Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
4-14 811
Аңдатпа

Мақалада мұнай және газ өнеркәсібінің магистральдық құбыр көлігі үшін шиберлі ысырмалардың тозуы мен қызмет ету мерзімінің негізгі мәселелері келтірілген. Бұл мәселелерді шешудің бір жолы-тозуға төзімді және коррозияға төзімді жабындардың жұқа қабатын қолдану. Материалдардың үнемі өсіп келе жатқан құнына, сондай-ақ материалдарға қойылатын талаптардың артуына байланысты соңғы уақытта жабындарды қолдану әдістеріне көбірек мән берілуде. Газдықтермиялық жабын әдістерінің ішінде жоғары жылдамдықты оттегіотынымен тозаңдау (HVOF) технологиясы қаттылығы мен адгезиясы жоғарылаған, сондай-ақ эрозия, коррозия және тозуға төзімділік қасиеттері жақсартылған, кеуектілігі 1%-дан аз жоғары тығыздықты жабындарды алуға мүмкіндік беретін жаңа және жылдам дамып келе жатқан технология болып табылады. Бұл шолу мақаласында әртүрлі бүрку технологиялары арқылы алынған карбидті жабындардың сипаттамаларына салыстырмалы шолу жасалды.

15-24 406
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандық Алтай және Моңғол Алтай жотасындағы бақылаусыз туризм әсерінен топырақтың ауыр металдармен ластанғаны туралы ақпараттар ұсынылған. Пандемия кезінде Қазақстан, Моңғолияда ішкі туризм ерекше жанданып, Алтай жотасына саяхаттау екі елдеде трендіге айналды. Мұндағы инфрақұрылым төмен дамығандықтан туристік көліктер асфальтталмаған жолдармен жүру, жаңа тарам жолдар шығару, биік тауларға жақындап бару үшін саз батпақтарды кешіп өту, жер қыртысын зақымдау қатарлы келеңсіз жағдайлар белең алуда. Авторлар тарапынан жоғарғы двигателді машиналардың салдарынан ондағы топырақ ауыр металдармен ластанған болуы туралы болжам жасап, арнайы эксперимент жүргізді. Нәтижесінде ондағы бүлінген топырақтарда таза топырақпен салыстырғанда қорғасын 12,5–15,8 мг/кг-ға, никель 16,1–33,7 мг/кг-ға, мырыш 15,6–17,1 мг/кг-ға, яғни ауыр металдың мөлшері 2–4 есе артқанын, жәнеде ауыр металдар топырақтың шайылуынан жолдың төменгі жағына шоғырлана бастағанын анықтады. Бұл көрсеткіш Моңғолия стандары бойынша қауіпті деңгейге жетпегенімен, никелдің деңгейі Қазақстан стандарты бойынша қауіпті деңгейден 2–3 есе көп, хроммен мыстың көлемі «қауіпті» деңгейдің сәл астында ғана тұр. Бұлай жалғаса берсе келесі 5 жылда мұндағы қорғасын, мырыш, никелдің мөлшері қауіпті деңгейден 2-4 есе артады.

25-39 1460
Аңдатпа

Мақалада жоғары энтропиялық қорытпаларды зерттеу нәтижелеріне шолу жасалады, олардың пайда болу принциптерін, жоғары энтропиялық қорытпалардың негізгі түсініктері мен қасиеттерін сипаттайды. Энтропиялық қорытпалардың қолданыстағы санаттары келтірілген. Жоғары энтропиялық қорытпалардың пайда болуынан туындайтын әсерлер сипатталған: жоғары энтропия, тордың бұрмалануы, баяу диффузия және араластыру әсері. Көп компонентті қорытпаларға арналған дәстүрлі термодинамикалық көріністер толықтыруды қажет етеді. Сондай-ақ, жоғары энтропиялық қорытпалардың фазалық құрамын болжау үшін Юм-Розери ережесін қолдану кейбір қиындықтарды көрсетеді, өйткені тор мен валенттіліктің бірдей түріне ие көптеген элементтерді таңдау қиын. Зерттеушілердің пікірінше, жоғары энтропиялық қорытпалардағы құрылымдардың қалыптасуын дұрыс болжауға мүмкіндік беретін жоғары энтропиялық қорытпалардың құрылымдық күйіне әсер ететін бірқатар параметрлер мен жағдайларды талдау нәтижелері сипатталған. Әдеби деректерді талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта көп компонентті қорытпалар жүйелерінде құрылымдардың қалыптасуын дұрыс болжауға мүмкіндік беретін әмбебап параметр жоқ. Жоғары энтропиялық қорытпалардың ұнтақтарын дайындау әдістері ұсынылған. Лазерлік балқыту, магнетронды бүрку, электрохимиялық тұндыру және газ-термиялық бүрку сияқты жоғары энтропиялық қорытпаларға негізделген жабындарды алудың жиі қолданылатын әдістерінің нәтижелері қарастырылған. Осы әдістермен жабынды алу кезіндегі кемшіліктер сипатталған.

40-47 451
Аңдатпа

2022 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалында «EAGLE» эксперименттік стендінің ақпараттық-басқару жүйесінің қыздырғыштарды басқару және сұйық натрий параметрлерін бақылау кіші жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстың аясында сатып алынған жабдық орнатылды, модульдер мен кеңейту қоржындары жиынтықта бірге жүретін Modbus Utility арнайы бағдарламалық жасақтаманың көмегімен алғашқы реттеуі жүргізілді және бағдарламалық жасақтама жасалды.

48-54 337
Аңдатпа

Қазіргі таңда жасанды суықты пайдалану әлемнің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өмірдің негізгі факторларының бірі болып табылады. Кез келген заманауи ғылым, техника және технологиялар жасанды суықсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Ал жасанды суық тоңазытқыш қондырғыларының көмегімен іске асырылады. Мақалада тоңазытқыш қондырғысының оңтайлы жұмыс істеу режимінде және жылуалмастрғышының ақаулығы кезінде жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Әр түрлі келтірілген ақаулықтардың оңтайлы режим жұмысымен салыстырылып, қорынтындылар келтірілді. Барлық зерттеу жұмыстары эксперименттік жолмен жүргізілді, сонымен қатар жылу жүргізгішпен (тепловизер) дәлелденді. Толық мәліметтер кестелер мен диаграммалар түрінде келтірілді. Мәліметтерді сараптау нәтижесінде көп факторлы эксперимент әдісін пайдалану анықталды. Тоңазытқыштың әр бір ақау жағдайындағы процестеріне жекелей және жалпылама қорытынды жасалды.

55-60 321
Аңдатпа

«Атом көлі» – ССП туристері баратын нысандардың бірі. Осыған байланысты адамның «Атом көлінде» жоғары радиациялық фон жағдайында алатын сәулелену дозасын есептеу өзекті болып табылады. «Атом көлінің» аумағына барған кезде тән мінез-құлық сценарийлері: «Турист», «Персонал», «Фермер».

Қолданылатын Әдістемеде тиімді доза топырақтан сыртқы гамма-сәулеленуден, радионуклидтердің ингаляциялық түсуінен, тамақпен радионуклидтердің ауызша түсуінен ішінара дозалар сомасы түрінде ұсынылады. Есептеулерде Қазақстан Республикасы ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының зерттеулері барысында алынған деректер пайдаланылды. Әртүрлі жағдайдағы сценарийлерде жылдық тиімді доза топырақтан сыртқы гамма-сәулеленуден, радионуклидтердің ингаляциялық түсуінен, тамақпен радионуклидтердің ауызша түсуінен парциалды дозалар сомасы түрінде ұсынылады.

Сәулелену дозаларын есептеу нәтижелері халықтың осы аумақта тұрақты тұруына тиім салынуын көрсетті, өйткені бұл халықтың жылдық тиімді сәулелену дозасының белгіленген гигиеналық нормативтен (СЭТОРБ ГН) асып кетуіне әкеледі. «А» тобының персоналы мен туристер «Атом көліне» барған кезде жылдық тиімді дозадан асып кету күтілмейді және сәулеленудің негізгі көзі 137Cs радионуклидінен сыртқы сәулелену болып табылады. Сонымен қатар, зерттелетін аумақта тұру кезінде радионуклидтерді сумен қабылдау кезінде жылдық тиімді доза халықтың сәулеленуінің белгіленген жылдық тиімді дозасынан асып кетуіне әкеледі.

61-68 336
Аңдатпа

ҚР ҰЯО ГЗИ-де алғаш рет цифрландырудың жаңа әдістемесі енгізілді, ол сейсмологиялық деректерді заманауи форматта сақтай отырып, сапасы жақсы аналогтық сейсмограммаларды цифрландыруға мүмкіндік береді. Жаңа әдістемеде Новосибирск аймақтық ақпараттық технологиялар орталығында әзірленген WaveTrack бағдарламалық жасақтамасы, сондай-ақ АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінде жасалған бірқатар қосымша бағдарламалар қолданылды. Цифрландыру нәтижелері АҚШ-тың IRIS әзірлеген NXSCAN бағдарламасымен салыстырылды. Нәтижесінде жаңа әдістеменің бірқатар артықшылықтары атап өтіліп, белгілі бір жиілік диапазонында әртүрлі әдістермен цифрланған деректерді бірлесіп пайдалануға болатындығы көрсетілді. Ядролық жарылыстардың цифрланған сейсмограммаларының деректер қоры құрылды. Қазіргі уақытта цифрланған сейсмограммалар сейсмикалық мониторингілеудің әртүрлі міндеттері үшін де қолданылады.

69-76 272
Аңдатпа

Бұл жұмыстың мақсаты – қақтау температурасының 800–1500 °С диапазонында өзгеруі кезінде Al2O3-Si3N4 керамикаларындағы фазалық түзілу процестерінің заңдылықтарын анықтау, сондай-ақ фазалық құрамның керамиканың беріктік қасиеттеріне әсерін анықтау. Композиттік керамиканың осы класына қызығушылық оларды дисперсті ядролық отынның инертті матрицалары үшін материалдар ретінде пайдалану мүмкіндігіне байланысты. Үлгілерді термиялық күйдіру нәтижесінде олардың фазалық құрамы мен динамикасының өзгеруін бағалау рентгендік фазалық талдау әдісін қолдана отырып жүргізілді. Талдау барысында келесі фазалық түрлендірулер анықталды: Si3N4/Al2O3 → Si3N4/Al2O3-M/Al2O3-R → Si3N4/Al2O3-R/Al2SiO5 → Al2SiO5/SiO2, бұған сәйкес күйдіру температурасының өзгеруі күйдіру температурасының жоғарылауымен алюминий оксидінің полиморфты түрленуінің өзгеруіне, сондай-ақ күрделі Al2SiO5 типті оксид фазасының түзілуіне әкеледі. Сонымен қатар, күйдіру температурасы 1400 °С-ден жоғары болған кезде кремний нитридінің ыдырау процестерімен және оны күйдіру кезінде ауамен әрекеттесіп кремний оксидіне айналуымен байланысты оның Si3N4 → SiO2 түріне айналуы байқалады. Сондай-ақ, ұсынылған мәліметтерге сәйкес, керамиканы күйдірудің басты процестері фазалық арақатынасын айтарлықтай өзгертпестен үлгілерді құрылымдық реттеу процестері болып табылатындығы анықталды.

77-82 294
Аңдатпа

Сәулелену камерасынан және INURA үдеткішінің қорғаныс қорабынан жарық сәулесін шығару және тасымалдау жүйесі құрылды. Қорғаныс қорабының сыртында жарық 300 нм-ден 2,1 мкм-ге дейінгі диапазондағы ықшам спектрометрлер, фотокөбейткіштер, фотодетекторлар көмегімен тіркеледі. Қазіргі уақытта үдеткіш иондық үдеу режимінде жұмыс істейді, электронды үдеу режиміне ауысқанда шешілетін мәселелердің саны артуы керек. Жүйе диодтық блоктың электродаралық саңылауынан жарық сәулеленуін тіркеуде сынақтан өтті. Сіңірілген су буының ыдырауымен және жоғары ток үдеткіш диодтың анодындағы диэлектрлік беттегі разрядпен байланысты сутегі атомы мен оттегі атомының сызықтары тіркелді.

83-87 322
Аңдатпа

Төмен байытылған уран отынды ИВГ.1М реакторын пайдалануға бергенге дейін физикалық және энергетикалық іске қосуларда реактордың сипаттамаларына эксперименттік зерттеулер жүргізілді, олар алдын ала есептік зерттеулердің нәтижелері мен реактордың жұмысқа жарамдылығын растауы тиіс. Бұл мақала реакторішілік дозиметрия әдісінің көмегімен алынған, ИВГ.1М реакторының отын құрамаларындағы энергия бөлудің аксиалды және радиалды профилін зерттеуге арналған. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері нейтрондық-физикалық модельдеу нәтижелерімен салыстырылды. Алынған энергия бөлудің бірқалыпсыздық коэффициенттері одан әрі жылу-техникалық есептеулерде пайдаланылуы мүмкін.

88-96 355
Аңдатпа

Мақалада «Лазурит» объектісінің өсімдік жамылғысының сипаттамасы, оның ішінде тритий радионуклидінің (3Н) құрамы: өсімдіктердің бос суында (TСВ) және олардың органикалық құрамдас бөлігі (OСT) келтірілген. Экожүйелердің 5 негізгі түрі анықталды: төмен, биік ұсақ шоқылар, төмен ұсақ шоқылар, делювиалды-пролювиалды және аллювиалды жазықтар. Зерттелетін аумақтағы өсімдік жамылғысындағы OСT құрамы болмашы ғана және абсолютті көп жағдайда қолданылатын аппаратуралық-әдістемелік қамтамасыз етуді анықтау шегінен төмен екендігі анықталды. TСВ және OСT белгіленген мөлшерлік мәндері орташа есеппен 6-дан 81 Бк/кг-ға дейін және <10-нан 37 Бк/кг-ға дейін, сәйкесінше, Р-1 ұңғымасының сағалық алаңына жақын максимум (TСВ – 29000±3000 Бк/кг, OСT – 14000±2000 Бк/кг) мәнді құрады. Бұл ретте ОСТ/ТСВ (0,8) қатынасы өсімдіктерге 3Н түсудің қазіргі уақыттағы көзінің болуын көрсетеді.

97-103 455
Аңдатпа

Quantulus 1220 сұйық сцинтилляциялық есептегішін (ССЕ) пайдалана отырып, судағы жиынтық альфа-, бета-белсенділікті анықтау әдісін қолдану бойынша зерттеулер нәтижелері келтірілген. Су үлгілерін дайындау мен спектрометриялық өлшеудің негізгі рәсімдері зерделеніп, орындалды. Альфа-, бета-бөлшектерді сөндіруге байланысты тіркеудің тиімділігі және қолданылатын әдіс үшін альфа-, бета-сәулеленуді бөлудің оңтайлы параметрі анықталды. Әдістемені пысықтау және валидациялау альфа-, бета-сәуле шығарғыштардың әртүрлі шоғырлануы мен құрамы бар модельдік ерітінділерде, сондай-ақ зертханааралық салыстыруларға қатысу арқылы жүргізілді. Нәтижелер ССЕ пайдалану сынамаларды көп уақытты қажет ететін дайындауды қолданбай, реттелетін шектерден төмен деңгейде судағы жиынтық альфажәне бета-белсенділікті тез және дәл бағалауға мүмкіндік беретінін көрсетті.



ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)