Моңғолияның бірінші сейсмикалық станциясы 1957 жылы Кеңес Одағының көмегімен орнатылған және онда сейсмикалық деректерді тіркеу үшін фотоқағаз пайдаланылған. Сол кезден бастап моңғолияның сейсмикалық желісі бірнеше сейсмикалық станцияларға кеңейді және технологиялық жақсартулар әзірленді. Қазіргі уақытта Астрономия және геофизика институты (АГИ) сейсмикалық, инфрадыбыстық, радионуклидтік және бекзат газдар (PS25, IS34, MNP45, және MNX45) станцияларын қоса алғанда, ХМЖ станцияларының төрт түрін басқарады. Моңғолияның ұлттық деректер орталығы (МҰДО) ХМЖ қоса алғанда, Моңғолияның бүкіл станцияларынан нақты уақыт және нақты уақытқа жуық уақыт режимінде әртүрлі коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ХМС деректерін қоса алғанда, сейсмикалық және инфрадыбыстық деректерді қабылдайды. Мақалада Моңғолиядағы ЯСЖТШҰ ХМЖ станцияларының ағымдағы ахуалы және ХМЖ моңғолияның бекзат газдар станциясының (MNX45) радионуклидті талдауының кейбір нәтижелері көрсетілген.
Халықаралық деректер орталығының REB бюллетеніне (тексерілген оқиғалар бюллетені) байланыстырылған фазалар саны бойынша Халықаралық мониторингі жүйесінің (ХМЖ) басқа станциялырымен салыстырғанда Қазақстан станцияларының улесі қорытындалған. Қазақстанның барлық станциялары, сейсмикалық пен инфрадыбыстық, мониторингте жеткілікті тиімді болуы және бірінші орындарын алатыны көрсетілген. Бұл, әлемдегі оқиғалардың эпиорталықтарын карталау нәтижелерімен, сондай-ақ минималь магнитуда және, қазақстандық станциялары қатысумен айқындалған оқиғалардың саны REB бюллетеніндегі оқиғалардың жалпы санына қатынасы параметрлерімен расталады. REB нәтижелері мен қазақстанддық ұлттық деректер орталығының бюллетеньдерінде – сейсмикалық және инфрадыбыстық – Орталық Азияның (ОА) аймағы түбегейлі қарастырылған, жергіліктеудің нақты дәлдігін бағалау үлгілерімен. ОА бойынша KNDC-тің инфрадыбыстық бюллетені REB бюллетенімен салыстырылған. KNDC бюллетенінде жергіліктеуі төрт инфрадыбыстық станцияларының, бір ресейлік Залесово станциясын қоса, деректері бойынша жүргізілген. KNDC бюллетенінде REB бюллетенімен салыстырғанда оқиғалар саны көбірек болуы белгіленген.
Бұрын болған Кеңс Одағының Иркутск облысы, Күнгей Байкал өлкесі (Шығыс Сібір) және Саха Республикасы аумақтарында ғылыми және коммерциялық мақсатында 1976–1987 ж.ж. жүргізілген, 3,5–15 кт. қуатымен, 10 жерасты ядролық жарылыстардың цифрланған сейсмограммаларын өңдеудің бірінші нәтижелері келтірілген. Оқиғалар, Байкал рифтік жүйесі шегінде және жанасқан аумақтарда жергіліктелген, аймақтық станциялар желісімен 173–1407 км қашықтықтарында тіркелген. Түсудің бірінші уақыттары туралы деректер бойынша негізгі сейсмикалық фазалардың (тура және Мохо шекарасынан шағылысқан қума және көлденең толқындар) аймақтық годографы алынған, бар аймақ және үш ірі тектоникалық құрылымдар: Сібір платформасы, Байкал- Патом тау өлкесі және Күнгей Байкал блогы үшін жыр қыртысы мен жоғарғы мантияда сейсмикалық толқындардың жылдамдығының мәндері анықталған. Жылдамдықтың алынған мәндері Байкал рифтінің жер қыртысы мен жоғарғы мантияның жылдамдық құрылысы туралы мәлім деректерімен жақсы үйлеседі.
Жұмыста кеңестік бейбіт ядролық сынаулар (БЯС) туралы түзетілген жиынтық деректері берілген, Макей, Фуджита ж.б. авторлардың жұмыстарынан нақтыланған координаттар туралы ақпаратты есепке ала отырып. Нәтиже ретінде мақалада, БЯС үшін есептелген эпиорталықтық қашықтары келтірілген, годографтары салынған және «Бурабай» геофизикалық обсерваториясынан, 1966 жылдан КСРО Ғылым Академиясы Жер физикасы институтының Арнайы Секторының № 4 Экспедициясы жүргізген мониторингі уақытында цифрлық форматында тіркелеген БЯС географиялық координаттарына дейін азимуттары көрсетілген.
Төрт технологиясын – сейсмикалық, гидроакустикалық, инфрадыбыстық және радионуклидтік – қолданатын Халықаралық мониторингі жүйесі (ХМЖ) ЯСЖТШ күшіне енуін күтуде тестілік режимінде жұмыс істеп келеді, бірақта қазірде мониторингінің деректерін ғалымдар әлеуметті мақсатында пайдалануға мүмкін. Аталған бір технологиялардың – сейсмикалық – жерсілкінулердің қауіпін анықтауына және инженерлік сейсмологияға үлесі зор, білімді дамытатын және кеңейтетін болып табылады. Осы тұрғыда мақалада, соңғы жүз жылда қатты және өте қатты жерсілкінулер болған, Азия-Тынықмұхит белдеуі мен дөңгелек тынықмұхиттік белдеуінің сейсмикалық ең белсенді аймақтарының бірі болып табылатын, −14°о.е.–10°с.е. және 93°–141°ш.б. координаттарымен шектелетін, индонезиялық аумғы қарастырылады. Талдау үшін соңғы 19 жылдарының, 1999 ж. 13 маусымнан 2017 ж. 10 шілдеге дейін, Ядролық сынауларға жаппай тыйым салу туралы шартының ұйымымен, Вена, Австрия, орнатылған Халықаралық мониторингі жүйесінің (ХМЖ) жерсілкінулер туралы деректері алынған. Осы деректерді талдауы жерсілкінулер пайда болуы Гумбель функциясымен (І типіндегі экстремаль мәндері таралу) үйлесетінін және корреляцияның қанағаттандыратын дәрежесімен (0,96) мақсималь амплитудасымен деректерді талдауына жарамдылығын көрсеткен. Индонезиялық аймағы үшін жерсілкінудің қауіпі магнитуданың берілген мәндерінде қайталану және пайда болу ықтималдығы ретінде санды анықталған. Осы зерттеу ең ықтимал өте қатты жылсайынғы жерсілкінулер магнитудасы бойынша 6,0 жақын болуын көрсеткен. 50 жыл ауқымында болуы мүмкін өте қатты жерсілкінудің магнитудасы 6,8 ретінде бағаланады. Осы аймақта күтуге болатын басқа – орта және қатты – жерсілкінулері белгілі бір учаскелерде инженерлік ізденістерінде және белгілі бір аймақта инфрақұрылымды жобалау проблемасын шешуінде пайдалы болу мүмкін.
Ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи талаптары мен үрдістеріне сәйкес деректерді жинаудың, өңдеудің және сақтаудың сапасын жоғарлату мақсатымен Ұлттық қазақстандық деректер орталығында жаңа бағдарламалық-техникалық құралдарды жетілдіру, жаңғырту және енгізу бойынша жоспарды іске асыру мәселесі қарастырылды.
Геологиялық формациялардағы радиоактивті қалдықтарды жесасты оқшаула кезінде геологиялық ортаның геодинамикалық тұрақтылығын болжау проблемасын шешу жүйелік тәсілдеменің әдіснамалық негіздері қарастырылды. Жүйелік тәсілдеме ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тәсілі ретінде қолданылады және де тек қана проблеманы шешу әдісі болып қана қоймай сондайақ міндеттерді қою әдісі де болып табылады. Ол араласқұралас геологиялық-геофизикалық деректерді жинау және жүйелендірудің бірінші кезеңінде аса маңызды. Жүйелік тәсілдеме аймақтың дамуының геодинамикалық режимінде және радиоактивті қалдықтардың радиобиологиялық қауіпінің барлық мерзіміне геологиялық ортаның оқшаулағыш қасиеттерін сақтауды белгілейтін және тектоникалық құрылымдағы іргелі заңдылықтарды анықтауға күшті жинақтап жұмылдыруға көмектеседі
Негізгі атомдық объектілері орналасқан жерлерінде Қазақстан аумағының сейсмикалылығы және, геологиялық ортаның артық массаның табиғи объектілерімен қатар келетін бос аудағы ауырлық күшінің аномалияларымен оның байланысы талданылады. Семей сынау полигоны (ССП) үлгісінде, ядролық қондырғылардың сейсмоқауіпсідігіне ықпал етуге мүмкіндігі бар негізгі және екінші дәрежелі белсенді жарылымдар бар болуын анықтайтын, жоғары сейсмикалылығымен геологиялық ортаның артық массаларының графитациялық факторлары қарастырылады.
Орындағы инспекция мақсатында геофизикалық бақылау әдістерін дамыту және жетілдіру үшін, әсіресе ядролық сынақтарды өткізуге күдік тудыратын, рұқсаты шектелген алаңдарда тау жыныстары мен сулардың өзара әрекеттестігінің жаңа көрінісін пайдалану ұсынылады. Осы көрініске сәйкес электрмен барлау әдістері арқылы қашықтан нақты геологиялық жағдайда сілтісіздендіру зоналарын, заттардың жылыстауы және шөгінулерін (оның ішінде радиоактивтілерінде) белгілеуге болады. ЖЯЖ ошақтары арқылы өтетін гидродинамикалық құрылымдарды айқындау үшін тритий эксхаляциясының өлшеулері пайдаланылады – ЖЯЖ ошақтарынан радиактивті ластанудың таралуының негізгі маркері. Осы ұсынымдардың орындылығы Семей сынау полигонының нақты жағдайында теория жүзінде, эксперимент ретінде және геофизикалық түсірімдермен дәлелденген.
Гидродинамикалық құрылымдарды, табиғи және техногенді, электрбарлаудың көрінімдік электрлік кедергі (КК) және табиғи электр өрісі (ТӨ) әдістерін қашықтық қолданумен, карталау мәселелері қарастырылған. Мұнысында, жерасты ядролық жарылыстардың (ЖЯЖ) ошақтарынан радионукоидтердің қазіргі кездегі таралуы көбінесе жерасты суларымен өтетіні есепке алынған. КК жәе ТӨ әдістері уатылудың табиғи және техногенді зоналарын бөліп алуға және олардың ішінде жерасты сулардың ағымдары бар болуын анықтауға мүмкіншілік береді. Радиоактивті ластануымен су ағымдары бар болуы мен жатысы, Геофизикалық зерттеулер институтында әзірленген әдісімен тритй эхскаляциясын өлшеу жолымен анықталады. Гидродинамикалық құрылымдарды, соның ішінде радионуклидтерді тасымалдайтындары, бөліп алу үшін әдістеменің жарамдылығын дәлеледейтін, КК, ТӨ және тритий эхскаляциясы әдістердің деректерін бірлестіріп пайымдаудың үлгілері келтірілген.
Семей сынау полигонының ұрыс ұңғымаларының бірінің мысалында техногенді құрылымдарды зерделеу кезінде сейсмикалық барлау мүмкіндіктері көрсетілген – сыну толқындарының корреляциялық әдісі (СТКӘ), тойтарылмаған толқындар әдісі (ТТӘ), тойтарылған-шашыраған толқындар әдісі (ТШТӘ). Сейсмикалық барлау деректері бойынша жарықшақтылықтың орталық зонасы айқындалды (ЖЯЖ ошағы), онда тығыздалған және тығыздығы жойылған тау жыныстарының алмасуы, сондай-ақ жанасып жатқан жарықшақтылықтың үлкен зонасы байқалады. ЖЯЖ ошағынан 200–300 м қашықтықта жарықшақтылықтың қосымша зоналары көрінеді.
Семей сынау полигонындағы (ССП) жерасты ядролық жарылыстардың (ЖЯЖ) учаскелерінде далалық түсірулермен айқындалған электр кедергінің (ЭК) төмен мәндерінің сақиналық және сызықты зоналарын талдауы жүргізілген және ЖЯЖ жүргізілген жерлерден қашықтағы учаскелеріндегі ЭК таралудан олардың ерекшелігі анықталған. ЭК төмен мәндерінің сызықтық зоналары, ядролық жарылыстармен жаңартылған геологиялық жарылымдардың көріністеріне жатады, сақиналы зоналар – сыйыстырушы таужыныстарға ЖЯЖ-дің локаль механикалық ықпалы нәтижесінде пайда болған бұзылуларына жатады. Сызықтық және сақиналы зоналар техногенді құрылымдарына жатқызылған. Техногенді зоналарда, ЖЯЖ ошақтарынан қашықтағы жарылымдардың табиғи зоналарының көріністерімен салыстырғанда, елеулі кереғарлығы мен еңі болуы анықталған. Геоэлектрлік ерекшеліктерін келтірілген пайымдауы бұрынғы геологиялық көзғарастарына қайшы келмейді және оны су ағымдарын зерделеу мен ЖЯЖ учаскелерінде радиациялық қауіпті бағалауында пайдалануға болады.
Керегарлық, сондай-ақ электр өрісінің (ЭӨ) ерекшеліктерінің қарқындылығы бойынша жерасты суларының, оның ішінде жерасты ядролық жарылыстарының (ЖЯЖ) ошақтары маңындағы жерасты суларының қозғалыстарының учаскелерін сенімді бөлуге мүмкіндік беретін табиғи ЭӨ әдістемесі әзірленді. Жерасты суларының шығар жері мен ағынның тарылу учаскелерінде ЭӨ мәнінің төмендеуі және осы ағындардың баяулау мен кеңею учаскелерінде ЭӨ мәнінің жоғарлауы таралудың негізігі ерекшеліктері болып табылады. ЖЯЖ учаскелерінде ЭӨ-нің таралу сипаты күрделі – әртүрлі бағыттар бойынша сызықты ұзартылған, көбінесе – мозаикалық. Бірқатар жағдайда ЖЯЖ ошақтарына бірге концентратталған сақиналық құрылымдар белгіленеді.
Семей сынау полигонының бір қатар учаскелерінде тритий эксхаляциясын алаңдық түсірулерінің нәтижелері бойынша тритийдің жоғары белсенділігі таралудың үш негізгі типтері анықталған: 1 – жарылыстар учаскелерінен шегінде ядролық жарылыстармен геологиялық құрылымдардың нашар бұзылу немесе олар іс-жүзінде жоқ болу учаскелерінде сызықты-өрнекті; 2 – жарылыстар учаскелерінде жарылыстармен белсенді жаңартылған табиғи жарылымдармен байланысты, көбінесе сызықты; 3 – жарылыстармен тікелей жаратылған техногенды (сақиналы) құрылымдармен байланысты, сақиналы. Әдетте тритий таралудың екінші және үшінші типтері бірге көрінеді. Радон эхскаляциясын өлшеу нәтижелерімен салыстырғанда тритий эхскаляциясын түсіруінің нәтижелері мен тереңділігінің үлкен тұрақтылығы белгіленген. Тритийдің аномальды жоғары белсенділігінің құрылымды геофизика әдістерімен айқындалған гидродинамикалық құрылымдарымен кеңістік байланысы анықталған. Гидродинамикалық құрылымдардың жерасты ядролық жарылыстардың ошақтарымен байланысын растау үшін тритий белсенділігін газдық түсіру әдістерін қолданудың артықтығы дәлелденген.
Жоғартаудың сейсмикалық тарихі туралы жаңа деректері қөрсетілген. Қатты желсілкінулердің толықтырылған каталогтары Жоңғартауда геодинамикалық құрылыстар мен тектоникалық пайымдау үшін негізін қалаған. Өте қатты жерсілкінулердің айқындалған ошақтары жаңа буындағы сейсмикалық зоналау карталарын құрастыруында есепке алуына тиіс.
Батыс Тянь-Шаньдағы сейсмикалық белсенділігінің кеңістік-уақыттық таралуы қарастырылған. Батыс және Орталық Өзбекстанда болған қатты жерсілкінулердің екі тобы көрсетілген. Жинақталған тектоникалық энергия сейсмикалылық түрінде кезегімен аймақтар бойынша таралуының заңдылығы айқындалған. Жерсілкінулер, олардың магнитудалық деңгейіне байланыссыз, гипоорталықтарының тереңдіктері бойынша белгілі сейсмогендді қабаттарындаттаралуы көрсетілген. Аймақтың сейсмикалық режимінде қатты жерсілкінулерді топтастыру заңдылығынан ауытқулары айқындалған. Газлиде 1976 ж. және 1984 ж. болған М=7,0–7,3 үш қайтара өте қатты жерсілкінулер алдында мүмкін триггерлер болған – табиғи және техногенді. Табиғи триггерлеріне солтүстікте Тамдыбұлақ к. ауданындағы белсенді сызаттану (ұзындығы 100 км дейін ірі жарықшақтар) процесстері және Газлидің эпиорталықтың ауданында 40 жылдан астам елеулі жерсілкінулері болмауы жатқызылады. Техногендді триггерлеріне, Газли кенорнынан 40-жылдық тұрақты газ шығаруы және, тектоникалық тегі бар, 1976 ж. және 1984 ж. болған Газли жерсілкінулердің эпиорталықтары жанында жүргізілген, 2 ядролық жарылыстар жатқызылған.
Әр тығыздығындағы таужыныстар үстіртері түрінде жер бетінде және, кіші бөлігінде, жер беті астында, жоғары тығыздығымен таужыныстардың шектелген көлемдері түрінде, жер қыртысының жергіліктелген артық массаларымен сейсмикалылықтың байланысы туралы деректері мен үлгілері келтіріледі. Бұл байланыстар, жоғары дәлді жерсеріктік түсірулер нәтижелері бойынша алынған белдемнің цифрлық модельдерінің түбегейлі карталары және бос ауада ауырлық күшінің аномалиялары түріндегі геодезиялық және гравиметрлік деректерін қолданып, жаһандық және аймақтық масштабында қарастырылған.
Сейсмикалылықтың бір қатар сипаттамалары қарастырылған, соның ішінде Иран ауданында қатты жерсілкінулер дайналумен байланыстылары. 2017 ж. 11.12-сіндегі Эзгелех жерсілкінуі (Mw=7,3) алдында 0–33 км тереңдіктерінде сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылғаны анықталған. Иран аумағының көп жағында басым болатын қаусырма және қаусырма-ығыспа түріндегі механизмдерімен континент ішіндегі жерсілкінулер үшін магнитуданың табалдырық мәндері (Мп) мен эллипстердің үлкен өсінің ұзындықтары басты оқиғалардың магнитудаларынан Mw бұрын анықталған корреляциялық тәуелдіктері негізінде, сақиналы құрылым облысында дайындалуы мүмкін, қатты оқиғаның магнитудасын бағалауы жасалған: Mw=7,1±0,1 Эзгелех жерсілкіну зонасы үшін. Иранның онтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында, соның ішінде, жоқ дегенде ХХ ғасырдың басынан инструменталды және тарихи деректері бойынша қатты жерсілкінулер беймәлім облыстарында, қалыптастырылып жатқан ірі сақиналы құрылымдар айқындалған. Бұл құрылымдардың сипаттамалары бойынша айтылған облыстарына сәйкес магнитудасы Mw=7,2±0,3, Mw=7,1±0,2 және Mw=6,6±0,1 қатты жерсілкінулеріне болжам жасалады. Иранның онтүстік-батысында, оның ошағы «Бушер» АЭС жақын болуына байланысты, ықтимал дайындалудағы қатты сейсмикалық оқиға ерекше қауіпті болу мүмкін. Сейсмикалылықтың сақиналы құрылымдары қалыптастырылу себептері талқыланады.
Солтүстік Кавказдың 1964 ж. бастап сейсмикалылығының бір қатар сипаттамалары қарастырылған. 1991 ж. 05.29-ындағы Рачинск қатты жерсілкінуі (Mw=7,0) алдында 0–33 км. тереңдігінде сейсмикалылықтың сақиналы құрылымы қалыптастырылғаны анықталған. Солтүстік Кавказдағы қаусырма және қаусырма-ығыспа түріндегі механизмдерімен континент ішіндегі жерсілкінулер үшін магнитуданың табалдырық мәндері (Мп) мен эллипстердің үлкен өсінің ұзындықтары басты оқиғалардың магнитудаларынан Mw бұрын анықталған корреляциялық тәуелдіктері негізінде, сақиналы құрылым облысында дайындалуы мүмкін, қатты оқиғаның магнитудасын бағалауы жасалған. Рачинск жерсілкінуі белдемі үшін бұл мәні Mw=7,1±0,2, құрады, бұл осы оқиғаның нақты магнитудасына жеткілікті жақын. Үлкен Кавқаз шетінде және Шығыс Кавказ облысында, онда инструменталды және тарихи деректері бойынша қатты жерсілкінулер беймәлім, қалыптастырылып жатқан жаңа ірі сақиналы құрылымдар айқындалған. Ықтимал қатты жерсілкінулердің магнитудаларының мәндері бағаланған: Mw=7,0±0,2 и Mw=6,9±0,2, айтылған объектілерінде, сәйкесінде. Үлкен Кавказдың қиыр батысында дайындалып жатқан қатты жерсілкінуі, халықтың тығыздығынан және Краснодар, Нововроссийск, Сочи ж.б. ірі қалалар жақын болуынан, ерекше қауіпті болып білінеді. Сақиналы құрылымдар қалыптастырылуы, тереңдегі флюидтер жылыстауымен байланысқан, геологиялық жүйелердің өзіндігінен ұйымдастырылу процессінін салдары болуы болжануда.
Оның техникалық параметрлері электр кедергісі мен өндірілген үйектелудің шағын вариацияларын байқау үшін пайдалануға мүмкіншілік беретін жаңа электрбарлау аппаратурасы көрсетілген. Бұл мүмкіншіліктер тереңгі геофизикалық процесстердің, атап айқанда атом саласы объектілері мен жерасты ядролық жарылыстар жүргізілген жерлерінде, монторингісін жүргізуіне мүмкіндік береді. Аппаратураны барлау геофизикасында қолдануға болады.
Оңтүстік Қазақстанда жаңа Қаскелең сейсмикалық станциясы ұсынылды. Аспаптар кешені сипатталды, осы станцияда алынған деректерді пайдаланудың кейбір нәтижелері келтірілді.
Медеуде бөгетті салу үшін жүргізілген жарылыстардың сипаттамалары (1966 ж. 21 қазан, 1967 ж. 14 сәуір және 1973 ж. 20 қараша), Алматы қ. осы жарылыстардың макросейсмикалық көріністері туралы мәліметтер, сондайақ Орталық Азияда бөгеттің құрылысын жүргізу кезінде қуатты өнеркәсіп және зерттеу жарылыстарымен салыстырғандағы сейсмикалық әсер қарастырылды. Тарихи мұрағаттық сейсмограммалар негізінде құрылған жақын және аймақтық арақашықтағы негізгі аймақтық фазалардың годографы, сондай-ақ Алматы қ. маңындағы Солтүстік Тянь-Шань ауданы үшін жиынтық годограф суреттелді. Қырғызстанда 2009 ж. 22 желтоқсанда болған қуатты Қамбар ата жарылысының жазбалары бойынша құрылған годографпен салыстыру жүргізілді. Алынғантнәтижелер сейсмикалық оқиғаларды оқшаулауды жақсарту үшін және Алматы қ. ерте ескерту жүйесін моделдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Зерделенетін ақпараттаушы параметрлердің сандарын кеңейту негізінде саздақ топырақтарда сүзілу зоналарын анықтау кезіндегі геофизикалық деректердің шынайлығын арттыру мүмкіндіктерін зерттеудің нәтижелері келтірілген. Әдетте пайдаланылатын табиғи электр өрісінен (ТӨ) басқа поляризациялану және газ өткізгіштік келтірілген. Алматы қ. № 1 ЖЭЦ-2 күлүйіндісіндегі сүзілудің жергілікті орындарын анықтау мысалында жетілдірілген технологияның тиімділігі көрсетілген.
ISSN 1729-7885 (Online)