Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2018)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
6-13 249
Аңдатпа
Бұл жұмыста, нейтрондармен және альфа бөлшектерімен сәулелендірілген ниобийдің механикалық сынақтарының эксперименталдық нәтижелері мен микроқұрылымындағы өзгерістерді зерттеу нәтижелері келтірілген және талқыланды. Статикалық созылу кезінде қосымша радиационды-күйдіру беріктігі, жылу бөлу және энергияны сақтау әсерлері анықталды. Гелимен имплантацияланған материалдың түйірінің шекара деформациясын және материалдың жоғары температуралы пластикасын қарауға ерекше көңіл бөлінеді.
14-17 656
Аңдатпа

ССР-Қ – бұл жеңіл сулы, бак түріндегі гетерогенді, зерттеу реакторы. 1967 жылы уран-235 изотопы бойынша 36 % байытылған реактор өз жұмысын бастады. 2016 жылы ССР-ҚН типіндегі ЖБЖ пайдалана отырып, реакторды төмен байытылған отынға (уран-235 бойынша 19,7 %) көшіру жүзеге асырылады. Реакторды пайдалану үшін активті аймақтың шағын конфигурациясы таңдалып алынған, онда отынның жануына қарай нейтрондардың бүйірлік сулы шағылдырғышы біртіндеп бериллийлік шағылдырғышқа ауыстырылады. Бұдан басқа, жаңа активті аймақта реактордың басқару және қорғау жүйесінің жұмыс құралдарының саны артты.
Физикалық іске қосу кезінде активті аймақтың орталығында жүргізілген, жылулық нейтрондар ағынының тығыздығын өлшеу нәтижелері, оның 2·1014 см-2с-1 дейін ұлғайғанын көрсетті. Осылайша, эксперименттік мүмкіндіктер тұрғысынан қарағанда, конверсиядан кейін реакторға деген қызығушылық артты.
Уранның бөлінуі кезінде энергиясы Уатта спектріне сай нейтрондар пайда болатыны белгілі, яғни ең жоғарысы нейтрондар 0,7 МэВ энергиялы болады және нейтрондардың орташа энергиясы 2 МэВ құрайды. Төмен байытылған отынды ЖБЖ жаңа конструкциясында уран-238 мөлшерінің арттыруына қарай нейтрондардың спектрі «тым қатты» болады.
Осы жұмыста MCNP компьютерлік кодын қолдана отырып, активті аймақтың сәулелеуші арналарында нейтрондар спектрі есептелген, сондай-ақ жоғары байытылған және төмен байытылған уран отынды ССР-Қ реакторы активті аймағының нейтрондары спектрлеріне салыстыру жүргізілді.

18-21 287
Аңдатпа
Атом саласын дамыту жолдарының бірі жылдам реакторлардың технологияларын жетілдіру болып табылады. Осы мақсаттар үшін жылдам нейтронды отынмен эксперименттер жүргізу қажеттілігі бар. Алайда, ИГР сияқты жылулық реакторда жылдам нейтрондардың бірыңғай ағымын алу қиын. Бірыңғайлылық емес мәселесін шешудің бір амалы – ұсынылып отырған құрылғы, нейтрондық конвертор болып табылады.
22-25 365
Аңдатпа
Мақалада «Ақтан-Берлі» алаңы ауданындағы аумақтың радиациялық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу жүргізуге негіз болғаны екі ядролық сынақтан болған радиоактивті түсулердің іздері бар болуы мүмкін деген телімнің радиоэкологиялық ахуалы туралы ақпараттың жоқтығы. Табиғи радионуклидтердің радиациялық аяға әсерін болдырмау үшін талдама жасалып, олардың құрамының Қазақстан топырақтары үшін тән екендігі анықталды. Құрамының аядан көрнекі артуы 137Cs және 241Am жасанды радионуклидтері үшін анықталған, бұл өз кезегінде зерттеліп жатқан телімде радиоактивті түсу іздерінің бар болуын көрсетеді.
26-31 259
Аңдатпа

Бұл жұмыста, түрлі жастағы топтарда in situ флуоресцентті гибридизациялаудың тұрақты транслокация әдісімен 1000 жасушаға 1,42±0,3 бастап 4,9±0,5 дейінгі диапазонда құбылып отыратын аймақтағы аялық жиіліктің нәтижелері келтірілген. FISH-әдісімен анықталған тұрақты хромосомалық аберрация жиілігі жас ұлғайған сайын арта түсетіні және бұл ДНК репарациясы мен регенерация процестерінің баяулауы, хромосомалық аппараттың тұрақтылығының уақыт өткен сайын үдемелі түрде төмендеуіне байланысты болатыны анықталды. Темекі шегу секілді зиянды әдеттер зерттеудегі транслокация деңгейіне әсер етуші нысан болып табылады, сол себепті зерттеуге қатысушы түрлі жас топтарында осы зиянды әдет пен тұрақты хромосомалы зақымданулар деңгейі арасында корреляция жүргізілді. Тұрақты хромосомалық зақымданулар үшін аялық жиілікті есептеу автоматтандырылған цитогенетикалық платформа базасындағы электронды Carl Zeiss AxioImager Z2 фирмасының флуоресцентті микроскопы, іздестіру автоматты жүйесі мен Metafer 4/M Search, ISIS (MetaSystems, Германия) метафазаларды талдамалау, 1, 4, 12 хромосомаларына арналған коммерциялық тұтас хромосомалық ДНК зондылары секілді жабдықтардың көмегімен жүргізілді.

32-35 303
Аңдатпа

Мақалада зерттеу объектісі ретінде Соболев классынан алынған функцияларды дискретизациялау есебіндегі сандық мәліметтердің бір түрі – Радон түрлендірулерін қолдану алынған. Ғылыми қойылымның негізгі ерекшелігі жаңа түрдегі сандық мәліметті қолдану болып табылады, сол Радон түрлендіруін қолдана отырып, Компьютерлік (есептеуіш) диаметр мән мәтінінде мәселе шешімінің сипатын анықтау қажет. Бұдан шығатын есептеу нәтижелері ғылымда кең көлемдегі қолданысқа ие, және де халықаралық деңгейдегі жаңа бағытқа шығаратын болашағы зор осы тақырыпты Қазақстан көлемінде ары қарай зерттеу ұсынылады.

36-39 298
Аңдатпа

Термодесорбциялық спектроскопия әдісімен 45 кэВ энергиялы альфа-бөлшектермен сәулелендірілген және гелий атмосферасында нейтрондармен сәулелендірілген 12Х18Н10Т конструкциялық болатта гелийдің жинақталуы зерттелді. Гелийдің төмен энергиялы иондарын ендіру бет құрылымының айтарлықтай деградациясына – беттің блистерингіне және қабыршақтануына алып келетіні көрсетілді. Гелий атмосферасында нейтрондармен сәулелендіру гелийлік кеуектіліктің қалыптасуына, және сәйкесінше беттің блистерингіне және қабыршақтануына алып келмейді. Гелий ортасында нейтрондармен сәулелендіру кезінде бет үстіне жақын қабаттарда гелий жинақталатыны, сонымен бірге, ендіру процесі альфа-бөлшектердің проективтік жүгіру жолынан тыс аймақта гелийдің жинақталуына алып келетіні анықталды.

40-43 336
Аңдатпа

Жұмыста реакторлық графит пен бериллий тотығын ауқымды температуралық аралықта механикалық сынақтау нәтижелері көрсетілген. Сынақ өткізу температурасының 1000 °С-қа дейін артуымен бірге графиттің беріктік шегі ~10 %-ға өсетіні анықталды, бұл ретте морт бұзылу сипаты сақталады. Сынақ өткізу температураларын арттыру ВеО беріктік қасиеттерінің ~10 есеге күрт төмендеуіне алып келеді. Иілімге арналған сынақтардан көрінетіндей, температура артқан сайын морт бұзылу механизмі морт-тұтқыр бұзылу механизміне ауысады.

44-48 341
Аңдатпа

Бұл мақалада, радионуклидтік ластанған жерлердегі жерасты суларының қалыптасу ерекшелігін анықтау бойынша нәтижелер келтірілген. Жерасты суларының негізгі қорек көзі қысқы атмосфералық жауын-шашындар екені анықталды. Сонымен қатар, жерасты суларының жерүстіне жүктемеленуі тамыз айында жүретіні анықталды. Бұл деректер тұрақты изотоптарды өлшеу, сонымен қатар Шаған өз. арнасындағы жерасты суларының орналасу деңгейін өлшеу нәтижелерімен нақтыланды. Бұл кезеңде, жерасты суларының жүктемеленген жерлерінде Шаған өз. мен Кішкенесор өз. жербеткі суларында техногенді радионуклидтердің максималды түрде шоғырлануы байқалады. Бұл, жерасты суларының деңгейі жоғарылауы кезінде «әскери» ұңғымалардың қуыстарынан радионуклидтердің шайылуы орын алуымен түсіндіріледі.

49-53 292
Аңдатпа

Бұл мақалада, топырақтағы тритийді (3Н) анықтау әдістері ретіндегі бағалау әдістері – оны бос судан анықтау формалары үшін қолданылатын дистилляция әдісінің нәтижелері келтірілген. Дистилляция әдісімен 3Н алу процесіне матрицалық құрылымның әсер етуін бағалау үшін үлгі ретінде топырақ, кремнезём және тұз пайдаланылды. Тәжірибе барысында 3Н құрамының әсерін және оны алудың толықтығын бағалау үшін түрлі белсенділіктегі – 100 бастап 100 000 Бк/л дейінгі аралықтағы изотопты индикатор пайдаланылды. Барлық тәжірибелер түрлі беткі қабатта жүргізілді. Тәжірибенің әрбір сатысында оның «тазалығын» бағалау үшін бос тәжірибелер жасалып отырды. Дистилляция әдісінің тиімділігі орташа алғанда 80–98 % құрайтыны анықталды. Дистилляция әдісі аз ылғалданған (10 % кем емес ылғалдылықта) топырақпен қатысты жағдайды есепке алмағанда өзінің тиімділігін нақтылады. Ылғалдылығы төмен топырақ үшін дистилляция әдісін қолдану барысында түзетуші коэффициентпен дәлденетін тұрақты болмашы жоғалтулар байқалды.

54-59 275
Аңдатпа

Автоклавты ыдырату тәсілімен ауа аэрозолдарының қатты бөлшектеріне сынама дайындаудың қолданыстағы әдістерін бейімдеу үшін ұсақдисперсті шаңның стандартты үлгісінің элементтік құрамын анықтау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Элементтердің жеке бір топтарындағы – жеңіл ұшпа, сирек жер, баяу еритін талдамаланатын ерітінділердің шаңдарынан толықтай сілтіленуі үшін реакциялық қоспалардың оңтайлы түрлері анықталды. Сынама дайындаудың ұсынылған сұлбасымен стандартты әдістің үйлесуі аналитикалық сынаманың біреуінен анықталатын элементтердің өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретіні көрсетілді.

60-65 242
Аңдатпа

Мақалада 5,2 ГВт интегралды қуаты бар ұзақ және қысқа іске қосуы және ИГР реактордың кейінгі суыту кезінде температуралық өрісінің есептік зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген.
Көрсеткендей, реактордың температура бойынша пайдалану шегінен бұзылмастан, бір сағаттан артық ұзақ іске қосу кезінде оның берілген максималды интегралды қуатын жоғарлауы мүмкін.

66-70 314
Аңдатпа

Жұмыста қазіргі заманғы энергетиканың жай-күйіне және оның жаһандық экологияға әсеріне қысқаша шолу ұсынылған. Болашақта қалыптасқан энергетикалық дағдарыс жағдайынан ықтимал шығу амалы ретінде термоядролық энергетиканың негізгі басымдықтары баяндалған. Болашақтың термоядролық реакторларында плазмамен ұстасқан ішкі камералық элементтер дайындау жоспарланған материалдарды толық ауқымды зерттеу мәселесін шешуге арналған КТМ қондырғысына шолу жасалды. Импульстік электрмен қамту жүйесінің мысалында токамак типтес қондырғылардың негізгі технологиялық жүйелерін әзірлеу, енгізу және іске қосу проблемасы айтылған.

71-78 253
Аңдатпа

Қазіргі кезде уақытпен рұқсат етілген флуориметрияның лазерлік-индукцияланған спектроскопия (TRLIF) әдісін қолдана отырып, уақытпен рұқсат етілген актинидтерді бекітуге негізделген әдістер ерітінділердегі актинидтер мен лантанидтерді анықтаудың ең тиімді әдісі болып табылады. TRLIF биологиялық сынамаларды талдау үшін қолданылуы мүмкін. Pu, Np, және U қосылысы ерітінділерде тікелей люминесценция туындатпайды, бірақ лазерлік сәулеленумен әсер ету кезінде олар хемилюминогеннің хемилюминесценциясын индукциялауы мүмкін.
Лазерлік сәулелену импулсі мен хемилюминесценция импулсі арасындағы уақыт кідірісінің болуы хемилюминесценцияны (TRLIC) анықтау үшін уақыт бойынша ажыратуды (TR) пайдалануға мүмкіндік береді. Ерітінділердегі хемилюминесценцияны пайдалана отырып біз толқындар ұзындығымен реттелетін импулстік лазері бар қозу сезімталдығы жоғары плутоний мен уран ерітінділеріндегі плутоний, уран және басқа да элементтерді тіркеу әдісін анықтадық. Хемилюминесценцияның көп кезеңді қозу схемасы бұл процесті сезімталдығы жоғары етіп қана қоймай, қосылыстарды анықтау кезінде жоғары іріктемелі етеді.

79-82 273
Аңдатпа

Радиоактивті элементтерді жинақтау қабілеті жоғары өсімдіктерді себуден, өсірілген өсімдік массасынан және кейін оны кәдеге жаратудан тұратын топырақты фиторемедиациялау технологиясы ұсынылған. Жинақтау қабілеті бар өсімдіктердің 67 түріне (мәдени, сондай-ақ жабайы өсімдіктерге) жасалған зерттеулер, үш ретке дейін жететін өту факторының өзгеру диапазоны келтірілген (мыңдықтардан бастап ондық бірліктер үлесіне дейін). Зерттеулер барысында фиторемедиациялаудың жуық теориясы ұсынылды.
Технология Шығыс Орал радиоактивті іздерінің далалық зерттеулерінде эксперименттік апробациялаудан өтті. Семей полигонының жағдайлары үшін фиторемедиациялаудың уақыт өлшемдері бұл технологияның басқа аумақтар үшін де келешегі бар екенін растауға мүмкіндік береді.

83-89 246
Аңдатпа

Шығыс Қазақстан аумағындағы Семей сынақ полигонының (ССП) құрылысы 1947 жылы басталды. Әскери және азаматтық мақсаттағы сынақтар барысында мол құнды ақпарат жинақталды, оның көп бөлігіне құпия белгісі қойылды. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін полигон Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың № 409 Жарлығы негізінде жабылды. Сол уақыттан бастап ССП қоршаған ортаның радиоактивті ластану салдарын, жарылыстар кезіндегі сейсмикалық активтілікті зерделеу объектісіне айналды. Аталған жұмыста Web of Science (WoS) ірі халықаралық деректер базасында ұсынылған ССП жөніндегі ауқымды ақпаратқа ғылыми өлшемдік талдау жүргізілген.

90-92 392
Аңдатпа

Жазық тікелей иілу сынау барысындағы текстолит пен шынытекстолиттің механикалық қасиетін зерттеу жүргізілді. s кернеуінен e деформациялық тәуелділіктерін зерттеу үшін тиісті тәжірибелік қондырғы әзірленіп жасалды. Шынытекстолиттің беріктілік қасиеті текстолиттен қарағанда 1,5 есе жақсы, ал деформациялық сипаттамалары бірдей шамада екендігі анықталды. Өлшенген тәжірибелік қисықтар авторлар ұсынған экспоненталық модельмен қанағаттанарлық сипатталады. lgt-ден s-нің тәжірибелік тәуелділігі сызықты емес, ол текстолит пен шынытекстолит материалының механикалық кернеуінің жүктеме жылдамдығына тәуелділігін көрсетеді.

93-96 232
Аңдатпа

Оптикалық әдіспен сулы жүйелердегі активті шламды тұндыру жылдамдығына электронды сәулеленудің әсері туралы кешенді эксперименталды зерттеулер жүргізілді. Белсенді шлам (биоматериалдар) параметрлерін анықтау үшін эксперименталды қондырғы құрылды. 25 грамм су баллонына орналастырылған 1 г мөлшеріндегі биоматериал мұқият шайқалды және лазер мен детектор арасында орналастырылды. Алынған тығыздықтың (r) (t)-ға тәуелділігі әртүрлі Қызыл және жасыл сәулелену көздері үшін эксперименталды нәтижелердің табиғаты бірдей сипатта болады. Эксперименттік қисықтардың бенсендірілген шмалдардыңтығыздығыныңуақытқа тәуелдігі экспоненциалдықмоделімен қанагаттарының түрде сипатталады.

97-99 266
Аңдатпа

Өңделетін медициналық өнімнің геометриялық және физикалық параметрлерін өлшеу жүргізілді. Өнеркәсіптік қаптамада да, жекелеген бұйымдарда да үлгілердің тығыздығы өлшенген. Медициналық өнімдер: мақта, шприцтер арқылы 2 МэВ энергиясымен электрондарды өткізу бойынша тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Екі материал (мақта, шприцтер) үшін электрондық шоғырдың жүту коэффициенттері алынды. Өнімдерді сәулелендірген кезде мақта мен шприц үлгілеріндегі үлкен болу дозасы байкаланды. Эксперимент нәтижесінен мұндай сәулелендіру мынағалуы желеді. Мақта үшін үлгі қалыңдығы бойынша әсер ету дозасының біркелкі еместігін 5 %, ал шприцтер үшін – 3 % құрайды.

100-103 251
Аңдатпа

Су объектілерінің су түбі шөгінділерінің қасиеттерін оптикалық әдіспен зерттеу үшін қондырғы әзірленді. Алынған қисық түзудің тығыздықтың (I) уақыттан тәуелдігі (t) әртүрлі сәулелену көздері үшін бірдей табиғаты бар заңдылықтар анықталды. Келтірілген қызыл және жасыл сәулелердің қарқындылығы уақытқа байланысты іс жүзінде бірдей, демек, осы сәулелердің түптік шөгінділерге әсері ұқсас. (I) қарқындылықтың (t) уақытқа тәуелділік қисықтары авторлардың ұсынған экспоненциалды (каскадты-ықтималдық) моделі шеңберінде қанағаттанарлық сипатталған. 2016 жылы cәулеленген материал 2018 жылы сәулеленген материалға қарағанда белсенді емес. Мұндай мінез-құлықтың себебі контейнерлерде екі жыл бойы микроорганизмдерді ішінара жуу болып табылады. Гамма-сәулелену ағыны өз кезегінде биоматериалдың белсенділігін сәулеленгеннен кейін бірден арттырады.

104-106 254
Аңдатпа

Бұл жұмыста жоғары энергетикалық электрондармен сәулеленудің, майлар пленкаларының механикалық қасиеттеріне жүктемелерның мен температураның әсері қарастырылды. Қарапайым физикалық модель әзірленді. Зерттеулер электронды сәулелену дозасының 104 Гр дейін өсуімен майлар үшін деформацияның баяу азаюы байқалатынын көрсетті,ал одан әрі 106 Гр дейін артуы оның күрт төмендеуіне әкеледі. Бұл ретте температураның жоғарылауымен материалдағы деструкциялық процестердің өсуімен байланысты салыстырмалы ұзаруы 50 % – дан асады. Деформация мен кернеудің электрондық сәулелену дозасынан тәуелділігі экспоненциалды функциялармен сипатталады және эксперименттік деректермен қанағаттанарлық деңгейінде сәйкес келіді.

107-110 256
Аңдатпа

Мақалы әртүрлі толтырғыштар мен электронды сәулеленудің бірқатар композициялық пленкалардың физикомеханикалық қасиеттеріне әсерін зерттеуге арналған, сыну модельдері ұсынылған. Екінші компоненттің әртүрлі концентрациясы бар полиимидті (ПИ) негізіндегі композициялық материал зерттелді: полиэтилентерефталат, поликарбонат, монтмориллонит, жоғары температуралы өткізгіш және екі жағында металданған полимидті пленка. Полимидті лак және екінші компоненттің ерітінділеріне негізделген механикалық араластыру әдісімен алынған үлгілер. Сәулелендіру ЭЛУ-6 үлгісіндегі электронды сызықтық үдеткіште 4 МэВ энергиясымен 25 °С температурада ауада өткізілді. ПЭТФ, ПК, MM және ВТСП толтырғыштарын енгізу қажетті қасиеттері бар материалдарды алуға мүмкіндік береді деп анықталды. Қоспаның концентрациясы, оның ішкі құрылымының ерекшеліктері, сондай-ақ синтез технологиясы алынған композитивті материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтайды.
Электрондық сәулелену кейбір композиттардың механикалық қасиеттерін жақсартуға, ал басқаларында олардың нашарлауына алып келеді. Материалдарды бір жақсырақ жүктеу үшін әртүрлі модельдер ұсынылды және экспериментпен экспоненталық үлгі жақсы келісімді береді.

111-113 229
Аңдатпа

Ғылым мен атом саласын техникалық білім алуда жастардың базалық білімдерін, кәсіптік бағдарын тарату жолымен танымал ету үшін «Қазақстанның ядролық қоғамы» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Астана қаласындағы Атом энергетикасы жөніндегі ақпараттық орталық 2017 жылы «Атомные ходоки» жобасын іске қосты, оның мақсаты оқушылар мен студенттерге дозиметрмен жұмыс істеудің базалық дағдыларын игерту және «иондаушы сәулелену» түсінігін зерделету болды. Балалардың физика, биология, геология және химия сияқты пәндерді зерделеуге деген белсенді қызығушылықтары бұл зерттеулердің нәтижесіне айналды.
Келешекте Гумилев атындағы ЕҰУ мен Обнинск Атом энергиясы институтының әдістемелік әзірлемелерін қолдана отырып, зерттеу тәжірибелері мен өлшемдер жүргізілуі мүмкін, бұл студенттер мен мектеп оқушыларының атом тақырыбына байланысты ғылыми жұмыстар мен жобалар жасайтынын сенімділікпен болжауға болады.

114-117 331
Аңдатпа
Мақалада Монте-Карло әдісін қолдана отырып IRIS интегралдық жүйесін есептік моделдеу нәтижелері ұсынылған. Жүйенің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін кеңістіктегі белгілі бір жағдайларға арналған радионуклидтер спектрінің кітапханасы құрылды. Моделді пысықтау нәтижелері заттай алынған өлшемдер нәтижелерімен жақсы үйлесетінін көрсетті.
118-122 414
Аңдатпа

Негізгі мақалада оттегі ортасында ЖТГР отынының прототибінің SiC жабындысын жоғары температуралы тотығуы бойынша эксперимент нәтижелері келтірілген. Зерттеу төмендегі эксперименталды жағдайда жүргізілді: үлгінің желілік қыздыру максималды температурасы 1400 °C; қыздыру жылдамдығы – 10 °С/мин.
Эксперименттердің нәтижелері бойынша зерттелетін үлгінің желілік қыздырумен коррозия камерасында газ қоспасының құрамындағы өзгерістердің тәуелділігі алынды. Коррозиялық деректер мен микроқұрылымдық зерттеулердің сапалы талдауы коррозия экспериментіне дейін және кейін жүргізілді.
Алынған нәтижелер SiC жабындарының коррозияға төзімділігін және ЖТГР отын прототипінің пайдалану қасиеттерін жоғалту қарқымын бағалауға мүмкіндік береді.

123-128 340
Аңдатпа

Бұл мақалада WWR-K реакторында ТЯР материалдарын вакуумды экстракция әдісімен сынақтан өткізу үшін қондырғы жасау жобасын іске асыру бойынша жұмыстың бірінші кезеңі көрсетілген. Атап айтқанда, вакуумдық жүйенің вакуумдық жолдың әртүрлі геометриялары үшін қондырғыларын есептеу туралы деректер келтірілген.
Дамыған модель сәуле шығару құрылғысы мен вакуумдық жүйенің ұзындығы бойынша қысымның таралуын бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу бойынша қысым бөлісінен алынған мәндері жалпы тритий мен гелий ағынын жүйеге тіркеудің физикалық мүмкіндіктері үлгілердегі тритий мен гелий өндіру деңгейіне 10-11 моль/с жеткілікті екендігін көрсетті.

129-133 272
Аңдатпа

Бұл мақалада индукциялы жылу жүйесімен металл сынамаларының термоадсорбциясын зерттеу қондырғысын жасау экспериментальды әдісінің және есептелген негіздемесі бойынша жұмыстардың нәтижелері келтірілген. Әртүрлі қалыңдықтағы тотықпайтын X18H10T болаттан жасалған үлгілермен, сорғы жағдайларында 0,5-тен 2 К/с дейін қыздыру жылдамдығымен орындалған тәжірибелік-методикалық ТДС эксперименттерінің нәтижелері келтірілген. Зерттеудің негізгі техникалық сипаттамалары, сонымен қатар ТДС зерттеулерін жүргізудің әдістері анықталды.

134-138 282
Аңдатпа

Графит материалдарының жоғары температуралық коррозиясын және SiC-C құрылымдарын вакуумдағы су буларының құрамында зерттеудің маңызды техникалық мәселесі, үлгі аймағында су буларының қысымын тұрақтығып (0,001–1,0 Пa) қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені үлгі аймағындағы температура 1400–1700 К дейін жететіндіктен, онда бу қысымының датчиктерін қою мүмкін емес. Жұмыста қолданылатын немесе арнайы ұсынылған вакуумдық элементтердің (қабылдағыштар, цистерналар, құбырлар) элементтерінің метал беттерін, басқарылатын жылыту арқылы, су көзі ретінде қолдану әдісі ұсынылады. Коррозия қондырғысының газвакуумдық ортасының компьютерлік моделін қолданып, үлгілгі аймағында және қысым анализаторының сынама алу нүктесінде су қысымының қатынасы есептеледі. Анализатордың (су шыңы 18 а.е.м.) аналогтық сигналы және қажетті коэффициент ПИД-тің қажетті бу қысымына жету үшін десорбция температурасын бақылау үшін пайдаланылады.

139-146 278
Аңдатпа

Жұмыста BWR типті белсенді аумақтың балқытпасының корпус ішілік материалдармен, атап айтқанда SUS 316L тоттанбайтын болатпен өзара әрекетін моделдеген эскперименттік стендтің сипаттары және эксперименттің негізгі нәтижелері берілген. Жүргізген эксперименттік және эксперименттен кейінгі зерттеулердің нәтижесінде кориуммен өзара әрекеттесетін болат пластиналардың құрылымы мен қасиеті туралы мәліметтер алынды. Алынған мәліметтер апаттық реактордың белсенді аумағының шынайы балқытпасын алу және қайта өңдеу әдісін құру үшін аса қажетті.

147-152 301
Аңдатпа

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы базасында зерттеу реакторларды төмен байытылған отындарға конверсиялау ұсынылып отыр. Жоғары байытылған ядролық отындар ядролық қаруды таратуға тұрақты жағдайға дейін сұйылтатын болады.
Материалтану зерттеулері отынды тасымалдауға және оны ары қарай араластыру үшін мағынасы бар сәулеленбеген ЖБУотынды анықтау мақсатында жүргізілді. ИГР реакторының сәулеленбеген ЖБУ отыны отынды сұйылту технологиясын жетілдіруде пайдаланатын болады. ТБУ отынын зерттеу ЖБУ отын қасиеттерімен салыстыру үшін қасиеттері туралы мәлімет алу мақсатында жүргізілді. Материалдың құрылымдылық-фазалық жағдайын анықтау – ИГР реакторының отын материалын материалтану зерттеудегі негізгі тармағының бірі.
Әдебиеттік шолу уран-графиттік отынның құрылымдылық сипатына және осыған сәйкес графиттердің құрылымдылық сипаттарын анықтау үшін рентгенқұрылымдылық талдау әдісін қолдануға қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік-техникалық құжаттардың жоқ екендігін анықтады.
Жұмыста материалтану зерттеулерінің негізгі нәтижелері берілген, уран-графиттік отынның рентгенқұрылымдылық сипатына талдауға сүйенген.
Нәтижелері туралы баяндама «Семей сынақ полигоны: ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту келешегі мен мұрасы» VIII Халықаралық конференциясында ұсынылған болатын.

153-159 241
Аңдатпа
Мақалада ИВГ.1М реакторының рективтілігін компенсациялау және реттеу органдарының тиімділігі мен сипаттарын анықтау бойынша физикалық зерттеулерді жүргізу сипаты берілген. Алынған эксперименттік және есептік мәліметердің талдаулары зерттеу ядролық реакторларда отынды байытуды төмендету жобасы аясында іске асырылды.
160-164 345
Аңдатпа

Бұл мақалада, табиғи суларға Семей сынақ полигонының түрлі ластанған телімдеріндегі топырақтан 3Н, 90Sr, 239+240Pu, 137Cs сілтіленуі бойынша тәжірибелік деректер ұсынылған. Сілтілену дәрежесі анықталған. Топырақтың табиғи суларда сілтілену процесі олардың ластануының негізгі механизмдерінің бірі болып табылады, және мөлшерлік түрде сілтілену дәрежесімен сипатталатыны белгіленді. Зерттеліп жатқан ССП алаңдарының топырақтарында радионуклидтердің сілтіленуі топырақтың ластану деңгейіне байланысты емес. Радионуклидтердің сілтілену процесі барлық телімдер үшін тән, алайда оның қарқындылығы түрлі радионуклидтер үшін біркелкі емес екені анықталды. Бұл радионуклидтердің химиялық қасиеттерімен және оларды топырақтан табу формаларымен байланысты.

165-170 230
Аңдатпа
Бұл мақалада, «Балапан» және «Сары Өзен» сынақ алаңдарының аумағында 1951 мен 1953 жж. ядролық сынақтардан кейінгі іздерде техногенді радионуклидтермен ауа ортасының радиоактивті ластану сипаты мен деңгейін бағалау бойынша ортақ нәтижелер келтірілген. Долонь ауылына жақын жерде 1949 ж. ядролық сынақтан кейінгі ізде ауа ортасында радионуклидтердің шоғырлану қарқыны туралы деректер алынды. Тәжірибелік деректер мен теориялық есептеулерді салыстырмалы түрде бағалау жұмыстары жүргізілді.


ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)