәнде құбылатыны анықталды. Теориялық бағалау нәтижелерінен, 232Th радионуклидінің көлемдік белсенділігінің есептеу мәні 232Th – 1,8×10−6 Бк/м3, 241Am – 1,1×10−8 Бкм3, 137Cs – 1,4×10−6 Бк/м3, 90Sr – 2,0×10−7 дейін жеткенін көрсетті. Ауадағы радионуклидтердің аялық шоғырлануы бойынша алынған деректер, халықаралық мониторингілік бақылау мәнінің диапазоны енеді және одан ары қарай ауа ортасының сапасының өзгерісін бағалауға арналған базалық көрсеткіштер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

134-143 258
Аңдатпа

Мақалада ядролық оқиғалар мен радиациялық апаттарды тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасында мониторингілеудің радионуклидтік станциясын құру мәселесі қаралды. Ауа ортасындағы радионуклидтерді анықтау әдістері және ауа сынамаларын іріктеу және талдау жүргізу үшін негізгі және қосымша жабдықтарды таңдауға ұсыныстар берілген. ЯСЖТШ талаптарына сәйкес, ҚР ҰЯО базасында Курчатов қаласында радионуклидтік мониторингілеу станциясын орналастыру үшін учаскені таңдау қарастырылды. Станцияны орналастыру жоспарланған жердің ауа ортасындағы табиғи және техногендік радионуклидтердің құрамы туралы деректер келтірілді.

144-153 298
Аңдатпа

Мақалада реакторды іске қосу кезінде тәжірибелік қондырғының қажетті сынақ режимдерін негіздеуге
бағытталған күрделі жобалау зерттеулерін жүргізуге көзқарас көрсетілген. Бұл зерттеулердің негізі күрделі нейтронды-физикалық және термофизикалық процестерді компьютерлік модельдеу әдісі болып табылады. Бұл әдіс екі арнайы бағдарламаны – MCNP6 және ANSYS Fluent көмегімен жүзеге асырылады.

154-159 585
Аңдатпа

Мақалада жаяу гамма-спектрометриялық түсіру әдісі берілген, ол спектрлер массивін алу арқылы топырақтың беткі қабатындағы радионуклидтердің шоғырлануын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Семей сынақ полигонының табиғи жағдайымен бірге алынған (гамма-импульсті есептеу жылдамдығы (in situ)) және зертханалық гамма-спектрометриялық талдау нәтижесіндегі топырақтағы 241Am және 137Cs құрамы туралы мәліметтерге салыстырмалы бағалау келтірілген. Радионуклидтердің алаңдық таралу карталары топырақтың тығыздығын есепке отырып алаңдық белсенділігінің жылдамдығын есептеу арқылы құрылды соған сәйкес өту коэффициенттері алынды.

160-166 294
Аңдатпа

Жұмыста Семей сынақ полигонының (ССП) радиоактивті ластану жағдайында күнбағыстың жербеткі бөлігіндегі жекелеген химиялық элементтер мен радионуклидтер құрамының сандық мөлшерлері қарастырылған. Топырақтағы зерттеліп жатқан химиялық элементтер мен радионуклидтердің құрамының біркелкі топырақтық-климаттық жағдайларда өсімдіктерге (құбылу коэффициенті 20–40% құрайды) қарағанда аса аз өзгеретіні (құбылу коэффициенті орташа алғанда 20% аспайды) анықталды. Күнбағыстың жербеткі бөлігіндегі тиесілі белсенділік мәндерінің ең кең диапазоны өсімдік ағзасына бөтен радиоактивті элемент 241Am үшін тән – құбылу коэффициенті 40% артық емес.

167-170 380
Аңдатпа

Мақалада, ЖН-350 реакторынан ПЯО бар контейнерлерді γ-спектрометриялық зерттеу нәтижелері келтірілген. Теориялық бағалау негізінде отынның әртүрлі құйылу дәрежесінің және ЖБҚ қабырғаларының бұзылуының түрлі нұсқаларымен, ядролық отын қалдықтары бар жалғызілік контейнерлерлерде пайда болатын нейтронды және фотонды сәуле шығару өрісінің дозасын есептеу нәтижелері келтірілді. ПЯО жай-күйін бақылау үшін қажетті бастапқы мәндер, сондай-ақ экспозиция уақыты мен зерттеу желісі анықталды. Теориялық бағалау нәтижелерін тәжірибелік мәліметтермен салыстыру кезінде ұзақ мерзімді сақтау режимінде пайдаланылған ПЯО жай-күйін мониторингілеуден кейінгі оңтайлы позиция контейнер түбінен 2 м биіктіктегі өлшеу нүктелері екендігі анықталды. Бұл позициялар мүмкіндігінше өкілетті және жанармай құйылған жағдайда бұл процесс мониторингілік өлшеулерінде көрініс береді.

171-175 302
Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты энергиясы Ер=7 МэВ болатын natCu(p,xp) ядролық реакцияларының қималарын Ядролық физика институтының У-150М изохронды циклотронында зерттеу болып табылады. natCu ядросының рекцияларының эксперименттік нәтижелерін талдау қозған ядроның тепе-теңдік күйге өтуін сипаттайтын статистикалық тәсіл болып табылатын ядро ыдырауының экситонды моделі аясында жүргізілді. Эксперимент нәтижелерін теориялық тұрғыдан талдау PRECO-2006 есептеу коды шеңберінде жүргізілді. Алынған эксперименттік нәтижелер үлкен ядролық-энергетикалық қондырғылады жасауда, сондай-ақ радиациялық материалтануда қоланылуы мүмкін.



ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)