Preview

ҚР ҰЯО жаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
5-13 300
Аңдатпа

Жұмыста плазмалық разрядтар кезінде жанаспайтын әдістерді қолдана отырып, КТМ токамакта вакуумдық камера қабырғаларының қыздыру температурасының алғашқы өлшеулерінің нәтижелері берілген. КТМ токамакта қолданылатын ИК диагностикасының техникалық ерекшеліктері мен орналасуы көрсетілген. КТМ бірінші қабырғасының графит элементтерін қыздыру температурасын өлшеудің алғашқы тәжірибелік нәтижелері көрсетілген, бұл КТМ жағдайында диагностиканың жұмыс қабілеттілігін көрсетті.

14-18 242
Аңдатпа

Осы жұмыс СРҚ-ны тұрақсыз жағдайға ауыстыру технологиясын әдістемелік пысықтау үшін қажетті сұйық радиоактивті қалдықтардың (СРҚ) имитаторын құру мәселесіне арналған. Ең алдымен әртүрлі технологиялық аспектілерді пысықтау кезінде персоналдың радиоактивті СРҚ-мен жұмыс істеуін болдырмау мақсатында. Мақалада пайдалану процесінде және имитациялық ерітінділерге қойылатын негізгі талаптарды айқындау үшін БН-350 реакторлық қондырғыны пайдаланудан шығару жөніндегі операцияларды орындау кезінде пайда болған СРҚ-ның қажетті базалық физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Сондай-ақ сорбенттерді іріктеу және араластыру және баптау технологиясын пысықтау үшін СРҚ түрлі үлгідегі имитаторларды дайындау әдістемесі.

19-28 246
Аңдатпа

Мақалада ҚТМ токамактағы плазманың электрондық тығыздығын өлшеуге арналған ТШД кешені қарастырылады. ҚTM плазмасының электрондық тығыздығын өлшеу бойынша алғашқы тәжірибелік нәтижелері және де ТШД құрамы ұсынылған, оларды орындау және орналастырудың техникалық ерекшеліктері талқыланады. ТШД құрылғылардың жұмыс істеу принципіне және диагностиканың токамакта орналасқан жеріне ерекше көңіл бөлінеді. КТМ токамағының конструктивтік ерекшеліктері мен қолданыстағы техникалық шектеулерді талдау нәтижесінде экваторлық жазықтықта тангенциалды зондтау сұлбасы ең сенімді және іс жүзінде іске асырылуы мүмкін нұсқа ретінде негізделіп таңдалды. Жүйеге қойылатын негізгі техникалық талаптар тұжырымдалды: электрондардың өлшенетін температура диапазоны 50–3100 эВ, тығыздықтар диапазоны 1·1019–2,5·1020 м−3, сондай-ақ кемінде 10 кеңістіктік нүктеде тіркеу мүмкіндігі. Диагностикалық жабдықты орналастырудың әртүрлі сұлбалары, соның ішінде тік зондтау нұсқалары салыстырылып, бірқатар инженерлік және физикалық себептерге байланысты олардың КТМ-де жүзеге асырылмайтыны көрсетілді. Ұсынылған жүйелік компоновка юстировка дәлдігін, паразиттік сәулеленуден сенімді қорғанысты, сондай-ақ жоғары кеңістіктік айырымдылықты қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс – КТМ токамағы үшін ғылыми-негізделген жобасы болып табылады. Жүйені іске асыру басқарылатын термоядролық синтез жағдайында плазма мен материалдарды зерттеу мақсатында КТМ токамағының диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

29-35 275
Аңдатпа

Бұл мақалада күріш қауызынан (КҚ) физика-химиялықсинтездеу арқылы белсендірілген көмір алу тәсілі және оны литий-ионды батареялар үшін анодтық материал ретінде пайдалану қарастырылған. Әртүрлі термиялық өңдеу режимдерінде алынған үлгілердің морфологиялық, құрылымдық және электрохимиялық қасиеттері салыстырмалы түрде зерттелді. Арнайы беттік модификация мен десиликация арқылы материалдың меншікті сыйымдылығы мен циклдік тұрақтылығын арттыру механизмдері талданды. 600 ℃ температурада өңделіп, кейіннен KOH ерітіндісімен белсендірілген көмір шамамен 300 мА·сағ/г меншікті сыйымдылықты 50 цикл бойы сақтап, жоғары тұрақтылық көрсетті. Бұл нәтиже оны дәстүрлі графиттің тиімді баламасы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

36-42 228
Аңдатпа

1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен БН-350 реактор қондырғысын (РҚ) пайдаланудан шығару туралы шешім қабылданды. Реакторды пайдаланудан шығару тұжырымдамасы үш негізгі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде реакторды қауіпсіз күйге келтіру, екінші кезеңде ұзақтығы шамамен 50 жыл болатын сақтауды қамтамасыз ету, ал үшінші кезеңде ғимараттар мен құрылыстарды бұзу және нәтижесінде пайда болған радиоактивті қалдықтарды көму көзделген .Пайдаланудан шығару жұмыстарының бірінші кезеңінде пайдаланылған ядролық отынды ұзақ мерзімді сақтауға орналастыру, жылутасымалдағышпен, сұйық және қатты радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз сақтауға дайындау қарастырылған. Реакторды пайдалану кезеңінде жинақталған сұйық радиоактивті қалдықтар (СРҚ) қазіргі уақытта арнайы сақтау ыдыстарында орналастырылған.Аталған ыдыстардың пайдалану мерзімінің ұзақ болуына және олардың герметикалығының бұзылу тәуекеліне байланысты СРҚ-ны сұйық емес (қатты немесе гель тәріздес) күйге келтірудің тиімді әдістерін әзірлеу өзекті ғылыми-техникалық міндеттердің бірі болып табылады. Мұндай әдістер ықтимал авариялық жағдайларда да радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. СРҚ-ны сұйық емес күйге келтірудің перспективалы тәсілдерінің бірі – сұйық қалдықтарды тиімді оқшаулайтын және радионуклидтердің миграциясын шектейтін сорбциялық материалдарды қолдану болып табылады [1–4].

Осы мақалада сұйық радиоактивті қалдықтарды сұйық емес күйге келтіру мақсатында өндірушілер ұсынатын әртүрлі материалдардың сорбциялық қасиеттерін анықтау әдістемесі қарастырылған. Өнеркәсіптік және тәжірибелік үлгідегі бірқатар сорбенттердің сорбциялық сипаттамаларын зерттеу нәтижелері ұсынылып, СРҚ- ның модельдік ерітінділерімен өзара әрекеттесуі кезінде олардың тиімділігіне баға берілген.

43-50 201
Аңдатпа

Бұл жұмыста Mg-Al жүйесін зерттеу нәтижелері ұсынылған, оның мақсаты фазалық құрамды және синтез параметрлерін оңтайландыру арқылы сутегін сіңіру кинетикасын арттыру болып табылады. Синтез режимін таңдау үшін Thermo-Calc бағдарламасында үшөлшемді термодинамикалық модельдеу жүргізілді, ол Mg қатты ерітіндісін сақтай отырып, Mg17Al12 интерметалдық фазасының тұрақтылық температура-концентрациялық аймақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер негізінде ұнтақтарды механикалық синтездеу және оларды 350 ℃ температурада ұшқынды плазмалық спекание әдісімен өңдеу жүзеге асырылды. Рентгенофазалық талдау эксперименттік фазалық құрамның есептік болжамдарға сәйкес келетінін растады. Mg17Al12 фазасының оңтайлы мөлшері бар үлгілер (30 масс.%) таза Mg-мен салыстырғанда 300 ℃ температурада және 20 бар қысымда сутегін сіңіру жылдамдығының екі есе артқанын көрсетті. Алынған нәтижелер қатты күйдегі сутегі сақтау материалдарын жетілдірілген кинетикалық сипаттамалармен әзірлеуде термодинамикалық модельдеу мен жоғары қарқынды синтез технологияларын үйлестірудің тиімділігін дәлелдейді.

51-60 203
Аңдатпа

AISI 316LN болаттарының механикалық қасиеттері және олардың 211L–213L модификациялары құйылған және суықтай иленген күйлерінде, сондай-ақ 2·1019 н/см2 -ға дейін нейтронды сәулелендіруден кейін Shear Punch және Small Punch әдістерімен зерттелді. Модификацияланған болаттардың беріктігі бойынша 316LN-ден жоғары екендігі, қасиеттердің ең жақсы үйлесімі 211L болатында бар екендігі көрсетілді. Құйылған болаттардың беріктігінің 2–3 есе төмендеуі ірі түйіршіктермен және құйма ақауларымен байланысты. Нейтронды сәулелендіру құйылған болаттардың радиациялық ақаулардың әсерінен айтарлықтай шынығуын тудырады, ал суықтай илемделген құрылымдарда кернеулердің босаңсуы байқалады. Микроқұрылымдық талдау құйылған және суықтай илемделген күйлер арасындағы деформация мен сыну механизмдеріндегі айырмашылықтарды анықтады.

61-70 211
Аңдатпа

Бұл жұмыста бұрынғы Семей сынақ полигонының «Балапан» сынақ алаңының аумағында орналасқан «Қаражыра» көмір кен орнының өнімінің радиологиялық мониторингінің (2021–2025 жж.) деректері ұсынылған. Радионуклидтік құрамы бойынша өндірілетін көмір халық үшін қауіп төндірмейтіні және шаруашылық қызметте шектеусіз пайдалануға болатыны анықталды. «Қаражыра» кен орнының көмір өнімін жағу кезінде пайда болатын күл радиациялық қауіптіліктің I класына жатады және салынып жатқан және қалпына келтірілетін тұрғын және қоғамдық ғимараттарда шектеусіз пайдалануға болады. Кен орнын одан әрі игеру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында радиоэкологиялық мониторинг жүргізуді жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді.

71-79 195
Аңдатпа

Мақалада халық-шаруашылық айналымға беру жоспарланған учаскелерде орналасқан бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) аумағындағы жер ресурстары мен су объектілерін тұрақты басқаруға арналған web- қосымшаны әзірлеу нәтижелері келтірілген. Жұмыста PostGIS көмегімен кеңістіктік мәліметтер базасын құру процесі, Django-да серверлік логиканы іске асыру және Leaflet.js. көмегімен геообъектілерді визуализациялау сипатталған. Әзірленген қосымша топырақ және су сынамаларының нүктелерін, геологиялық құрылымдарды, инфрақұрылым элементтерін және т. б. қоса алғанда, радиациялық-экологиялық деректерді көрсетуді, сүзуді және редакциялауды қамтамасыз етеді. REST API (Representational State Transfer Application Programming Interface) құру кезеңдері, CSV (Comma-Separated Values) форматындағы деректерді импорттау механизмі, сондай-ақ қабаттарды интерактивті басқару құралдары бар карталар келтірілген. Құрал радиациялық қауіпсіздік және экологиялық жоспарлау саласындағы шешімдерді қолдауға бағытталған.

80-88 233
Аңдатпа

Сирек жер элементтерінің материалдары электронды қабықша құрылымының ерекшелігіне байланысты басқа материалдармен салыстырғанда ерекше сутегін сақтау қасиеттерін көрсетеді. Олардың ішінде сирек жер элементтерінің наноматериалдары дәстүрлі сирек жер элементтерінің материалдарымен салыстырғанда жоғары меншікті бет аудандарға және реактивті белсенді орындар санына ие, бұл тұрақтырақ және жоғары адсорбциялық процестерге әкеледі. Сирек жер элементтерінің наноматериалдарын дайындау әдістері мен морфологиялық бақылауына қатысты бұл мақалада қатты фазалы, сұйық фазалы және бу фазалы әдістер сияқты дайындау әдістері енгізіледі. Бұл жерде, наноматериалдар морфологиясына әртүрлі әдістердің әсер етуші факторлары мен бақылау стратегиялары талқыланады, әр әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері және әртүрлі елдер мен аймақтардағы зерттеу ілгерілеушілігі талданады. Сонымен қатар, сирек жер элементтерінің наноматериалдарын қатты күйдегі сутегі сақтауда, электрохимиялық сутегі сақтауда, сұйық сутегі сақтауда, каталитикалық жануда және басқа да салаларда қолдану қорытындыланады. Бұл зерттеуде дайындау жолдары, морфологиялық бақылау және сутегі сақтау өнімділігі арасындағы байланыс, әсіресе сирек жер элементтерінің наноматериалдарға баса назар аударылады. Онда энергия сақтауда оларды практикалық қолданудың қиындықтары мен перспективалары атап өтіледі. Сирек жер элементтерінің материалдарында сутегін сақтау механизмдері және қол жеткізілген ғылыми-зерттеу нәтижелері келтірілген. Сонымен қатар, сирек жер элементтерінің наноматериалдары саласын дамытудың перспективалары ұсынылған.

89-100 184
Аңдатпа

Жұмыста титанаттар негізіндегі композиттік керамикалардың беткі қабаттарының иондық модификациясының сыртқы механикалық әсерлерге төзімділігінің өзгеруіне ықпалының бағалануының нәтижелері келтірілген. Композиттік керамикаларды модификациялаудың негізгі әдісі ретінде энергиясы шамамен 28 МэВ болатын O+ иондарымен сәулелендіру әдісі таңдалды, сәулелену флюенстері 1011–1014 ион/см2 аралығында алынды. Алынған мәліметтерге сәйкес, компоненттердің арақатынасының өзгеруі екі фазалы керамикалардың түзілуіне алып келеді, олардың негізгі фазасы ZnTiO3 болып табылады, сонымен қатар бастапқы компоненттердің салмақтық үлестеріне байланысты ZnO мен TiO2 қоспалары да байқалды. Фазалық құрамның өзгеруі ZnTiO3 фазасының үлесінің артуымен байланысты екені және оның қаттылық пен жарылуға төзімділіктің өсуіне алып келетіні анықталды, бұл фазалық құрамның өзгеруі мен өлшемдік әсерлердің жиынтығымен түсіндіріледі. xZnO - (1- x)TiO2 керамикаларын иондық модификациялауға қатысты тәжірибелер барысында сәулеленудің 1011– 5·1012 ион/см2 флюенстерінде иондардың кристалдық құрылымға әсерінен және онымен байланысты дислокациялық беріктендіру әсерлерінен туындайтын беткі қабаттың беріктену құбылысы байқалды. 5·1012 ион/см2-ден жоғары флюенстерде керамикалардың беріктену дәрежесінің төмендеуі байқалды, ол құрылымдық ақаулардың тығыздығының артуымен, олардың агломерациясымен және кейіннен беткі қабаттың тұрақсыздануымен байланысты, бұл өз кезегінде сыртқы әсерлерге, соның ішінде жарықшақтануға алып келетін механикалық қысымға төзімділікті төмендетеді.

101-105 212
Аңдатпа

Бұл мақалада атом электр станцияларын (АЭС) физикалық қорғауды реттейтін халықаралық және ұлттық ережелердің салыстырмалы құқықтық талдауы ұсынылған. Онда Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау туралы конвенцияның (CPPNM) және оның 2005 жылғы түзетуінің ережелері, сондай-ақ МАГАТЭ-нің ядролық қауіпсіздік сериясының (NSS) ұсыныстары қарастырылған. Халықаралық талаптар 2025 жылдың тамыз айында алғашқы АЭС жобасын практикалық түрде іске асырудың басталуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен салыстырылады. Жобалау негізіндегі қауіпті (Resistance Basis Threat) талдауға ерекше назар аударылады. Мақалада физикалық қорғау деңгейлерін белгілеудің және киберқауіпсіздікті біріктірудің маңыздылығы зерттеледі. Ұлттық реттеудегі негізгі олқылықтар анықталған және Қазақстанның нормативтік базасын МАГАТЭ-нің халықаралық стандарттарымен үйлестірудің кезең-кезеңімен моделі ұсынылған.

106-116 204
Аңдатпа

Атом энергетикасын дамыту – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың орнықты дамуын қолдау бағытындағы стратегиялық міндеттердің бірі. Бұл мақсат Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқын көрсетілген.

Ресурстық базаның, ядролық отын циклі өндірісінің бар екенін және алға қойылған көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу мақсатын ескере отырып, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асыру басталды.

Қазақстанның энергетика жүйесі үш аймақтан тұрады – Солтүстік, Оңтүстік және Батыс. Оның ішінде Батыс аймағы Қазақстанның Біртұтас энергетика жүйесінен (БЭЖ) оқшау түрде жұмыс істейді. Батыс аймағының энергетикалық балансына жүргізілген талдау бұл өңірде қуаты 300 МВт-қа дейінгі энергоблоктарды қолданудың тиімді екенін көрсетеді. Бұл электрмен жабдықтаудың үздіксіздігін және энергия жүйесінің орнықты жұмысын қамтамасыз етеді.

Мақалада Батыс аймағының энергетика жүйесін мысалға ала отырып, Қазақстанда шағын модульді реакторлар (ШМР) негізінде атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану жобаларын іске асырудың негізділігі мен тиімділігі қарастырылады.

Бұл жұмыста Батыс аймағының электрмен жабдықталу жағдайына талдау жасалып, қуат және электр энергиясының баланстары, қуатты беру схемаларының нұсқалары әзірленді, электрлік есептеулер жүргізілді, релелік қорғау мен аварияға қарсы автоматика қағидаттары әзірленді, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, электр желілерін салу көлемі мен күрделі қаржы жұмсалымының шамамен алынған көлемі айқындалды.

117-123 190
Аңдатпа

ИВГ.1М зерттеу реакторының жобасында сумен салқындатылатын технологиялық каналдардың жоғарғы бөлігінде шағын көлемдегі (60/160 мм) үлгілерді ұзақ уақыт сәулелендіру мүмкіндігі көзделген. Бұл жерлерде үлгілерді орналастыру төмен жылу бөлуді қамтамасыз етеді және реактивтілікке әсер етпейді. Алайда реакторды пайдалану уақытында бұл функционал іске асырылмаған. Реактордың төмен байытылған уран отынына конверсиялау және реактивтілік қорының ұлғаюын ескере отырып, қосымша сәулелену орындарын пайдалану реактордың мүмкіндіктерін кеңейту үшін қызығушылық тудырады. Мұндай мүмкіндікті негіздеу үшін үлгілеуді пайдалана отырып, нейтрондық-физикалық параметрлерді сипаттауды жүргізу қажет. Реактордың қолданыстағы моделі белсенді аймақпен шектеледі және одан жоғары орналасқан конструкциялық элементтерді қамтымайды. Бұл жұмыс ИВГ.1М реакторының есептік моделін кеңейтуге және қосымша сәулелену орындарында нейтрондық-физикалық сипаттамаларды бағалауға арналған.

124-132 197
Аңдатпа

Зерттеуде ҚР ҰЯО АЭИ филиалының Сутегі және плазмалық технологиялар зертханасында әзірленген ПМ-6 қондырғысында плазмохимиялық газфазалық тұндыру (PECVD) әдісімен көміртекті жабындардың түзілу процесі қарастырылды. ПМ-6 қондырғысында алғаш рет көміртекті жабындарды алу мүмкіндігі іске асырылды. СВЧ-разряд қуаты, газ қоспасының құрамы және кремний астар температурасы сияқты технологиялық параметрлердің алынатын жабындардың морфологиясына, фазалық құрамына және физика-механикалық қасиеттеріне әсері зерттелді. Жабындардың морфологиясы мен элементтік құрамы сканерлеуші электрондық микроскопия (SEM) және энергия-дисперсиялық талдау (EDS) әдістерімен зерделенді; фазалық құрам рентгенфазалық талдау (XRD) арқылы анықталды, ал қаттылық Виккерс әдісімен өлшенді.

Плазмалық разряд қуатын 1,1 кВт-қа дейін арттыру және кремний астарының температурасын жоғарылату жабындағы көміртек үлесінің (87,66±5,6 ат.% дейін) өсуіне және тұндырылудың біркелкілігін жақсартуға ықпал ететіні анықталды. Рентгенфазалық талдау басым түрде графитке ұқсас құрылымы бар жұқа көміртек қабаттарының түзілуін көрсетті. Жабын алынғаннан кейін бет қаттылығы 1137 HV мәніне жетіп, бастапқы кремний астарының қаттылығынан (416 HV) екі есе жоғары болды. Алынған нәтижелер плазмохимиялық тұндыру параметрлерін оңтайландыру арқылы көміртекті жабындарды басқарылатын түрде синтездеу мүмкіндігін растайды.

133-140 215
Аңдатпа

Қатты радиоактивті қалдықтарды иммобилизациялау үшін қажетті цемент матрицаларының зертханалық үлгілерін дайындау, көп еңбекті қажет ететін процесс. Стандартты зертханалық үлгі қабырғасы 100 мм, беттері анық және ГОСТ Р 71913-2024 талаптарына сәйкес келетін текше түрінде орындалуы тиіс. Тиісінше, цемент негізіндегі ерітінділерді құю үшін арнайы нысандар қажет. Бұл жұмыста аддитивті технологиялардың мүмкіндіктері, атап айтқанда, осындай нысандарды жасау үшін қабатты қалыптау әдісі (пластикпен 3D басу) көрсетілген. Үш өлшемді модельдеу бағдарламасында форма конструкциясы әзірленіп, оңтайландырылды, сондай-ақ тұтас және алмалы-салмалы форманың прототиптері дайындалды, олардың көмегімен цемент матрицаларының тестілік үлгілері алынды. Прототиптер неғұрлым кең таралған және кеңінен пайдаланылатын пластикті – полилактидті (PLA) қолдана отырып, Bambu Lab фирмасының қазіргі заманғы 3D принтерінде «басылған». Зерттеу нәтижелері бойынша пайдалану талап етілетін өлшем мен нысандағы цемент матрицасының үлгісін алуға мүмкіндік беретін көп рет қолданылатын алмалы-салмалы нысандағы конструкция сынақтан өткізілді.

141-150 198
Аңдатпа

Мақалада термиялық күйдіру кезінде керамика құрамындағы компоненттердің арақатынасының өзгеруімен байланысты композиттік (1-x)ZrO2–xSiC керамикасындағы реактивті фазалық түрленулерді бағалау нәтижелері ұсынылған. Талдау рентгендік фазалық талдау, Раман спектроскопиясы және оптикалық спектроскопия әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттелген композиттік (1-x)ZrO2–xSiC керамика үлгілерінің рентгендік фазалық талдау нәтижелері бойынша керамика құрамындағы SiC үлесінің 5,0-ке дейін артуы m-ZrO2 → SiO2+ZrO2 → t-ZrSiO4 тәрізді реакция фазалық түрленулерінің инициализациясына әкелетіні, нәтижесінде цирконның тетрагональды фазасы түзілетіні анықталды. Циркон фазасының түзілуі кремний карбидінің термиялық тотығуы нәтижесінде жүретіні анықталды, бұл кремний оксидінің түзілуіне және керамика құрамындағы оттегі бос орындарының концентрациясының артуына әкеледі. 5,0 М SiC концентрациясында керамиканың фазалық құрамы циркон ZrSiO4 фазаларының қоспасы мен құрамында кремний оксиді SiO2 аз мөлшерде қоспасы бар алтыбұрышты SiC фазасымен ұсынылатыны анықталды. Зерттелген керамиканың оптикалық өткізгіштік спектрлерін талдау ZrSiO4 түзілуі оттегі бос орындарының көбеюімен, сондай-ақ негізгі жұтылу шетінің ығысуымен қатар жүретінін көрсетті.

151-159 352
Аңдатпа

Аммиак – өнеркәсіптік қызмет, ауыл шаруашылығы және қалдықтарды өңдеу қондырғылары жиі бөлінетін зиянды ауа ластаушы зат, бұл адам денсаулығы мен қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан сезімтал, селективті және ұзақ мерзімді аммиак сенсорларын әзірлеу ауа сапасын дәл бақылау үшін өте маңызды. Холин хлориді-глицерин негізіндегі терең эвтектикалық еріткіштер (DES) күшті сутектік байланыс қабілетіне, реттелетін физика-химиялық ерекшеліктеріне және қоршаған ортаға зиянсыздығына байланысты тартымды сенсорлық орта ретінде ұсынылады. Аммиак пен холин хлориді-глицерин DES арасындағы атомдық өзара әрекеттесуді зерттеу үшін DFT есептеулері қолданылды. Ең тұрақты DES-аммиак кешендерін анықтау үшін геометриялық оңтайландырулар жүргізілді, содан кейін кең көлемді электрондық құрылымдық зерттеулер жүргізілді. Зарядты қайта бөлу молекулалық электростатикалық потенциал (MEP) карталарын пайдаланып көрнекі түрде көрсетілді, олар сонымен қатар аммиак адсорбциясы үшін басымдықты өзара әрекеттесу орындарын анықтады. Малликен зарядын талдау кешеннің түзілуі кезінде зарядтың берілу жолдары туралы сандық ақпарат берді, ал шекаралық молекулалық орбиталық (HOMO-LUMO) зерттеу сенсорлық өнімділікке қатысты электрондық сипаттамалардың өзгерістерін көрсетті. Зерттеу нәтижелері аммиак пен DES компоненттері арасындағы күшті және бағытталған өзара әрекеттесуді көрсетеді, олар негізінен сутектік байланыс және электростатикалық күштермен реттеледі, бұл аммиак қосылған кезде электрондық құрылымның айтарлықтай өзгерістеріне әкеледі. Бұл нәтижелер холин хлориді-глицерин DES-терінің аммиак сенсорлары үшін белсенді материалдар ретінде жарамдылығын көрсетеді. Болашақ зерттеулер атомдық жаңалықтарды практикалық сенсорлық әзірлемелермен байланыстыру үшін динамикалық модельдеуге, температураға әсер етуге және эксперименттік валидацияға бағытталады.

160-168 178
Аңдатпа

Мақалада жатыр мойнының жергілікті таралған қатерлі ісігі бар 20 пациентке жүргізілген жоғары дозалы брахитерапияны жоспарлаудың екі өлшемді (2D) және үш өлшемді (3D) тәсілдері арасындағы айырмашылықтарға ретроспективті физика-дозиметриялық талдау ұсынылған. Зерттеу 2023–2025 жылдары Абай облысының Ядролық нмедицина және онкология орталығының базасында жүргізіліп, GammaMed Plus iX жүйесі мен BrachyVision бағдарламалық кешенін қолдана отырып орындалған әрқайсысы 10 жоспардан тұратын екі тәуелсіз когортаны қамтыды. Әдістеменің негізгі ерекшелігі КТ-топометрия үшін арнайы провайдер-столды қолдану болды, ол индексирленген позициялау технологиясын қамтамасыз етіп, 3D-жоспарлауға дайындық кезінде геометриялық қателіктерді болдырмауға мүмкіндік берді. Зерттеудің мақсаты 3D-жоспарлауға көшу кезінде клиникалық мақсатты көлемнің дозалық қамтылуындағы және тәуекелді ағзаларға түсетін дозалық жүктемелердегі айырмашылықтарды сандық бағалау болды. Әдістемелік салыстырмалылықты қамтамасыз ету мақсатында GEC-ESTRO ұсынымдары мен ICRU Report 89 талаптарына сәйкес 2D-топтағы 10 жоспар үшін архивтік КТ кескіндерінде жоғары қауіп төндіретін клиникалық мақсатты көлем (HR-CTV) мен тәуекелді ағзалар (OAR) ретроспективті түрде контурланып, көлемдік дозиметриялық параметрлер қайта есептелді. Талдаудың негізгі көрсеткіштері HR-CTV D90 және OAR D2cc (қуық, тік ішек және сигма тәрізді ішек үшін) болды. Тәуелсіз таңдамаларға жүргізілген статистикалық талдау прецизиялық мишеньді фиксациямен қамтамасыз етілген 3D- жоспарлау HR-CTV D90 вариабельділігінің төмендеуімен, дозалық таралымның конформдылығының артуымен және тәуекелді ағзалардағы көлемдік дозалық жүктемелерді дәл бағалау мүмкіндігімен байланысты екенін көрсетті. Алынған нәтижелер халықаралық ұсынымдарға сәйкес келеді және Қазақстанның онкологиялық практикасында брахитерапияның дәлдігін, сапасын және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үш өлшемді жоспарлаудың артықшылықтарын айқындайды.

169-176 201
Аңдатпа

Бұл зерттеу сол жақ сүт безі обырының адъювантты сәулелік терапиясында кардиопротекция әдісі ретінде қолданылатын терең дем алуды ұстап тұру (Deep Inspiration Breath Hold, DIBH) техникасының тиімділігін дозиметриялық тұрғыдан бағалауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – жоспарланған мақсатты көлемнің (PTV) жеткілікті жабылуын қамтамасыз ете отырып, жүрекке түсетін сәулелік жүктеменің дозиметриялық параметрлерін DIBH режимінде дәстүрлі еркін тыныс алу (Free Breathing, FB) режимімен салыстыру. Осы мақсатқа сәйкес 10 пациентке арналған үш өлшемді конформды сәулелік терапия (3D-CRT) жоспарларына ретроспективті дозиметриялық талдау жүргізілді. Талдауда PTV, өкпе, жүрек, өңеш, жұлын және контрлате- ральды сүт безі үшін негізгі дозалық көрсеткіштер салыстырылды. Нәтижелер PTV жабылуы мен өкпе паренхимасын қорғаудағы (V20 Гр) дозиметриялық эквиваленттілікке қарамастан, DIBH техникасының жүрек құрылымдарын қорғауда айқын артықшылық беретінін көрсетті. DIBH режимінде жүректің орташа дозасы (Dmean) 50%-дан астам төмендеді – 33,16 ± 3,79 Гр–ден 15,49 ± 4,50 Гр–ге дейін (p  0,001). Ең маңызды төмендеу сол жақ алдыңғы төмендейтін артерия (LAD) үшін тіркелді. Бұл қорғаныш әсер терең дем алу кезінде жүректің каудальды бағытта физиологиялық жылжуына байланысты, нәтижесінде жүрек сәулелену өрісінен алшақтайды. Осылайша, DIBH техникасы онкологиялық ем тиімділігін төмендетпей, ұзақ мерзімді кардиоваскулярлық қауіптерді (әсіресе LAD аймағында) айтарлықтай азайта отырып, жоғары деңгейлі кардиопротекцияны қамтамасыз етеді және оны өңірлік клиникалық хаттамаларға енгізудің қажеттілігін дәлелдейді.

177-186 183
Аңдатпа

Зерттеу Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығының (Семей қ.) базасында жүргізілді және бас пен мойын ісіктері бар науқастарда сәулелік терапияны дозалық жоспарлау параметрлерін сандық бағалау мен оңтайландыруға арналған. Ретроспективті талдауға 2024 жылы ем қабылдаған жеті науқас (N = 7) енгізілді, олар үшін Eclipse жоспарлау жүйесінде TrueBeam сызықтық үдеткішінде сәулелік терапияның сәуле қарқындылығы модуляцияланған әдісі (Intensity-Modulated Radiation Therapy, IMRT) және көлемдік- модуляцияланған доғалық сәулелік терапия (Volumetric Modulated Arc Therapy, VMAT) қолданылып жоспарлар жасалды. Зерттеудің мақсаты негізгі дозиметриялық метрикаларды және дозаны жеткізудің логистикалық тиімділігін талдау арқылы жоспарлардың сапасын салыстырмалы физика-дозиметриялық бағалау болды. Жүргізілген талдау екі әдіс үшін де жоспарланған мақсатты көлемнің (PTV) жабылу деңгейі ұқсас екенін, алайда қауіпті ағзаларға түсетін дозалық жүктеменің таралуында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар бар екенін көрсетті. VMAT қолдану кезінде құлақмаңы сілекей бездеріне түсетін орташа доза IMRT-мен салыстырғанда 4,65 Гр-ге төмендеді (19,60±7,97 Гр және 24,26±3,75 Гр), бұл 25 Гр шекті деңгейінен төмен мәндерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, олардың функционалдық белсенділігін сақтауға ықпал етті. Жұлынға түсетін орташа доза да VMAT кезінде төмен болды (37,96±4,16 Гр және 41,37±1,94 Гр), бұл емдеудің радиациялық қауіпсіздігін арттырды. Логистикалық талдау нәтижелері VMAT-тың артықшылығын көрсетті: мониторлық бірліктер саны мен дозаны жеткізу уақыты IMRT-мен салыстырғанда 60%-дан астам қысқарды, бұл қауіпті ағзаларға сәулелік жүктемені төмендетуге ықпал етеді және аталған әдісті клиникалық практикада қолданудың орындылығын дәлелдейді.

187-197 185
Аңдатпа

Мақала әртүрлі ұзақтықтағы (0,5 сағат, 1 сағат, 2 сағат) және 450, 650 және 850 ℃ температуралардағы провокациялық жасыту нәтижесінде 12Х18Н9 аустениттік тот баспайтын болаттың коррозиялық қасиеттерінің өзгеруін зерттеуге арналған. Гравиметриялық әдісті қолдана отырып, темір (III) хлоридінің FeCl3·6H2O кристалдық гидратының 5% ерітіндісіндегі термиялық өңделген болаттың питингті коррозияға бейімділігі және CuSO4·5H2O әдісімен күкірт қышқылы мен мыс сульфатының қайнап жатқан сулы ерітіндісіндегі кристалл аралық коррозияға бейімділігі зерттелді. Агрессивті ерітінділердегі болат үлгілерінің коррозиялық әрекеті провокациялық жасыту нәтижесінде қалыптасатын болаттың сенсибилизация дәрежесіне тәуелді екені көрсетілді. 450 ℃ және 650 ℃ температураларда босатылған болат үшін питтингтік коррозия кинетикасындағы және кристалл аралық коррозияға (КАҚ) бейімділіктегі айырмашылықтар түйіршік шекараларында түзілетін бөліністердің сипатына байланысты. 650 ℃ температурада Cr23C6 карбидтерінің квазитұтас торы қалыптасып, хромға кедей көлемді аймақтардың түзілуіне әкеледі. Бұл түйіршік шекаралары бойымен коррозияның бағытталған дамуын жеңілдетіп, питтингтік коррозияның жеделдеуіне және КАҚ бейімділіктің артуына ықпал етеді. 450 ℃ температурада босатудан кейін карбидтік бөліністер мен хромға кедей аймақтар әлсіздеу байқалады, бұл кристаллааралық ерудің дамуын шектеп, КАҚ төзімділікті қамтамасыз етеді. 850 ℃ температурада босатылған үлгілер үшін питтингтік коррозия жылдамдығының төмен болуы және КАҚ-қа бейімділік тән, бұл түйіршік шекараларының қалдық электрохимиялық әртектілігімен және дискретті карбидтік бөліністердің болуымен түсіндірілуі мүмкін.

198-206 200
Аңдатпа

Зерттеу Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының базасында жүргізілді және жергілікті-кең таралған жатыр мойны обыры кезінде қашықтықтан сәулелік терапияны жоспарлау параметрлерінің салыстырмалы дозиметриялық талдауына арналған. Үш өлшемді конформды сәулелік терапия (3D-CRT), қарқындылығы модуляцияланған сәулелік терапия (IMRT) және көлемдік модуляцияланған доғалық терапия (VMAT) әдістері дозалық таралулардың сапасы мен қауіп-қатерлі мүшелерге түсетін дозалық жүктеме тұрғысынан салыстырылды. Жоспарлау күнделікті IGRT/CBCT негізіндегі пациентті орналастыруды верификациялау арқылы TrueBeam сызықтық үдеткішін қолдана отырып, 25 пациентке жүргізілді. Жоспарлардың сапасы дозалық-көлемдік гистограммалар негізінде PTV үшін D95%, конформдылық индексі (CI) және гомогендік индексі (HI), сондай-ақ қауіп-қатерлі мүшелер үшін абсолютті дозалық параметрлер (Dmean, Dmax) арқылы RTOG және QUANTEC хаттамаларының ұсыныстарымен салыстыра отырып бағаланды. Талдау нәтижелері VMAT әдісінің ең үздік дозиметриялық көрсеткіштерге ие екенін көрсетті: конформдылық индексі CI = 1,03±0,02 және гомогендік индексі HI = 0,09±0,02, бұл IMRT және 3D-CRT әдістерімен салыстырғанда PTV-ны біркелкі әрі дәл қамтуды қамтамасыз етеді. Негізгі нәтижелердің бірі – жамбас аймағындағы қауіп-қатерлі мүшелерге түсетін дозалық жүктеменің айтарлықтай төмендеуі: VMAT қолданылғанда жиынтық доза 3D-CRT әдісімен салыстырғанда орта есеппен 25–30% азайды, ал тік ішекке түсетін орташа доза (Dmean) 33,0 Гр дейін төмендеді. Сонымен қатар, VMAT әдісі сәулелендіру сеансының орташа уақытын 5–7 минутқа дейін қысқартып, ішкі фракциялық ығысулар қаупін азайтты. Алынған нәтижелер VMAT әдісінің дозиметриялық артықшылықтарын растайды және оны өңірлік онкологиялық орталық жағдайында қолданудың орындылығын негіздейді.

207-217 188
Аңдатпа

12X18Н10T және 08X18Н9 тот баспайтын болаттардың термиялық өңдеуден, илектеуден және жабынды бүркуден кейінгі құрылымдық-фазалық күйінің ерекшеліктері және беттік қасиеттерінің өзгеруі зерттелді. Алюминийді бүрку және 700 ℃ температураға дейін баяу (250 ℃/сағ) қыздырып, сол температурада 1 сағат күйдіруді қамтитын өңдеу әдісін қолдану 12X18Н10T болат бетінің микроқаттылығын және тозуға төзімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай өңдеуден кейін болаттың микроқаттылығы мен тозуға төзімділігінің айтарлықтай артуы қыры орталықтандырылған кубты торға ие, жаңа, реттелген Fe3Al фазаның түзілуімен түсіндіріледі.

218-227 182
Аңдатпа

Мақалада БН-350 реакторлық қондырғының пайдаланылған ядролық отынын (ПЯО) «silo» үлгісіндегі мамандандырылған шахталық сақтау орнында ұзақ уақыт сақтау технологиясының ғылыми-техникалық негіздемесі ұсынылған. Негізгі тұжырымдамалық шешімдер, сондай-ақ шахталық сақтау орнының ядролық және коррозиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік шешімдер кешені келтірілген. ПЯО сақтау қауіпсіздігінің негіздемесіне есептеулер жүргізілді. Шахталық сақтау орны ұяшығының жылулық есебі мәжбүрлі салқындатуды пайдаланбағанның өзінде отын мен конструкциялық элементтердің ең жоғары температурасы белгіленген шектен аспайтынын көрсетті. Шахталық сақтау орнының құрылысы бойынша қабылданған көлемдік-жоспарлау шешімдері штаттық емес жағдайларды қоса алғанда, барлық қаралған жағдайларда жүйенің сындарлылығын қамтамасыз етеді. Ұсынылған жұмыстың нәтижелері БН-350 реакторлық қондырғының ПЯО-мен жұмыс істеудің одан арғы нұсқаларын қарау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

228-235 185
Аңдатпа

Мақалада 1973-1999 жылдар аралығында пайдаланылған БН-350 реактор қондырғысының пайдаланылған ядролық отынымен (ПЯО) одан әрі жұмыс істеу нұсқаларына талдау жасалды. Қалыптасқан әлемдік тәжірибе, халықаралық ұйымдардың ұсынымдары мен ұлттық заңнама талаптары, сондай-ақ бүгінгі күні қолжетімді технологиялар негізінде ұзақ уақыт сақтауды, қайта өңдеуді және тікелей көмуді қоса алып, БН-350 реактор қондырғысының ПЯО-мен жұмыс істеудің ықтимал сценарийі қаралды. Мақала ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ПЯО-мен жұмыс істеудің әрі қарайғы стратегиясын әзірлеу үшін ұсынымдар қалыптастыруға бағытталған.

ТҮЗЕТУ



ISSN 1729-7516 (Print)
ISSN 1729-7885 (Online)